
- •1.Басқарудың қажеттілігі.
- •2. Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы
- •4. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі. (1856- 1920).
- •5.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдамалары (1920-1950).
- •6. Адамдық қатынастар мектебі мен мінез құлық мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі(1930-1950)
- •7. Сандық тәсілдің басқару ғылымына қосқан үлесі
- •8. Ұйымның ішкі ортасының факторлары
- •9.Ұйымға тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
- •10.Ұйымға әсер ететін жанама әсер ететін орта факторларын атаңыз
- •11. Ұйымдағы коммуникация процесінің мәні
- •12. Мотивацияның мазмұндылық және процессуалдық теорияларының айырмашылығы
- •13. Делегирлеу,өкілеттілік,жауапкершілік түсініктері
- •14. Еңбек бөлінісі мен құрылымының байланысы
- •15. Ұйымның мақсаты мен миссиясы
- •16.Мотивацияның күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы
- •17.Портер Лоулердің 5көрсеткіштерінің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сый-ақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •18.Ішкі сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •19.Мослоудың мотивациялық теориясының Мак Клелланд пен Герцбергтың теорияларымен салыстырыңыз.
- •20.Бақылау үрдісінің кезеңдері
- •21.Ресми және бейресми ұйымдар
- •22.Ресми ұйым-командалық және жұмыс топтары комитеттер
- •23.Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24.Лидерлік билік ықпал ету
- •25.Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы
- •26.Мак Грегордың х у теориясы бойынша басшылардың айырмашылығы
- •27.Лайкерттің 4 лидерлік стилі
- •28.Ұйымдағы келіспеушіліктер
- •29.Келіспеушіліктердің пайда болу себептері
- •30.Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары
- •31. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті:ұйымдағы адами ресуртарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •32. Жаһанданып келе жатқан іскерлік ортада сіз кластағы және кластан тыс студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •33. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементтері ретінде жиі қарастырылады.Осымен келісесізбе?
- •34. Білікті кадрларды дайындауға білім сапасын көтеруге сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала , ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •35. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз.Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •39. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •41. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасатыңыз (swot-талдау). Қалай ойлайсыз университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •42. Сізге танымал стрестік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай? Сіздің ойыңызша көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әржағдайда бірдей құнды ма?
- •43. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді?
- •44. Студенттік көшбасшылар өз жұмыс тиімділігін арттыру үшін толық билікке иелену қажет пе, әлде өзінің өкілеттіліктердің бір бөлігін басқа студенттерге делегирлеу қажет пе?
- •1.Басқарудың қажеттілігі
39. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
Өсу стратегиясы. Өсу стратегиясы жыл сайынғы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттардың деңгейін өткен жылдағы көрсеткіштердің деңгейінен елеулі асыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл стратегия жиі таңдап алынатын екінші балама болып табылады. Ол технологиясын жылдам өзгертіп отыратын динамикалы дамитын салаларда қолданылады.. Өсу ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі өсу тауар ассортиметі көлемі өсуін білдірсе, сыртқы өсу байланысты салаларда вертикальді және горизонталды өсу формаларында болады. Өсу конгломератқа әкелуі мүмкін. Күні бүгін альянстық бірлестіктер, жұту сияқты бірігулер көптеп кездесуде. Басшылар қолда бар стратегиялық альтернативаларды қарастырғаннан соң, нақты стратегияны таңдауды қарастырады. Соңғы шешім бүкіл ұйымға терең әсер етеді.
40. Мысалы, сіз шығындарды азайтуға бағытталған жаңа стратегияны жүзеге асыруға тағайындалған орта деңгейдегі менеджерсіз. Бірақ сізге бағыныштылар сенімсіздікпен, қарсылықпен, ал кейде жаугершілікпен қарайды. Осы жағдайды сіз немесе сіздің компанияңыз қандай жолмен түзетер едіңіз? Сіз қандай бағытта жұмыс бастар едіңіз?
Сенімсіздік және қарсылық қарайтын болса онда оның билігі әлсіз болар еді. Ол үшін алдымен басқару стилін өзгертер едім.Бізге белгілі басқарудың тиімді стилі демократтық стильді ұстану қажет.Бұл стилде мәселен көпшілігі ұжымдар талқыланып сонда шешіледі. Бұйрықта осындай талқылаудан кейін беріледі. Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атынан хабарлаған сын ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тырысады, ол ешқашан бағынышьыларға үстемдігін көрсетпейді, ол ұжымның басшысы емес, соның бір мүшесі ретінде әрекет етеді.Яғни осы стиль арқылы басшы мен бағынышты арасындағы коммуникация жақсарып, компания мақсатына жетуге алып барады.
41. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасатыңыз (swot-талдау). Қалай ойлайсыз университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
SWOT-ТАЛДАУ- ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-ға талдау жасау:
S (Strenght) - мықты жақтары (потенциалды-қолайлы ішкі факторлар)
- оқу үрдісінің негізгі саясатын анықтайтын және реттейтін ішкі нормативтік құжаттардың болуы;
- жастарды қызықтыратын заманауи мамандықтардың болуы;
-контингентті қалыптастырудың мақсатқа бағытталған саясатының жүргізілуі, университетте шетелдік студенттердің қабылданып, білім алуы;
- 1курсқа қабылданатынталапкерлер санының жыл сайын артуы;
- оқу қызметін ақпараттық және техникалық қамту жүйесінің енгізілуі;
- электрондық оқу құралдарының құрылуы;
- университеттің білім беру порталының болуы;
- оқу, әдістемелік, материалдық және қаржылық базаның болуы;
-компьютерлік техникамен және оқытудың өзге де техникалық құралдарымен жабдықталған арнайы аудиториялар бар;
- білім берудің жеке интернет порталы жұмыс жасайды, компьютерлік және желілік инфрақұрылым дамыған;
- 3 кредитті жүйе енгізілген
- университетте жан-жақты қоры бар заманауи кітапхана жұмыс істейді
-университетте студенттерді қолдау қызметі жүйесінің болуы: студенттер үшін әлеуметтік жағдайлардың жасалуы, шәкіртақы төлеу, әлеуметтік мұқтаж студенттер үшін жеңілдіктер,Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндіктері;
- білім алушылардың оқудан тыс қызмет түрлерін қаржылық қамтамасыз ету;
- салауатты өмір салтын жүргізуге мүмкіндік беретін, қазіргі талаптарға сай спорт базасының құрылуы;
-бос уақытты заман талабына сай өткізу, мәдени орталықтарының болуы
- тәрбие жұмысы концепциясының болуы;
- университеттің БАҚ болуы
-жұмыс берушілердің нақты талаптарына сай студенттер іскерлігінің практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- университеттің ғылыми инфрақұрылымын үнемі жетілдіру және ізденушілерге материалдық қолдау көрсету арқылы ПОҚ мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
- алыс және жақын шетелдік елдермен студенттер алмасу тәжірибесінің болуы
W(weakness) – әлсіз жақтары (потенциалды қолайсыз ішкі факторлар): - бітірушілерді жұмысқа орналастыру және мансап қызметінің болмауы; - жатақханадағы орын тапшылығы;
O(opportunity) – қолайлы мүмкіндіктер (потенциалды-жағымды сыртқы факторлар): -кадрлар даярлау бойынша мамандықтар тізімінің ұлғаюы; - жұмыс берушілердің нақты талаптарына сай студенттер іскерлігінің практикалық дағдыларын қалыптастыру; - білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізілуі; -заманауи білім технологияларына ұқсас, жаңа білім бағдарламаларының болуы; - аймақтағы жоғары білімге деген сұраныс; - білім алушыларды кәсіби дайындығын ұйымдастыру мәселелерін шешудегі университеттің Қамқорлық Кеңесі ролінің артуы – студенттердің кәсіби іс-тәжірибесін Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы мекемелерінде ұйымдастыру, бітірушілерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету;-материалдық-техникалық мүмкіндіктердің кеңеюі, мамандар даярлау үшін неғұрлым тиімді жағдайлардың жасалуы (жоғары оқу орнының ғылыми, әкімшілік, спорттық және мәдени инфрақұрылымы)
T(treat) – қауіп-қатерлер (потенциалды жағымсыз сыртқы факторлар): - ҚР-да жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стратегиясының түбегейлі өзгеруі; - ғылыми қызметке кері әсерін тигізетін дағдарыстық жағдайлар; - қызметкерлердің шығармашылығы мен ғылыми-зерттеу жұмысының қаржылық бағалану сәйкессіздігі; - мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың, оқу әдебиетінің, кітаптар кешенінің жеткіліксіздігі; - жұмыс нарығында ұқсас мамандықтар бойынша бәсекелестіктің күшеюі.