Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_ilimder_tarikhy_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
199.16 Кб
Скачать

52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.

Ғылыми айналысқа "өнім даралануы" ұғымын енгізген Э . Чемберлиннің жұмыстарының маңызын атап өткен жөн. Рыноктағы монопольді билікті Э . Чемберлин бәрінен бұрын сатылып жатқан тауарлардың ерекшеліктері мен сипатын ескереді. Ол сатушы мен сатып алушының рыноктық қатынастарының белгілі дәрежеде өнімнің сипатына байланысты екеніне көңіл аударады. Өнім дараланған жағдайдағы монополия бағаға қайсыбір билік ретінде сипатталады. Сондықтан сұраныстың баға бойынша илікпелілігі сияқты факторы ерекше маңызды болады. Жетілген бәсеке жағдайында тауарлардың біртектілігінде қандай да бір форманың өніміне сұраныс абсолютті икемділігімен сипатталады, өз өніміне бағаны өсіріп сатушы ештеңе сата алмайды, ол төмендетіп қалай болса да көп сата алады. Неге? Өйткені рынок "белгілер" бағада өз тауарына бағаны көтерудің ешқашан мәні жоқ. Егер айналада дәл сондай, бірақ бағасы төмен тауарлар көп болса, қымбат тауарларды ешкім алмайды. Ал өз тауарына бағаны төмендете отырып (қалыптасқан рыноктық бағадан төмен) сатушы, әрине, өз тауарын жеңіл өткізеді. Бірақ бұл операция да мәнсіз. Баға неге төмендетіледі егер өзінің барлық өнімін қалыптасқан рыноктық бағамен сатуға болатын болса?Тауарлардың әркелкілігінде басқаша жағдай қалыптасады. Өнімді даралау арқылы сатушы өз тауарына сұраныстың бағалық икемділігін азайтуға мүмкіндік алады. Бұл оның бағаға монопольді билігін күшейткенін куәландырады. Бұл деген бағаның көтеріле алатындығын, алайда өткізу көлемінің азаймайтындығын сипаттайды. Неге? Өйткені бәсекелестер төмен бағамен осы өнімге кезі үйренген, сатып алушыларды тарта алмайды. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Ол мынадай: дараланған өнім жағдайында, баға бәсекенің жалғыз құралы емес. Аса маңызды құралына тауар сапасы да айналады.Сонымен, монополистік бәсеке жағдайында фирманың өткізу көлемі бағадан басқа, өнім ерекшеліктері және өнім өткізу шығындары сияқты факторлармен анықталады. Өткізу шығындары ерекше маңызды. Фирманың шығындарға баратын себебі, олар сұранысты қалыптастырады, өнімге "бейімдейді". Өткізуге барынша тән шығын формасы жарнама. Жарнама сұраныстың икемділігін бағаны көтеру шекарасын жылжыта отырып төмендетеді. Практикада бұл нені білдіреді? Жарнамаға бола, тауардың жоғары бағасына қарамай сұраныстың көбеюі мүмкін. Ресурстардың толық пайдаланбауы, оны мына жайт көрсетеді: ұзақ мерзімді тепе-теңдік ең аз орташа ұзақ мерзімді шығындарда белгіленбейді. Чемберленнің пікірінше, осының салдарынан монополия бәсекелестік жағдайларда, нағыз бәсекелестік жағдайлармен салыстырғанда, фирманың нәтижелілігі аздау болады. Өндірістік қуаттардың жартылай жұмысының салдарынан қоғамдық әл-ауқат төмендейді.

53. Дж.Робинсонның жетілмеген бәсеке туралы экономикалық теориясы Кембридж мектебінің көсемдерінің бірі Дж. Робинсон “Капиталды жинақтау” (1956) деп аталатын өзінің еңбегінде экономиканың ұзақ өсуіне (пайда мен еңбек ақы арасындағы бөліс, капитал көлемі және техникалық прогрестің сипаты, монополияландыру мен бәсекелестік дәрежесі, халықтың өсуі және т.б.) әсер етуші негізгі факторларды, сондай-ақ тұрақты өсудің ауытқуыұна әсер етуші себептерді синтездады. Робинсонның екі секторлы экономикасының бастапқы үлгісіне, К. Маркстің қарапайым және ұдайы кеңістік даму схемалары белгілі әсерін тигізді. Капиталды жинақтау теориясы марксистік теорияға ұқсас, ол проблемаларды зерттеп, шаруашылықты жүргізудің капиталистік заңдарының теориялық тұрғысын көрсетеді.

Барлық қоғамдық өндірісті Робинсон екі секторға бөлді:

  1. инвестициялық тауарлар секторы (І);

  2. тұтыну заттар секторы (ІІ);

Әрбір сектірдің түпкі өнімі еңбек ақыдан (W) және квазирентадан қалыптасады яғни пайдалардан (Ү) және амортизациялардан (Q) тұрады.

І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2

Жинақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:

  • экономикаға мемлекеттің араласуының жоқтығы;

  • тек қана екі таптың болуы – жұмысшы және кәсіпкерлердің;

  • тұтастай капиталды жинақтауға жұмсалатын пайдалардан түсетін тұтынудың жоқтығы.

Оның жүйесіндегі еңбек ақы – тәуелсіз өзгермелі, бұл еңбекке ақы төлеуде, физикалық өзгермелі минимум. Ол жоғарыда келтірілген теңдіктерден бірінші тұжырым жасады: жұмыспен қамту қоры мен І бөлімшедегі жұмыспен қамтылушылық ІІ бөлімшедегі квазирентаның шамасымен анықталады. Инвестициялауды өсіру үшін, І сектордағы өндіріс пен жұмыспен қамтылушылықты көбейту қажет. Яғни нақты еңбек ақыны төмендету, яғни соған сәйкес ІІ бөлімшедегі (сектордегі) (Q2) квазирентарды өсіру, соның шарты болып саналады. Бұл жинақтау, жұмыспен қамту және тұтыну арасындағы қатынастарды дамытудың басты жағдайы.

Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.

Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.

Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

54. Әбу Насыр әл-Фараби(870-950), Бируни(973-1048), Ибин Сина (980-1037) экономикалық көзқарастары Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед Әл – Фарабидің (870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті атаққа ие болды. Әл – Фараби бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл – ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашып көрсетті. Өзінің ғылыми көзқарастарымен, уақыттан озып туған Әл – Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика т.б.) және практикалық этика, (политика, философия) деп екіге бөлді. Әл – Фараби өзінің ғылыми трактаттарында дүние мен оның мән – маңызы, сезім мен ақыл – ой органдары арқылы танылады деп дәлелдеді. Көне Қазақстан ғылымына Әл – Фарабидің қосқан үлесі аса зор және жемісті болды. Логика, медицина, анатомия, философия және юриспруденция, математика – ұлы ойшыл өзінің терең ақыл – ойымен қамтыған, оның білім салаларының шеңбері болып саналады. Оның негізгі шығармалары: “Кемеңгерлік гаммалары”, “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттары”, “Ғалымды саралау туралы трактат”, оның оқымыстылығының, кең таным шеңберлігін және қазақ малшыларының көшпелі өмір салтын салыстыру ойлары тағы да бір дәлел.Мысалы Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі. Мұнда бір адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп, өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке, қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті. Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Әли ибн Сина  -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геологияжәне астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина (Авиценна). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялықфилософияғафизиканы, математиканы, ал практикалықфилософияғасаясатты, экономиканыжатқызады. Ал логика ғылымдардыңбарлығынпысықтайды, оләлемдітануқұралы. Барлықғылымдардыңшыңы метафизика депаталынады, ал метафизика депкейдетеологияны, кейдефилософияныатайды. Ибн-Сина өзжауаптарындамынадайидеяларғакеледі: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелгенегізделгеншындықтуралыбілім берсе, ал теологиялықбілімсенімгесүйенеді

Осы сұрақ келсе өздерін бірдеме құрастырып жазыңдар! Нақты мәлімет жоқ экономикалыө көзқарастары туралы...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]