
- •1.Басқарудың қажеттілігі.
- •2. Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы
- •4. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі. (1856- 1920).
- •5.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдамалары (1920-1950).
- •6. Адамдық қатынастар мектебі мен мінез құлық мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі(1930-1950)
- •7. Сандық тәсілдің басқару ғылымына қосқан үлесі
- •8. Ұйымның ішкі ортасының факторлары
- •9.Ұйымға тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
- •10.Ұйымға әсер ететін жанама әсер ететін орта факторларын атаңыз
- •11. Ұйымдағы коммуникация процесінің мәні
- •12. Мотивацияның мазмұндылық және процессуалдық теорияларының айырмашылығы
- •13. Делегирлеу,өкілеттілік,жауапкершілік түсініктері
- •14. Еңбек бөлінісі мен құрылымының байланысы
- •15. Ұйымның мақсаты мен миссиясы
- •16.Мотивацияның күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы
- •17.Портер Лоулердің 5көрсеткіштерінің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сый-ақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •18.Ішкі сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •19.Мослоудың мотивациялық теориясының Мак Клелланд пен Герцбергтың теорияларымен салыстырыңыз.
- •20.Бақылау үрдісінің кезеңдері
- •21.Ресми және бейресми ұйымдар
- •22.Ресми ұйым-командалық және жұмыс топтары комитеттер
- •23.Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24.Лидерлік билік ықпал ету
- •25.Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы
- •26.Мак Грегордың х у теориясы бойынша басшылардың айырмашылығы
- •27.Лайкерттің 4 лидерлік стилі
- •28.Ұйымдағы келіспеушіліктер
- •29.Келіспеушіліктердің пайда болу себептері
- •30.Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары
- •31. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті:ұйымдағы адами ресуртарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •32. Жаһанданып келе жатқан іскерлік ортада сіз кластағы және кластан тыс студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •33. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементтері ретінде жиі қарастырылады.Осымен келісесізбе?
- •34. Білікті кадрларды дайындауға білім сапасын көтеруге сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала , ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •35. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз.Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •39. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •41. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасатыңыз (swot-талдау). Қалай ойлайсыз университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •42. Сізге танымал стрестік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай? Сіздің ойыңызша көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әржағдайда бірдей құнды ма?
- •43. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді?
- •44. Студенттік көшбасшылар өз жұмыс тиімділігін арттыру үшін толық билікке иелену қажет пе, әлде өзінің өкілеттіліктердің бір бөлігін басқа студенттерге делегирлеу қажет пе?
- •1.Басқарудың қажеттілігі
8. Ұйымның ішкі ортасының факторлары
Ұйым-бір мақсатқа жету үшін біріккен адамдар тобы. Ұйымның екі түрі бар:формалды ж/е формалды емес. Әрбір ұйым формалды ұйым болып табылады,ал формалды емес кез кеелген формалды ұйымның ішінде болады.Ұйымның негізгі сипаттамалары:
-ресурстар.Ұйымның нәтижеге жетуі үшін әр түрлі ресурстар қажет.Оның ішіндегі негізгісі-адами ресурстар.
-сыртқы ортаға тәуелділігі.Яғни экономикалық жағдай,тұтынушылар,экологиялық жағдай,заңдар,бәсекелес ұйымдар,т.б.
-көлденең еңбек бөлінісі.Белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметкерлер арасындағы еңбек бөлінісі.
-бөлімшелер.Нақты бір тапсырма,міндеттер б/ша жұмыс жасайды.
-тікелей еңбек бөлінісі.
-басқарудың қажеттігі.
Ұйымның ішкі ортасы құрылым, ішкі ұйымдық процестер, технология, адамдар, ұйым мәдениеті сияқты бөліктерден тұрады.
Мақсаттар. Ұйым көп мақсатты жүйе ретінде қарастырылады. Басты мақсаттар төменгі деңгейдегі мақсаттарын нақтылау үшін негізін салады. Ал бұл деңгейлердегі мақсаттар бойынша ұйым дәлірек құрылымданады. Бұл жерде бір ұйым ішіндегі бөлімшелер мақсаттары арасында үлкен айырмашылықтар болуы мүмкін. Басшылардың күш жігерін осы айырмащылықтарды ескеріп, мақсаттарды бір бірімен үйлестіруге жұмсалуы қажет.
Құрылым. Әр ұйым алдында басқару құрылымын қалыптастыру және дамыту міндеті тұрады; бұл жұмыстың барысында барлық элементтердің күш салуын бір мақсатқа жетуге жұмылдырады, ол үшін әр түрлі қызметтерді бір бірімен байланыстыру қажет.Тапсырмалар. Тапсырмалар алдын- ала белгіленген мерзімде және алдын- ала бекітілген тәсілмен орындалуға тиіс жұмыс немесе жұмыс бөлігі. Тапсырма қызмет орынға жүктеледі, ал олар ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз етеді.Ұйым тапсырмаларын үш категорияға бөлуге болады: адамдармен, заттармен және информациямен байланысты жұмыстар. Технология.Әдетте, тар мағынада технологияны сипаттағанда машиналар, зерттеулер жетістіктерімен байланыстырады. Кең мағынада, технология дегеніміз біліктілікті, құрал –жабдықтармен сайман және тиісті техникалық білімдер көмегімен шикізат, материалдарды өңдеп шығыста сұраулы өнімге айналдыратын әдіс деп анықтама беруге болады. Осыған дейінгі технология энергияны өзгертуші, жұмыс істеуші адамның қолы мен бұлшық ет қызметінің жалғасы болып, оның құралы мен көмекшісі болып саналды, ал бүгінгі информациялық технология адам миының қызметін жалғастырушысы бола отырып, оның партнері немесе тіпті жетекшісі болып табылады. Сондықтан бүгінгі информациялық технология басқару технологиясы болып саналады.
Адамдар.Өндірістік ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру-ең алдымен, ұйым алдындағы мақсаттарға жетуге қажетті өндірістік және басқарушы операцияларды орындайтын адамдардың қатынастары мен өзара байланыстарны орнату. Басқаруға байланысты адамдық айнымалылардың үш негізгі аспектісі бар: жеке адамдардың жүріс- тұрысы, топтағы адамдардың жүріс-тұрысы,басқарышының жүріс-тұрысы, менеджерлердің болуы және олардың топ мүшелеріне ықпалы.
9.Ұйымға тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететіннің бәрі жатады. Ұйымға әсер ететін факторларды екі топқа бөлуге болады: тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.
Тура әсер ету факторларға жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекешілер, заң және мемлекеттік пен қоғамдық органдар жатады.
Жанама әсер ету факторларына саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады.
Жабдықтаушылар. Өндіріс ұйымы үшін кірістер ретінде материалдық техникалық пен энергетикалық ресурстар, капитал және жұмыс күшін алуға болады. Түрлі ресурстарды жабдықтау жүйесінде олардың өзара байланысы мен басқа да сипаттарын ескеру қажет.
Ұйым табысы үшін тек материалдар жабдықтары емес, сонымен қатар капитал да маңызды. Потенциалды инвесторлар қатарына банктер, бюджет қорлары, акционерлер, жеке тұлғалар және т.б. жатады.
Тұтынушылар. Ұйымның «өмір сүруі», табысы өз қызметі мен өнімдеріне тұтынушыларды табу қабілеттілігіне байланысты. Тұтынушылар белгілі бір баға бойынша берілген тауарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, ұйымның іс әрекетінің табыстылығын анықтайды.
Бәсекелестер. Ұйым басшысы өнім нарығындағы өзгерістерге қарай қимылдауы керек. Бәсекелестер нарыққа өнімдердің жаңа түрлерін алып шығады, өз жарнамаларын күшейте түседі, өз өнімдері бағаларын төмендетіп немесе клиенттерге қызмет көрсету көлемін кеңейтеді. Қай жағдайда болмасын, егер басшы пайдасын немесе нарықтағы үлесін төмендеткісі келмесе, әр өзгеріске өз жағынан әрекет жасауы қажет. Көптеген жағдайда ұйым табысы оның өнімдерінің бәсекелестер өнімдерімен салыстырғанда қаншалықты тұтыну сапасы және бағасы ұтымды болатындығына байланысты. Бүгінгі күнде өнім бағасына байланысты бәсеке оның сапалық бәсекесімен ауыстырылып отыр.
Заң және мемлекет органдары. Ұйым қызметі түрлі заңдармен реттеледі. Бұл заңдар оның мемлекет мекемелерімен, жалданушы жұмыскерлермен арақатынасын, салық төлеу тәртібін және т.б. мәселелелерді анықтайды. Ұйымның құқықтық статусының өзі оның іс әрекет шегі мен төленетін салықтар түрін белгілейді. Ұйымдар тек республикалық заңдар мен жергілікті маслихат шешімдерін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік реттеудің түрлі органдарының талаптарын орындауы қажет, мысалыға қоршаған ортаны қорғау, тұтыну тауарлар сапасы, еңбекті сақтау бойынша талаптар және т.б.