Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zha_1187_a_shpor_menedzh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
119.25 Кб
Скачать

33. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементтері ретінде жиі қарастырылады.Осымен келісесізбе?

Бәсеке жағдайында тиімділік –фирманың өміршеңдігінің басты шарты.Фирманы табыстылықпен,жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының,ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің. Сыртқы әсер ету факторлары — ұйым өзгерте алмайтын жағдайлар, алайда оларға әр уақытта зор мән беру қажет, оған тұтынушылар жатады. Тұтынушы– қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады.

34. Білікті кадрларды дайындауға білім сапасын көтеруге сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала , ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.

ОҚУ МЕН ТӘЖІРИБЕ ҚАТАР ЖҮРУІ ТИІС сонда ғана білікті кадр дайындауға жол ашылады. Ғылым, білім, жұмыс мәселесі тең дәрежеде болуы тиіс. Көп жағдайда біздің жастарымызға тәжірибе жетіспей жататыны жасырын емес. Өндіріс орнындағы жұмысқа араласа бастағаннан кейін ғана өз мамандығының қыр-сырын игере бастайды. Тек кітаптағы білімді ғана беріп қоймай, нағыз еңбек адамын дайындау керек екендігін естен шығармау керек. Тағылымдамадан дұрыс өтпеген адамнан болашақта білікті маман шықпайды. Сонымен қатар, білім сапасын арттырудың бір шарасы инженер-педагог кадрлары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру, өндіріс жағдайында тағылымдамадан өткізу болып табылады. Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы үшін түрлі бағыттағы бағдарламалар қолға алынуда. Олардың толық жүзеге асып, ел игілігіне айналуы үшін білікті де білімді мамандар қажет. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспайтыны белгілі. Сондықтан, әлемдік деңгейдегі техника мен технологиялардың тілін толық түсіну үшін ағылшын тілін жетік білу маңызды.

Жұмысты бағалап, сапасын көтеру мақсатымен студенттер, ата-аналар, түлектер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында сауалдама жүргізілуі тиіс. Педагогикалық құрамның кәсіби шеберлігін шыңдау шаралары магистратура, докторантура, курстарда жүзеге асырылып отыруы қажет. Әрбір ЖОО жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет. Оларға мамандарды даярлауға қойылатын талаптарды ғана жүктеу жеткіліксіз. Оқу үдерісіне тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, болашақ маманның ертеңгі тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру керек. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Университеттің барлық ақпараттық ресурстары корпоративті клиенттерге электронды қызмет ұсынуға жұмылдырылған. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, электронды оқу залдарының санын көбейту, ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруды кеңінен жалғастыру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]