Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_ilimder_tarikhy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
199.16 Кб
Скачать

55. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы

ХІХ ғасырда Қазақ даласында қанат жайып, әлеуметті- экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық құлдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары ХХ ғасырдың басында елі үшін, патшаның колониалдық саясатына қарсы күрескен, көптеген демократ-зиягерлерді әкелді.Тұрар Рысқұлов (1885-1938 жж.), мемлекет қайраткері, Қазақстанның экономикасының қалыптасуы мен дамуына, ұлттық дәстүрлері мен салттарды ескере отырып, ол мәдениет пен тұрмысты қайта құру, жаңа экономикалық саясат негізінде өлкенің экономикасын қайта түлеу шараларын тез және тиімді жүзеге асырды. Жер – су, салық реформалары жедел жүргізілді, соның арқасында орта – кедей шаруалардың қыстақтардағы тұрғындарының экономикалық жағдайлары жақсарды.Т. Рысқулов, ЖЭС жағдайында ұлт мәселесінің барынша өткір сипатқа ие болатынын білді, өйткені өнеркәсіп пролетариаты жоқ, тек артта қалған басым көпшілік шаруалардан тұратын, шалғай аймақтардың көптігін көрсетті. Ол қазақ қоғамының көшпелі және жартылай көшпелі сатыдан жоғары индустриалды қоғамға секіріс жасауына қарсы тұрды, себебі мұндай шешім шаруаларға қысым жасауға, зорлық – зомбылық жасауға, ауыр салық салуға, ауылдың кедейленуіне әкетінін көрді.Қаныш Сатпаев (1899-1964 жж.) - геолог, қоғам қайраткері Геологияның көкейкесті мәселелерімен айналыса жүріп, Қаныш еліміздегі металлогеникалық ғылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан метталогендік мектебін құрушы. Сәтбаев Геология – барлау қызметін озық теориямен қаруландырды, іздеу – барлау жұмыстары бағытын айқындап берді.Өзінің зертеулерінде пайдалы қазбалардың кен орындарының генетикалық табиғатының ерекшеліктеріне арнады, геохимиялық, минералогиялық, геологиялық - құрылымдық қатынастағы ерекшеліктерін, олардың түзілулеріндегі геологиялық жағын анықтады. Ол Қазақстанның экономикалық аудандарында өндіріс күштерін зерттеу мен игеруге арналған республика ҒА жоспарлық сессиясын өткізудің қозғаушысы болды.

ХХ ғасырдың 90 жылдары көпшілік қазақстандықтар біздің Республикамыз тарих дәурлік шебінде тұрғандығына күмән келтірген жоқ болатын. Посткеңестік өндірісті қайта құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық – түлік және өнеркәсіп тауарларының тапшылығын халық. бастарынан кешірді.

Соған қарамастан, көптеген қазақстандықтардың жүрегінде жақсы болашаққа деген сенім болды – және тәуелсіз, егеменді даму жолымен дербес жүру үшін күрес бастады. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев, елде, экономиканың барлық саласында нарықтық қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған саяси және қоғамдық экономикалық қатынасқа ауысуы туралы халыққа бірбеткейлік пен мәлімдеді.

56.Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамыту туралы ( ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары негізінде)Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев, елде, экономиканың барлық саласында нарықтық қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған саяси және қоғамдық экономикалық қатынасқа ауысуы туралы халыққа бірбеткейлік пен мәлімдеді.Өмір үнемі даму үстінде. Қазақстандағы реформалауды одан әрі ұлғайту және тереңдету үшін, мәдениетті және өркениетті диалог қажет. Осылардың бәрінде экономика саласындағы идеологияның негізгі принциптерін ескеру және қисымдай білу мыналарға бағытталған: әлеуметтік – бағдарланған аралас нарықтық экономика жасау; тікелей материалдық игіліктер өндіретін салаларда жеке кәсіпкерлікке басымдық бере отырып, оның барлық формаларында жеке меншікті кәсіпкерлікке қолдау көрсету;өндірісті құрылымдық тұрғыда қайта құру;мемлекет аралық байланыстарды экономикалық – саяси әріптестерді таңдаудағы прагматизм;Мұндай тәжірибе елде де оны басқарушыларыңда да болмады. Осындай саяси – экономикалық ауыр жағдайда еліміздің Бірінші Президенті Н.Назарбаев жекешелендіру туралы әдейі Президенттің заңы мен ұлттық бағдарлама қабылдады. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру үш кезеңге бөлінді:1 кезең – 1992-1993 жылдар;2 кезең – 1994-1995 жыдар; 3 кезең – 1996-1998 жылдар.Осы уақыттар ішінде жекешелендіру процессінің тәсілдері мен механизмдері анықталды.Жалпы рынокке өтуде республикаға шетелдердің, Әлемдік халықаралық ұйымдардың, әсіресе, Әлемдік банк, Европалық даму және реконструкция банктердің ықпалы өте үлкен болды. Халықаралық Валюта қорынан және басқалардың қаржы алу үшін, олардын тілектерін орындап, әуелі экономикалық тұрақтылық, бағаны либерализациялау (ырықтандыру), инфляцияны ауыздықтау, және т.б шарттарды орындауға тиіс болдық.Осылардың ішінде, ең қыйыны, ол біз таңдаған рыноктық экономика үлгісі англо-американдық-монетарлық (Фридмен) теориясына ұқсас болды. Сөйтіп, “бәрін ақша шешеді”, “экономикалық дағдарыстан да монетарлық теория шығу жолын көрсетеді” дегенге сендік. Осындай жағдайда, тағыда Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиялық дамуы рынок экономикасына өту теориясын туындады. Онда, шетел инвестициясын келтіру, әлемдік рынокқа шығуы проблемаларының бағыттары анықталды. Елімізде рыноктық экономиканың өмірге келгенін Батыс Еуропа елдері, АҚШ мойындады. Бұл Қазақстанның – тәуелсіздігінің он жылдығының маңызды жетістігі еді.Қазақстанның әлеуметтік экономикалық өсуінің “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Н. Назарбаев мынадай қорытынды жасады: “Біз - өзіндік тарихы мен өзіндік болашағы бар евразиялық елміз. Сондықтанда біздің модель ешкімге де ұқсамайтын болады. Ол өзіне әртүрлі өркениеттің жетістіктерін жинақтайтын болады. Біздің модель қоғамдық дамудың әртүрлі моделдерінің конвергенциясын көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік нарықтық экономика құрудамыз. Бізге қажеті де, міне осы”. ССРО тарап, жоспарлы экономика тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы егемендік алып (1991) елімізде экономикалық реформа жедел жүргізіліп, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды. Рынокты экономикаға көшуде шет елдің, әлемдік институттарының қаржылық техникалық көмектерінде пайдаландық.Трансформациялық көшу барысында әлеуметтік – экономикалық дағадрыс қатар жүрсе де, рыноктық инфрақұрылым дамыды. Осының арқасында, қысқа мерзімде экономиканы тұрақтындырып, инфляцияны ауыздықтап, дұрыс инвестициялық саясат ұстап, шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстарды ұлғайтып біріккен кәсіпорындарын құрдық. Сонда да, рынок экномиясына өтуі адамдардың ой-санасына, мінез – құлқына, көзқарастарына терең өзгерістер енгізді. Енді адамдар өз өміріне өздері тікелей жауапты: тез байып кетуге де, тез кедей болып, құрып кетуге де экономикалық жол ашық.Өтпелі кезең экономиясы мен оның аралас экономикалық проблемалар-казіргі теориялық тәжиребелік зертеу мәселелерінде. Себебі, Қазақстанның рыноктық экономикаға көшуінде трансформациялық қозғалыс пен институционалдық реформалардың ойдағыдай жүргізіліуінде әсіресе, жекешелендіру процессінің көптеген қиыншылықтарына Елбасы Н. Назарбаев аса үлкен көңіл аударды, Осы реформадан халықтың күтетін нәтижелері: экономикалық реформаға көзқарас; жаңа экономикалық саясатқа; рыноктық экономиканың жаңа жолдарына; шағын бизнеске; Қазақстанның ХХІ ғасырда әлеуметтік экономикалық даму болжамы.Қазақстанда рынок қатынастарын қалыптастыру кәсіпкерлікті, шағын бизнесті, агробизнесті дамыту арқылы жүзеге асуда Н. Назарбаевтің еңбектері мен қаулылары, парламент пен үкіметтің заңдары кәсіпкерлікке жол ашып, салық саясатын ұтымды жүргізуге бағытталды. Бірнеше регионалдық, республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар өткізіліп, кәсіпкерліктің теориялық негіздері тарихы, шетелдердің тәжірибелері терең зерттелді. Осындай глобалды ғылыми зерттеу жүргізудің негізгі себебі ол экономикалық реформаның бас шарты мемлекеттік социализмді жойып, жоспарлы экономикадан бас тартып, әміршілік әкімшілік басқарудан шығып тәуелсіз ел болу үшін керек еді.Рыноктық экономикалық қатынастар Қазақстан Республикасы тұрғындарының тұрмысында, сана-сезімінде түбірлі өзгерістер туғызды. Дәстүрлі әкімшілік басқару орнына рыноктағы сұраныс пен ұсыныс және баға келді.Жинақтап айтқанда, қазіргі отандық экономиканы, оның ғылыми - экономикалық қатынастарын классикалық, неоклассикалық, синтез тәсілдерімен бағалап, инфрақұрылымдарына қарай оны реформалап, құқылық заңдарын қабылдау сатысындамыз.

57. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы ел халқына жария еткен “Қазақстан-2030” Страте­гия­сының  құрғақ қиялдай көрінгені рас. Ел жоқшылықтың қамытына бас кіргізген тұста осындай тәтті түсті көзге елестетуге көбіміздің жүрегіміздің дауаламағандығы ақиқат.

Бірақ, уақыт өз дегенін істеді. “Қазақ­стан-2030” Стратегиясындағы болжамдар ақиқатқа айнала бастады. Мұны енді қазақстандықтар ғана емес, басқа елдер де көріп отыр. Өйткені біз басқа жетістіктерімізді былай қойғанда, айналамыздағы халықтардың бәріне сыйлы болып шықтық. Біз Еуропа төріне дейін көтерілдік.

Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болатын:“Өткен күнде белгі жоқ” дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа ен­ген­нен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені, бейнеттен кейін – зейнет, адамның жақсылыққа тез үйреніп, тез бауыр басатыны белгілі.Алайда, зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нар­тәуекел қажет болғанына көз жеткізер едік. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйре­ген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыра­ған ғылым, қысқасы, барлық салада дағда­рыс болғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Эко­номиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселе­лерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз. Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қа­жет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып “Қазақстан-2030” Стратегиясы дүниеге келді.Біздің экономикалық жетістіктеріміз бен саяси реформаларымызды шетел сарапшылары да жоғары бағалауда.Ендеше “Қазақстан-2030” Стратегия­сының 10 жылдығы біз үшін шын мәнінде тарихи кезең болып табылмақ”.

Міне, осының бәріне біз “Қазақстан-2030” Стратегиясының бірінші онжыл­дығының өзінде қол жеткіздік. Ал алдымыздағы онжылдық қалай болмақ?

Біздің білетініміз, бұл он жыл Қазақ­стан үшін жаңа бір белес болмақ. Алды­мыздан жаңа бір көкжиек бой көтермек. Осы мәселе жөнінде ел басшы­лығы қамсыз емес. Үкімет Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзір­леді. Бұл бағдарлама Қазақстанның индус­триялық-инновациялық дамуын негіз етіп алмақ. Біз осыған дейінгі онжылдықта елдің шикізат байлығын, табиғи ресурстарын қалай іске қосамыз, қалай өткіземіз деген мәселені ойлас­тырып келсек, ендігі міндет сол шикізат­ты қалай өңдейміз, бір өнімнен бірнеше өнімді қалай туындатамыз деген сұраққа қарай ойыспақ. Осы үшін елімізде ірі инвестициялық жобалар жасалынды. Жаңа инфрақұрылымдар іске қосылуда. Былайша айтқанда, етек-жеңді жинадық. Ел болдық, ел екенімізді басқа халықтар­ға таныттық. Енді дамудың жаңа кезеңі­не, атап айтқанда, сапалы даму кезеңіне қадам баспақпыз. Міне, осынысымен де өткен онжылдықпен салыстырғанда бұл онжылдық күрделі бола түспек.“Қазір Үкімет 2020 жылға дейінгі еліміздің дамуы туралы маңызды құжатты әзірледі. 2010 жылдан бастап соның алғашқы бесжылдық жоспарын жүзеге асы­руға кіріспекпіз. Басқа мемлекеттер­ден біздің ерекше­лігіміз қазіргідей дағда­рыспен күрес мәселесімен қатар, еліміз­дің болашағын көксеген осын­дай перс­пективалық мәселелерге мән беруіміз болып отыр. Әлі ешбір ел нақ осы мәсе­леге көп көңіл аудара қойған жоқ. Жуық­та біз осы құжатты жариялайтын боламыз.Сөйтіп, ел алдына жаңа бесжылдық жоспарын жүзеге асыру міндеті қойылды.  Бесжылдық жоспарлар біздің халқымыз үшін тым бейтаныс емес. Кеңес одағы кезінде “солқылдата соғылсын бесжыл­дық­тың балғасы” деп ұрандатып та жататынбыз. Бірақ “бұл ән кешегіден басқарақ” дегендей, ол “бесжылдықтар” мен бұл “бесжылдықтың” арасында үл­кен айырма да бар. Біз бұл “бесжыл­дықты” жеке тәуелсіз ел ретінде нарық жағдайында жүзеге асырмақпыз. Оның үстіне біздің түпкілікті мақсатымыз бесжылдық жоспарды жүзеге асырумен ғана шектелмейді. Біздің негізгі мақсатымыз – 1997 жылы Елбасы жария еткен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының межелеріне қол жеткізу. Алдымыздағы бесжылдық жоспарлар мен онжылдық бағдарлама осы басты құжатқа бағындырылады. Бұл дегеніңіз біздің алдымызда алысты көздеген айқын мақсат бар деген сөз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]