Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zha_1187_a_shpor_menedzh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
119.25 Кб
Скачать

42. Сізге танымал стрестік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай? Сіздің ойыңызша көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әржағдайда бірдей құнды ма?

Адам ақша қуудың соңында жүріп, өзіне, денсаулығы, отбасы, достарына уақыт бөлмейтін болады. Міне, сонда кәсіби стресс туындайды. Егер де адам бұл стресстің кері салдарын жеңе алмаса, онда стресс адамды ішкі жағынан бүлдіре бастайды, бұл ауруға тіпті кейде өлімге де жеткізуі мүмкін. Сондықтан да, біздің уақытта стрессті қалай бастан кешіруге болады, оның кері әсеріне шалынбауға үйрену қажет.

Стресстің жағымсыз ықпалын жеңу үшін, алдымен стрестің не екенін білу керек, стресстің түрлерін, біздің стресске реакциямызды, кәсіби стресстің не екенін, оның қайнар көздері, онымен күресу жолдарын білу керек.

Көшбасшыға қажетті қасиеттер: жеке басының бағалы қасиеттері: 1) білімділік 2) өзіне сенімділік 3) ойлау қабілеті 4) адамдарды басқару қабілеті 5) батылдылық 6) көріктілік және өзін меңгере білу; жеке өзінің айқын жоспарлары; жеке басын үнемі жетілдіріп отыру; проблемаларды шешуге дағдылану; өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік; маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет; қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу; басшылық ету қабілетін игеру; қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу қасиеттері.

43. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді?

Көшбасшылық – бұл жеке адамдар мен топқа, олардың күш жігерін ұйымның дамуына жіберу арқылы, ықпал ете алу мү+мкіндігі. Көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық нмесе жабық келісіммен атқарады; топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт-бағдарламалар жүйесі көшбасшының қолдауымен жүзеге асырылады; топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті роль атқарады. Топ көшбасшысының роліндегі адамның жеке басында біршама сапалық ерекшеліктер, атап айтқанда, инициативалығы мен белсенділігі бірщама жоғары, ұйымдастыру қызметінде тәжірибесі мен дағдысы бар, топ ісіне мүдделі адамдарға үйір, әрі өзінің мінез-құлқымен үлгі өнеге көрсете білетін, топта едәуір беделді болуы тиіс.

Билік – басқалардың мінез– құлқына әсер ету мүмкіндігі. Басқаруда билік болмаса, ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.Биліктің бес негізгі түрі бар:1)Мәжбүр етуге негізделген билік: орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастау мүмкін деп ойлайды. Бұл стильдің кемшілігі сол, бағыныштылар тарапынан болатын инициатива өрістемейді, тек басшы пікірі ғана үстемдік ететіндіктен маңызды факторлардың барлығы бірдей ескерілмеуі мүмкін. Соның салдарынан наразылық тууы ықтимал.

2) Марапаттауға негізделген билік: орындаушы ықпал етушіден өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді, одан жақсылық күтеді; 3) Сараптау билігі: орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін білімі бар деп сенеді; 4) Эталондық билік ( үлгі билігі): орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұксағысы келеді; 5) Заңды билік: орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді.Орындаушы бағынған кезде ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады. Сондықтан заңды билікті көбінесе дәстүрлі билік деп те атайды.

Менің ойымша, көшбасшы мәжбүрлеу билігін қолданбау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]