Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_ilimder_tarikhy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
199.16 Кб
Скачать

58.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.

19-20ғ.ғ. нақтылы тарихи жағдайлардың әсерінен АҚШ әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан күшті дамыған бірден-бір елге айналды. 20ғ бас кезінде АҚШ-тың ғалым-экономистері экономикадағы монополистік тенденциялардың күшейгенін талдап, өз елдеріндегі антимонополистік саясатқа іш тартып, эконоикаға әлеуметтік бақылау концепциясының лидері статусын алуға тырысты. Оны әр түрлі тәсілдермен жүргізді. Олардың теориялары бүгінде әлеуметтік институционалдық немесе жай институционалды деп аталатын экономикалық ойдың жаңа бағытының бастамасы болды. Институционализм – белгілі бір мағынада неоклассиктердің альтернативтік экономикалық теориясының бағыты. Егер неоклассиктер Смиттің жетілген рынокты шаруашылық механизмінен бастау алып, экономика өзін-өзі реттейді деп, таза экономикалық ғылымды жақтаса, институционалистер экономиканың қозғаушы күшіне - материалдық факторлармен қатар рухани моральдық, құқықтық және басқаларын жатқызып, оларды тарихи орнына қарай зерделейді. Институционалистер талдаудың пәні деп экономикалық және экономикалық емес әлкеуметтік экономикалық даму проблемаларын есептейді. Экономикалық ойдың институционалистік бағытының пайда болуының уақыты Т.Вебленнің «Теория праздного класса» деген монографиясының жарық көруімен, яғни 1899 жылдан басталады. Одан кейін Дж.Коммонс пен У.Митчеллдің еңбектері арқылы институционализм бағыты, концепциясы қалыптасты. Аталған Американ ғалымдарының еңбектері, олардың жақтаушылары антимонополдық бағытты құрайды, экономикалық өсуге жиынтық қоғамдық қатынастардың ықпалы, идеясы мен экономикаға мемлекеттің араласуы қажеттігін насихаттап дәлелдейді. Институционализмдегі көрінген 3 толқын: 1.Т.Веблен – әлеуметтік-психологиялық институционалдық зерттеуді басқарады. 2.Дж.Коммонс – әлеуметтік-құқылық бағытты қолдайды. 3.У.Митчелл – коньюнктуралық-статистикалық бағытты зерттейді. Т.Вебленнің анықтауы бойынша экономика ғылымының пәні «Институттар – өткендегі процестердің нәтижесі, олар бұрынғы жағдайларға бейімделген, демек бүгінгі күннің талабына толық сәйкес келмейді» деген. Дж.Коммонс экономикалық талдаудың пәні ретінде мынадай ұжымдық институттардың – жанұя, кәсіподақ, сауда бірлестіктері, өндірістік корпорациялар, мемлекетті, құқылық қатынастар және басқаларды зерттеу, басым бағыт деп – юристік-құқықтық институттарды есептеп, институтционализмнің құқықтық-заңдылық ағымының лидері болды. Методологиялық жағынан ол жұмысшылардың таптық күресін қабылдамады және ол бизнес жүйесінің тиімділігі – оны сақтаудың амалы дегенге сенді. У.Митчеллдің институционалдық теорияға қосқан жеке үлесі: 1.экономикалық факторлардың экономикалық емес факторларға әсерін анықтау. 2.экономикаға мемлекеттің араласуының түрлі варианттары арқылы дағдарыссыз цикл концепциясын негіздеуге тырысты.

59.П.Самуэльсон: «неоклассикалық синтез». “Неоклассикалық синтез” идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон (1915) ашты. “Синтездің” мәні - теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардын бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестңдіру болды.

Самуэльсонның теориялық өндеулеріндегі ең бастысты экономикалық процестерді талдауда әр түрлі ынталарды біріктіру. Мәселен, батыс экономистерінің басым көпшілігі тиімді ақша-несие және фискалды саясат жолымен А. Смит пен А. Маршалдың классикалық микроэкономикасын, Кейнс бойынша табыс деңгейінің қазіргі экономикалық анықтауын біріктіргілері келді.

Сонымен, Самуэльсон бойынша “синтез” – бұл еңбек құны теориясы мен шекті пайдалылық теориясының келісімі. Бұл микро - және макро деңгейлеріндегі статистиканы зерттеу оған талдау жасау және тепе – теңдік шығару динамикасын зерттеп, оны ажырату, бағдарлау және дискретті даму. Математикалық үлгілер мен есептеулерді қолдана отырып, ол логикалық негіздеулерді шығарып өзара функционалды байланыстарды анықтады.

“Неоклассикалық синтез” әртүрлі күресуші тұжырымдамалар мен мектептердің арасында өзара қолданылатын келісім жолдарын іздестіруге бағытталған. “Синтез” – бұл америкалық экономикалық ойлардың дамуындағы жалпы үрдестер мен дәстүрлер. Сонымен бірге, позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым әртүрлі жағдайларды ескере отырып ұлттық формаларда дамиды.

Самуэльсон бойынша аралас экономика, экономикалық бақылауды қоғам (мемлекет атынан) және жеке меншік институттар тарапынан жүзеге асыратын, еркін кәсіпкерлік жүйе. Еркін бәсекелестік, уақыт өте, монополияға айналып, қоғамдағы өндіріс пен бөлудің сәйкестігін анықтауда негізгі механизмі ретінде қатысады. Самуэльсон бойынша аралас үлгіде экономиканың негізі болып дамыған еңбек бөлінісі мен күрделі ақша жүйесі бар тауарлы өндіріске жатады. Осыдан ол мынадай қорытынды жасайды, еркін рынок жүйесінің кемшіліктерін түзетуде мемлекеттің экономикалық рөлі өсе түседі.

Самуэльсонның табыс деңгейі жинақтар мен инвестициялар арақатынасымен немесе жиынтық қоғамдық сұраныспен анықталатынын, сол сияқты бұл деңгейде фискалдық саясаттың әсерімен өзгеретіндігін көрсетті. Ағымдағы тұтынудан (капиталдан) өндіріске тартылатын ресурстар жұмсалады деп жазды автор, бірақ болашақта олар қайтарым береді, яғни экономика болашаққа қызмет етеді.

Ұлттық өнім мен ұлттық табыс динамикасы циклдық ауытқұларды көрсетеді, Самуэльсон оның төрт сатысын (фазасын) бөліп көрсетеді: қысу, жандану, экспансия және жоғары саты.

Самуэльсонның пікірі бойынша қазіргі даму кезеңіндегі сұраныс пен ұсыныс, мемлекет пен банктердің ақылды саясатының арқасында бір – біріне пара - пар болады. Ол ұсыныстың сұранысқа бейімделу кезеңдерінің ұзақтығына сәйкес сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігінің әртүрлі үлгілерін (типтерін) қарастырды.

Аралас экономикалық жүйе қызметінің негіздерін қарастыра келіп, Самуэльсон мынадай қорытынды жасады, рынок сұраныс пен ұсыныс арқылы қандай тауар керек және кімге, қандай көлемде өндіру қажеттігін анықтайтын жүйе. Ол былай деп атап көрсетеді, мемлекет нарықтық экономиканың шығындарының мөлшерін реттеп, елдің қорғанысқа, қоршаған ортаны қорғауға, аз қамтамасыз етілгендердің пайдасына табыстарды қайта бөлуге және т.б. жауапкерші.

60. Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариннің экономикалық ой-пікірлері. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың тарихи деңгейне орысша білім алған, еуропалық мәдениетке енген, сонымен қатар туған жеріне қызмет ету деген мақсат қойған ұлттық қайраткерлер шыға бастады. Олардың ойынша қазақ халқының алдында бір ғана жол жатыр, ол-өнерді, мәдениеті, ғылым мен жаңа дәуір білімдерін тек қана орыс тілін игеру арқылы үйрену деді.Бұл жерде ең алдымен Омбы Кадет корпусын бітірген, Абылай ханның ұрпағы, офицер, ғалым және саяхатшы Шоқан Шынғысұлы Уалихановты (1835-1865 жж) атап айту қажет. Шоқан қырғыз және қазақ халықтарының экономикалық қатынастары, мәдениеті мен әдебиеті, этнографиясы мен тарихына арналған көптеген зерттеулер қалдырды. жетілуі, ең алдымен, оның өмірі мен қызметі өткен объективті жағдайлар негізінде қалыптасты. Ш. Уалихановтың экономикалық пайымдауларында өз көрінісін тапты. Орыс революционер – демократтарының экономикалық шығармалары Ш. Уәлихановтың экономикалық көзқарастарының қалыптасуына орасан зор әсерін тигізді. Шоқан Уәлихановтың экономикалық пайымдаулары, негізінен, мал бағу, көшпелі өмірдің рөлі, егіншіліктің маңызы, өнеркәсіп, сауда, мемлекеттің салық саясаты, халықтың қоныстану жағдайы және қазақ қоғамының экономикалық, саяси, мәдени өмірінің мәселелері сияқты проблемаларына бағытталды.Шоқанның алға жылжытқан демократиялық идеяларын қазақтың өзге де ағартушы – демократтары Ыбрай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев одан әрі дамытты. Ыбрай Алтынсарин (1841-1889 жж) - қазақтың ағартушы – педагогі, фольклоршысы, жазушысы, этнографы. Қазақтың алғашқы мұғалімі, қазақ балалар үшін ана тіліндегі және орыс тіліндегі оқулықтардың авторы.Ыбрай Алтынсариннің экономикалық көзқарастары оның шығармаларында баяндалған, сондай-ақ патша әкімшілігінің атына жазған ресми баяндама жазбаларында көрініс тапқан. Алтынсарин халықтың еңбек ететін қабілетін тек ағартуға ғана шақырып қойған жоқ, сонымен бірге экономикалық жағдайларын жақсартуға да шақырды. Ол мұндай дәреже барлық қазақтардың көшпелі салт өмірден отырықшылыққа көшуі нәтижесінде ғана болады деп санады. Алтынсарин Қазақстанда кәсіптік – техникалық білім беруді дамытуға үлкен үмітпен қарады. Оның пікірі бойынша, бір ғана жалпы білім беру салыстырмалы түрде экономикалық өмірге аз пайда әкеледі, сондықтанда халыққа қолданбалы білім қажет. Алтынсариннің өтініш хаты бойынша Торғай қаласында бірінші рет, қазақ даласында балалар мен қыз балаларға училищесі ашылды, онда қыздар жалпы біліммен қол өнерін оқыды. Абай Құнанбаевтан (1845-1904 жж) Абай қазақтарға ойлау мен таңдаудың жаңа жүйесін әкеліп, Шығыс пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің арасындағы көпір болып, қазақ өміріне араб, орыс, парсі, неміс, поляк, венгр мен ағылшындардың рухани жетістіктерін жеткізген тұлға. Абай әлемі осы екі мәдениеттің қоймасын танытады.Абай ақын, классик және қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен бірге ғылымның әртүрлі саласында, оның ішінде экономикалық мәселелер, әсіресе көшпелі ауылдың экономикасы туралы көптеген ойлар айтқан, мұра қалдырған ұлы ойшыл.А. Кунанбаевтың дүниетанымы мен қызметінің қалыптасуы, қазақ ауылына тауар – ақша қатынастарының салдары - патриархалды – феодалдық құрылыс дағдарысының кең етек алған жағдайында өтті. Бұл кезең, сондай – ақ, аймақтағы патша отаршылдығының күшеюі мен сипатталды. Абай әрекетсіздікті, жұмыссыздықты көптеген керексіздіктердің көзі деп санады. Абайдың пікірі бойынша, еңбек қана адамды көтереді және оның әл – ауқатын жақсартады. Абай еңбек пен жерді байлықтың көзі деп санады. Ол өзінің ауыл – аймағымен бірге отырықшылыққа көшуді және оның артықшылығын көрсету үшін егіншілікпен айналысуға шақырды. Абай көшпелі халықты ағартып, патриархалды – феодалдық қоғам сарқыншақтарын жойып, қазақ халқына еркіндік және теңдік әперуге көмектесуші болды. Абай Қазақстанның экономикалық дамуының болашағы бойынша дұрыс ойлар айтқан үздік білгір. Оның әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөнінде айтқан пікірлері– қазақ халқының экономикалық ойларына өлшеусіз үлес қосты және ұлттық сана – сезімді оятуда белгілі роль атқарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]