- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •51.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •55. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
- •58.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
Франсуа Кенэ (1646-1714 жж) – физиократизмнің негізін салушы және оның басшысы, буржуазия идеологы. Басты шығармасы – «Экономикалық кесте» (1758).
Кенэ жасаған физиократтардың экономикалық үлгісі – бұл капиталистік өндірісті жүйеге келтірген алғашқы тұжырымдама. Физиократтар айналым саласын талдаудан өндіріс саласын талдауға күрт бұрылыс жасап, меркантилизмді сынады. Өндіріс саласын тек ауыл шыруашылығымен шектеді. Физиократтардың басты ғылыми жетістігі – қосымша өнім айналым саласында емес, өндіріс саласында жасалатын мойындауда.
Франсуа Кенэ теңдей үлкен құндарды айырбастау себептерін дұрыс түсіндіре алмады, өйткені құн теориясы жеткілікті түрде жасалмады және ол құнды өндіріс шығындарымен байланыстырды.
Физиократтардың экономикалық жүйесінде қоғамдық жиынтық өнім мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылық ретінде «таза өнім туралы» ілім айрықша орын алды. Кенэ былай деп санады: ««таза өнім» тек егіншілікте ғана жасалады, табиғаттың әсерімен тұтыну құнының көлемі көбейеді, ал өнеркәсіпте «таза өнім» жасалмайды, егіншілікте жасалған заттың пішіні мен түрін өзгертеді». Физиократтарды тұтыну құны арқылы алынған артық мөлшердің сандық жағы ғана қызықтырды. Физиократтардың қосымша құнды түсінуінде қарама-қайшылықтың сипаттамасы болды. Олар оны бірінші табиғаттың сыйы, екінші жермен айналысушылардың қосымша еңбегінің нәтижесі деп санады. Мұндай екі ұдай пікірдің болу себептері – құнның қоғамдық табиғатын түсінбеушілік және құнды тұтыну құнымен араластырып жіберумен байланысты.
Меркантилистерден физиократтардың өзгешелігі, олар «таза өнімді» өндіруші өнімді еңбек – яғни бұл еңбек, қосымша құн жасайтын еңбек деп бекітті. Бұл өнімді еңбектің табиғаты туралы дұрыс айтылған ой. Дегенмен, олардың пікірі бойынша, тек егіншілікте ғана өнімді, еңбек бар ал өндірістің өзге салаларындағы еңбек – «жеміс бермейді», яғни өнімсіз еңбек деп түсіндірді. Бұл – шындыққа жанаспайды. Өндіріс салаларына қатысты, еңбектің барлық түрі қосымша құн жасайды, яғни бұдан шығатын қорытынды, еңбектің бар түрі өнімді еңбек болып саналады. Өзінің «таза өнім» көзқарасына сәйкес Кенэ қоғамды үш тапқа, қласқа бөлді (класс деген терминді бірінші Кенэ қолданды):
Өндіруші тап (фермерлер),
Жер иеленуші тап (королдар, шіркеулер),
«жеміс бермейтін» тап (қол өнершілер, жұмысшылар).
Франсуа Кенэ кейбір нақты сәттер мен қатынастарды дерексіздендіре отырып, ұдайы өндірістің жалпы нобайын (үлгісін) ұсынды. Оның жасаған кестесінде кірістердің барлығы жұмсалады, жинақтау жоқ, таптар мен сыртқы сауда байланыстары арасындағы айырбас ескерілмеген.
Франсуа Кенэнің «ұдайы өндіріске талдау жасауының» бастапқы сәті – жылдық астық және өндіріс тауарларын өндірушілер (фермерлер мен жалдамалы жұмыс күші); жер иеленушілер (жалгерлік ақы алушылар); қолөнершілер («жеміс бермейтін» тап) арасында жүзеге асырылып заттай және ақшадай айырбас болып саналады.
