
- •1.Басқарудың қажеттілігі.
- •2. Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы
- •4. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі. (1856- 1920).
- •5.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдамалары (1920-1950).
- •6. Адамдық қатынастар мектебі мен мінез құлық мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі(1930-1950)
- •7. Сандық тәсілдің басқару ғылымына қосқан үлесі
- •8. Ұйымның ішкі ортасының факторлары
- •9.Ұйымға тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
- •10.Ұйымға әсер ететін жанама әсер ететін орта факторларын атаңыз
- •11. Ұйымдағы коммуникация процесінің мәні
- •12. Мотивацияның мазмұндылық және процессуалдық теорияларының айырмашылығы
- •13. Делегирлеу,өкілеттілік,жауапкершілік түсініктері
- •14. Еңбек бөлінісі мен құрылымының байланысы
- •15. Ұйымның мақсаты мен миссиясы
- •16.Мотивацияның күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы
- •17.Портер Лоулердің 5көрсеткіштерінің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сый-ақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •18.Ішкі сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •19.Мослоудың мотивациялық теориясының Мак Клелланд пен Герцбергтың теорияларымен салыстырыңыз.
- •20.Бақылау үрдісінің кезеңдері
- •21.Ресми және бейресми ұйымдар
- •22.Ресми ұйым-командалық және жұмыс топтары комитеттер
- •23.Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24.Лидерлік билік ықпал ету
- •25.Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы
- •26.Мак Грегордың х у теориясы бойынша басшылардың айырмашылығы
- •27.Лайкерттің 4 лидерлік стилі
- •28.Ұйымдағы келіспеушіліктер
- •29.Келіспеушіліктердің пайда болу себептері
- •30.Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары
- •31. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті:ұйымдағы адами ресуртарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •32. Жаһанданып келе жатқан іскерлік ортада сіз кластағы және кластан тыс студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •33. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементтері ретінде жиі қарастырылады.Осымен келісесізбе?
- •34. Білікті кадрларды дайындауға білім сапасын көтеруге сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала , ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •35. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз.Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •39. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •41. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасатыңыз (swot-талдау). Қалай ойлайсыз университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •42. Сізге танымал стрестік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай? Сіздің ойыңызша көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әржағдайда бірдей құнды ма?
- •43. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді?
- •44. Студенттік көшбасшылар өз жұмыс тиімділігін арттыру үшін толық билікке иелену қажет пе, әлде өзінің өкілеттіліктердің бір бөлігін басқа студенттерге делегирлеу қажет пе?
- •1.Басқарудың қажеттілігі
35. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз.Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
Миссия дегеніміз ұйымның жалпы мақсаты және сол ұйымның пайда болу себебін анықтайды және кәсіпорынның болашақта қандай болу керек екенін көру дегенді білдіреді. Миссия қоғамға бағытталғандықтан коммерциялық мақсатты көздемей әлеуметтік сипатта құрастырылады.
« Green» супермаркетінің миссиясы- сапалы өнімдермен халықты қамтамасыз ететін әлемдегі ең ірі супермаркеттердің бірі болып, мына мүмкіндіктеді жүзеге асыру:
Тұтынушыларға: тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
Акционерлерге: табыс табу үшін супермаркетті бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.
Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру.
Супермаркет «Сауынды сиыр» баспалдағында тұр. Бұл дегеніміз супермаркет тауарларын халық көп тұтынады, бірақ бәсекелестерге қз тауарларын қызықтыру қиынға түседі.
Егер менеджер ұйым миссиясын білмесе, олар стратегиялық баламаны дұрыс таңдай алмайды. Миссия ұйымның бүкіл сипаттамаларын дұрыс береді және әр түрлі ұйымдық дәрежелерде мақсаттар мен стратегиялардың бағытын анықтацды. Жалпы миисия негізінде ұйымның мақсаттары анықталады. Көптеген басшылар өз ұйымының миссиясын таңдауға оны қалыптастыруға көп мән бермейді.Олардың ойынша,әрбір ұйымның миссиясы-пайда табу.Ол негізінде қате түсінік.Себебі пайда табуды көздеу-ол ұйымның ішкі мәселесі болып келеді.Ұйым пайда алып отыруы үшін өзі қызмет ететін ортасын бақылап отыруы қажет.Пайда табу миссиясын таңдайтын ұйым дұрыс шешім қабылдамай,ұйымның тиімділігін төмендетуі мүмкін.Әр түрлі клиенттермен жұмыс жасайтын ком/қ емес ұйымдар үшін сәйкес миссия таңдау қиынға түседі.Барлық қиыншылықтарға қарамастан кез келген ұйым әрбір клиентіне тиімді болатындай етіп сәйкестендіріп белгілі бір миссияны таңдауы қажет.
36. Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы оқу орындарына қарағанда абитуриенттерді ұтымдырақ тарту үшін қандай стратегиялық жоспарларды жасау керек?Осы жоспарлар мектептің жоспарымен қандац байланыста болу керек?
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бүгінгі таңда Қазақстандағы ірі білім және ғылым орталығы. Еліміздегі ғылыми, саяси, мәдени және экономикалық элитаға жататын қауымның басым көпшілігі – осы университет түлектері. Біз ҚазҰУ-дың жоғары ғылыми атақтарға, мемлекеттік сыйлықтар мен марапаттауларға ие, жаңа технологиялар енгізуші көрнекті мамандар катарын мақтаныш етіп айта аламыз. Олар - ірі ғылыми жаңалықтардың авторлары, бірегей технологияларды әзірлеушілер. Бүгінгі таңда университет өзінің міндетін оқу орны ретінде білім беру ғана емес, ғылымның жетістіктеріне сүйеніп жаңа білім қорын қалыптастыруда деп біледі. Осы тұрғыда оқытушылар ғана емес, студент, магистрант, докторанттардың көпшілігі ғылыми ісзеніс жолына ден қоюда. Шын мәнінде ҚазҰУ бүгін инновациялық типтегі зерттеу университеті болып табылады. Қазір магистранттар мен докторанттардың жұмыстарына бір-бірден отандық және шетелдік ғылым жетекшілік жасайтын тәжірибені кеңінен игерілуде. Бұл алдынғы қатарлы ғылыми және әдістемелік жетістіктерді ұтымды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім берудің он бағдарламасын аккредитациядан өткізу аяқталып қалды және олардың ауқымдылығы университетіміздің осы аталған көрсеткіш бойынша сенімді көшбасшы болуын қамтамасыз етеді. ҚазҰУ-дың дипломдарының әлемде танылуына кепілдік береді. Әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың халықаралық көрсеткіштер деңгейіне көтеріле беретініне және әдеттегідей әлемдік қауымдастыққа ҚР жоғары білім беру ісінің бетке ұстар айнасы бола алатындығына кепіл.
Мен ұсынатын стратегиялық жоспарлар: Ішкі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жоғары білікті мамандар даярлау; Ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; Университетте қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
37. Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және 25 жыл бұрынғы жоспарлауды салыстырып бағалаңыз?Қазіргі әлемде барлығы тез арада өзгеріп жатқанда және де дағдарыстар әр ұйымның ажыраусыз бөлігі болғанда жоспарлаудың мәні өсе ме әлде төмендей ме?Неге?
Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Жоспарлаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтижесін жоспарлау мен болжау қажет. Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді. Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.
Өтпелі кезеңде экономиканы тұрақтандыру басқару өнерін көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республика экономикасын басқаруда ерекше орынды экономиканы орнына келтіру, тұрақтандыру және жақсарту шаралары басты орын алды. Тоқыраудан шығу дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы көмегімен жүзеге асырылады. Республиканың экономикасын тұрақтандыру мақсатымен Үкімет 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен бекітілген арнайы бағдарлама жасаған.осы бағдарламаға сәйкес тұрақтандыру шараларының бірі- мемл бюджет тапшылығын шектеу. Өтпелі кезеңде: нарықтық қатынасқа өтудің негізгі стратегиялық бағыттары; дағдарысқа қарсы реформалар
1997 жылы ҚР Президентінің бастамасымен «Қазақстан-2030» атты ұзақ уақытқа арналған стратегиялық даму жоспары жасалып, басылып шығарылды. Бұл жоспарда тәуелсіз Қазақстанның әлемдік экономикада дамуы, экономикалық-әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған шаралар жоспары, ұлтаралық татулық, табиғи ресурстарды тиімді игеру, Орта-Азиялық барыс болу мәселелері қарастырылған. 2030 бағдарламасындағы 7 басым бағыт: 1. Ұлттық қауіпсіздік,2. Ішкі саяси тұрақтылық, 3. Экономикалық өсу, 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білім алуын, әлеуметтік жағдайын жоғарылату, 5. Энергетикалық және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, 6. Көлік және байланыс инфраструктурасын дамыту 7. Жемқорлық пен қылмысқа қарсы мықты мемлкет құру.
ҚР 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары- бұл республиканың басқару жүйесінде екінші страт жоспар. 5 бағыт қарастырылады: 1. Дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық; 2. Экономиканы әртараптандыруды жетілдіру; 3. Болашаққа салынған инвестицияялар; 4. Халықты әлеуметтік қорғау; 5. Ұлтаралық келісім, қауіпсіздік, халықаралық тұрақтылықты қамт ету.