Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zha_1187_a_shpor_menedzh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
119.25 Кб
Скачать

31. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті:ұйымдағы адами ресуртарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?

Адамдар – бұл кәсіпорынның ең бағалы ресурстары. Көптеген мемлекеттерде қазіргі кезде «қызметкер» және «кадрлар» терминдерінің орнына «адам ресурстары» терминінің қолданылуы кездейсоқ емес. Бұндай жағдайда адамдар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін компанияның жетістігі ретінде, бағалы ресурстар ретінде қарастырылады.

Адам ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан ұйым қызметкерлері жұмысының нәтижесін дұрыс бағалай білген жөн.

Өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгеше болып келеді және ол ұйымды басқаруда негіз бола алады. Сондықтан, ұйым қызметкерлерінің жұмыс нәтижесін бағалауға ерекше көңіл бөліп, бағалау әдістерін жан-жақты білу керек. Себебі, бұл мәселе тек біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл жер шарында маңызды мәселе болып табылады.

Бұл жағдайларда өндіріс тиімділігін жоғарлатудың негізгі факторлары ретінде технологияны тұрақты жетілдіру болып саналады, ал жұмыскер болса тек өндірістік процеске керек белгілі бір шекарада қимылдайтын, анық белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін қосымша тірек ретінде ғана қабылданады. Осыған байланысты адам ресурстарын басқару қағидалары да жасалды және жазылды. Біліктілігі төмен жұмысшы күшінің көптігіне байланысты лауазымдар кәсіби даярлығы нашар адамдар ғана атқара алатындай етіп жұмыс орны жобаланады. Жұмысты бастаудың алдында, оны орындау үшін көп басшылардың келісімін алу қажет болғандықтан, бұл жағдай басқару қызметінің өсуіне және басқарушылық иерархияның дамуына алып келеді.

Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық жоғарғы оқу орнында оқылады. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.

32. Жаһанданып келе жатқан іскерлік ортада сіз кластағы және кластан тыс студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ұйымдастыру тиімді болу үшін менеджердің тұлғалық қасиеттері биік деңгейде болуы қажет. Менеджер тек қана өндіріс емес, сонымен қатар ұйымның, өндіріс пен кәсіпорынның құндылықтарын, дәстүрлерін, нормаларын басқарады. Менің ойымша, егер бір басшы ең бірінші құндылыққа – байлықты қойса, онда жұмысшылардың демалыс бөлмелеріне қаражаты жетпейді, ал екінші бір басшы ең биік құндылық – адамгершілік деп ойласа, онда жалақыны көтереді. Менеджер әрқашан әділ, таза болуы тиіс. Менеджерге қажетті қасиеттер: жеке басының бағалы қасиеттері: 1) білімділік 2) өзіне сенімділік 3) ойлау қабілеті 4) адамдарды басқару қабілеті 5) батылдылық 6) көріктілік және өзін меңгере білу; жеке өзінің айқын жоспарлары; жеке басын үнемі жетілдіріп отыру; проблемаларды шешуге дағдылану; өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік; маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет; қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу; басшылық ету қабілетін игеру; қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу қасиеттері.

Менеджер адамдарға үнемі қамқор болу керек. Маңызды емес адамдар, маңызды емес мезеттер болмайды. Адам-бұл зор әлем. Алайда, бизнесті бұзатын адамдармен айналысу керек.

Менеджерге мақсаттарды сезіну- ісінің қаншалықты маңызды екенін, өз өмірінің стратегиясына жұмысы қалай енетінін білуіне көмектеседі. Бұл оның мотивациясын ,шешімдердің негізін құрайды;

Менің ойымша тиімді менеджер болу үшін:

  • Өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі қамтамасыз етуге, ұйымдастыруға тырысу керек. Әр менеджер тұрақты өз өсуін, дамуын өзі қолдап отыруы қажет.

  • Мақсаттарға жетудегі табандылық шешімділігі,бастамашылық қасиеті қажет. Менеджер өз жұмысында қолдаумен ғана кездеспейді,жеңуге қажетті қарама-қайшылықтармен кездеседі;

  • Тиімді ойлау стратеясына ие болу. Екінші кезектегіні алып тастап, маңыздысын шығаруға басты көңіл бөлуге қабілеттілік;

  • Уақытты қолдану,еңбекті ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіші;

  • Ұжымда билейтін адамгершілік деңгейіне қарасты адамгершілік қасиеттері,соның ішінде: іс пен сөздің біртұтастығы,басқаларға да,өзіне де талап қою,қызметшілерге қамқорлық;

  • тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті

  • Менеджерге кінәратсыз физикалық,техникалық жетекшілікті қамтамасыз ету қабілеттері қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]