Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_ilimder_tarikhy_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.12.2019
Размер:
199.16 Кб
Скачать

13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.

Смиттің экономикалық көзқарастарынын негізгі құн теориясы оның көзқарастарының қарама - қайшылығын айқын көрсетеді . Мәселен, ол құнның үш анықтамасын берді:

  • құн еңбек шығындарымен анықталады;

  • құн сатып алынатын еңбекпен, яғни аталмыш тауарды алуға жұмсалған, еңбек көлемімен анықталады. Бұл ереже қарапайым тауар өндірісі үшін дұрыс болып есептегенімен, капиталистік өндіріс жағдайында ол дұрыс емес, өйткені тауар өндіруші еңбекақыны өндірістен гөрі айырбас кезінде көбірек алады. Осы жерде Смит, капиталистермен жұмысшылар арасындағы қатынаста құн заңының бұзылатын қайшылығын көреді, осы себептен ол құнның басқа, үшінші теориясын жасады;

  • тауар құны табыстармен: еңбекақымен, пайдамен және рентамен анықталады. Бұл жерде ол жай ғана пайда емес, капиталдан түсетін орта пайданы айтып отыр. Смит өндіріс бағаларының категориясын құрастырды. Бұл анықтама «Смит догмасы» деген атақ алды және өндіріс факторларының теориялық негізін құрды.

А. Смит, қоғамда өмір сүретін үш таптың: жер иеленушілердің, капиталистердің және жұмысшылардың бар екендігін ескере отырып жоғарыдағы теорияны негіздеді. Жер иеленушілер – өндіріс құралдарының меншікті иелері болғандықтан жалгерлік ақы ретінде рентадан табыс алады.

Капиталистер – өндірістің негізгі құралдарының иегерлері және жұмыс күшін жалдаушылар болғандықтан табысты пайда түрінде алады. Егер ол жерді жалға алып және тау-кен өндіру өнеркәсібін құратын болса, онда пайданың бір бөлігін жер рентасы түрінде жер иесіне береді, сонымен ол өндіріс капиталисттерінің ауыл – шаруашылық капиталистерінен айырмашылығының жоқтығын көрсетеді. Бұл оның үлкен ғылыми жетістігі.

Смит сондай-ақ, ешқандай меншікке ие емес және өзінің еңбегін еңбекақыға жалданбалы жұмысшылар табын ерекше көрсетті.

А. Смиттің негізгі қателігі оның үнемі еңбекті сату деп айта беретіндігінен тұрды, ал Маркс одан кейінірек, шындығында сатып алу - сату (заты) еңбекті емес, жұмыс күшін, яғни еңбекке жарайтын қабілет екендігін түсіндірді. Капиталист еңбекті сатып алып отырып, оны еңбек процесінде пайдалану құқығын иеленеді, сөйтіп жұмысшы капиталист үшін қосымша құн жасайды.

Смит одан әрі еңбектің қандай түрлері ұлт байлығының өсуіне әсер ететіндігін зерттеді. Осы жерде ол еңбектің екі түрін - өнімді және өнімсіз еңбекті қарастырды. Бірінші – қосымша құн жасаушы, ал екінші – осы байлықты тұтынушы. Ол былай деп жазды: «Мәселен, мануфактурадағы жұмыскер еңбегімен, өзі өңдейтін заттардың құнын өсіреді яғни оны өзіне керекті және шаруашылық иесінің пайдасын көбейтеді». Өнімді еңбек туралы пікірі Смитке кезінде өзіндік ең батыл ескерткіш жасауға мүмкіндік берді. Мәселен, ол былай деп жазды: «Кейбір ең құрметті деген қоғам сословиялары үй қызметшілерінің еңбегіне ұқсас, ешқандай құн өндірмейді... Мысалы, мемлекет басшысы (государь) өзінің бүкіл сот шенеуніктері, бүкіл әскері мен флоты өнімсіз (өндіріссіз) жұмысшылардан тұрады. Сол, бір тапқа кейбір ең маңызды, сол сияқты жеңіл ойлы кәсіпкерлер – ақсүйектер, дәрігерлер, барлық тектегі жазушылар, актерлер, музыканттар, опера әншілері және басқалар жатқызылуы тиіс». Осылай ол қоғамда өнімсіз жұмысшылардың үлесі неғұрлым аз болса, қоғамның байлығы соғұрлым тез өседі деген идеяны алдыға салды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]