Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_ilimder_tarikhy_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
199.16 Кб
Скачать

20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.

Карл Маркс (1818-1883 жж) неміс экономисі, философ, марксизмнің негізін қалаушы. Өзінің ғылымдағы жолын заңгер және философ болып бастады. Маркс экономикалық проблемалармен «Рейін газетінің» редакторы болып жүрген кезінде бетпе-бет кездесті және жерге жеке меншік мәселелерімен айналысты. 1842 жылы Маркс Фридрих Энгельспен (1820-1895 жж) танысты, оның Маркске қарағанда өзгешелігі арнайы экономикалық білімінің жоқтығы болды. Энгельс өздігінен білім алумен көп айналысты, әсіресе тарихи және философия саласы бойынша терең ізденді, сөйтіп уақыт өте келе тамаша экономист-теоретик болып шықты.

К. Маркстің бірінші саяси экономия бойынша еңбегі – «1844 жылғы экономика-философиялық қолжазбалары». Бірінші бөлімінде – кірістің негіздері: еңбек ақы, капиталға пайда, жер рентасын қарады. Маркс шын мәнісінде еңбек ақыны жұмысшының өмірі мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті байлықтар мен қызметтердің жиынтық құны түрінде түсінсе де, еңбек ақыны еңбек үшін ақы деп атайды. Оның анықтамасы бойынша капиталға пайда – жинақталған басқа біреудің еңбегі. Маркс жер рентасын ауыл шаруашылылығындағы басқаның төленбеген еңбегін пайдалану нәтижесі ретінде қарады.

Маркс бұл логикалық пайымдаудың тізбегінде, капитализм эволюциясының алғашқы сатыларында, капиталистік өндіріс қатынастарының дамуын көрсетті. Қазіргі заманғы капиталистік қатыстық, әлеуметтік кепілдіктерінің жеткілікті түрде дамыған жүйесін жасады. Алғашқы экономикалық еңбегінде Маркстің алдына қойған сұрақтары әлі күнге дейін актуалды, олар адамның өзін-өзі жатырқауын жою туралы сұрақ, бұл капиталистік өндіріс тәсілінің негізі мен тағдыры және өндіріс құралдарына меншік негізінде қоғамның болашағы мен дамуы туралы түсініктерінің тұтастай жүйесі. Ол теориялық жүйе ретінде үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады және оның ілімінің методологиялық негізін құрайды (1 үлгіні қараңыз).

Сонымен, Маркс ілімі ХІХ ғасырда адамзаттың ең қымбат ойы неміс философиясының, ағылшын саяси экономиясының, францияның утопиялық социализмінің заңды жалғасы болып саналады. Бұл марксизмнің үш методологиялық негізі, XVII-XVIII ғасырдағы философтардың материалистік идеялары. Ол мұны неміс классикалық философиясымен, әсіресе, өз кезенде Фейрбахтың материализмінің негізіне құрған, Гегельдің диалектикалық жүйесімен байытты. Мұның ең маңызы – диалектика, яғни біржақтылықтан, неғұрлым толық, терең және еркін түрде дамуы туралы ілім, мәңгілік дамушы материяның көрінуін беретін, адам білімінің салыстырмалығы турал ілім. Философиялық материализмді тереңдете және дамыта отырып, Маркс оны аяғына дейін жеткізді, оның табиғат танымын адамзат қоғамының танымына таратты.

21.К. Маркстің «Капитал» еңбегінің құрылымы. «Капитал» - Маркстің 1851 жылдан бастап өмірінің соңына дейін жасаған негізгі еңбегі. 1857-1858 жылдары «Капиталдың» тұңғыш нұсқасы, алғашқы жобасы – «Саяси экономия сыны» қолжазбасы жарық көрді. Онда алғашқы рет тауар арқылы жүзеге асқан, еңбектің екі жақтылық сипаты туралы ереже алға жылжытылды, тұрақты және өзгермелі капитал түсінігі, абсолютті және салыстырмалы қосымша құн түсінігі енгізілді, «қосымша құн» және «пайда» категорияларының арқатынасы қарастырылды. Маркстің «Капиталының» бірінші томы 1867 жылы жарық көрді. Жеті бөлімнен, 25 тараудан тұратын бірінші том – абстрактылық категориялардан бастап және нақты экономика туралы тұтастай түсініктермен аяқталды. Қорытындысында К. Маркс капиталзмнің табиғи түрде құруы және жұмысшы табының жеңісі туралы идеяға келеді.Бірінші томдағы зерттеу пәні қосымша құн өндіру мен капиталды жинақтау процесін құрайды. Талдау, тауарлық өндірістің неғұрлым абстрактылы категориясы – тауар категориясынан басталады. Маркс тауардың ішкі қарама қайшылықтарының дамуын құн формасының дамуы: кездейсоқтықтан толық ақшалай арқылы дамуын қарастырады. «Капиталдың» бірінші томының бірінші тарауында «құн» және «айырбас құны» түсінігінің айырмашылығы айқын түрде ажыратылады. «Капиталдың» бірінші томында құн формасының жұмыс күшінің бағасына айналуы ретінде қатысатын – кесімді және мерзімді еңбекақының негізгі екі формасы зерттеледі. Маркс капиталистік жинақтау процесі: капитал құрылымы, жинақтау үлгілері, жинақтау процесінің жұмысшы табының жағдайына тигізетін әсерін талдауға үлкен көңіл бөлді. «Капиталдың» бірінші томы капиталистік жинақтаудың тарихи үрдістерін зерттеумен аяқталады.«Капиталдың» бірінші томы жарияланғаннан соң Маркс екінші томның қолжазбасымен жұмыс жасады, алайда өкінішке қарай оның мезгілсіз қазасы, бұл істі аяқтауға мүмкіндік бермеді. Екінші томның материалдарын өңдеуде оны жарыққа шығаруда Ф. Энгельс өлшеусіз үлкен жұмыс атқарды. «Капиталдың» екінші томы 1885 жылы жарыққа шықты. Ол алдымен жеке, содан соң қоғамдық капиталға қолданылатын, өндіріс пен айналымның біртұтастығы ретінде ұдайы өндіріс процесін зерттеуге арналған .Маркс капиталдың ақшалай, өндірістік және тауарлық үш функционалдық формасының айналымын талдады. Осы томда негізгі және айналым капиталы, сондай-ақ айналым шығындары категорияларын енгізді. Өндірістік капиталдың екі жақты сипатын қарастыра отырып, Маркс мерзімді экономикалық циклдер ретінде нақты айналымды атап көрсетеді.Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін зерттей отырып, осыған орай Ф. Кэненің «Экономикалық кестесіне» («қисық сызықтары») сүйену арқылы, Маркс қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс схемасын құрды. Онда қоғамдық өндірістің екі бөлімі: өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы айырбастың қалай жүзеге асырылатындығы көрсетілген.«Капиталдың» үшінші томын баспаға даярлау Энгельстен, екінші томға қарағанда, әзірлікті әлде қайда көп талап етті. Кейбір бөлімдері, одан әрі жұмыс істеу үшін ескертпелер түрінде нұсқа ғана болды. Көптеген сұрақтар экономиканың өзгерістерімен байланысты, түзетулер мен нұсқаулар енгізуді талап етті. Сауда капиталы мен несиеге арналған қолжазба бөлімдері маңызды түрде жетілдіруді тіледі. Жекелеген тарауларға Энгельс, капитализмнің даму жаңа сатыдан өткендігін атап отырып, акционерлік компаниялар шеңберінде өндірісті қоғамдастырудың неғұрлым жоғары формаларын атап көрсетті. Төртінші тарауды Энгельс толықтырып өзі жазып шықты, бұл тарау пайда нормасына әсер ететін факторларды талдауға арналған. Сөйтіп, Энгельсті «Капиталдың» екінші және, ерекше түрде, үшінші томдардың тең авторы деп айтуға болады.«Капиталдың» үшінші томы 1894 жылы басылып шықты. Онда капиталистік өндіріс, барлық күрделілігімен, оның үстіртін экономикалық формалары мен күнделікті экономикалық өмір қандай болса, сол түрде зерттелді.Ең алдымен, мұнда қосымша құнның өндіріс бағасына айналу процесі көрсетілген. Содан соң сауда және сауда капиталы, олардың өнеркәсіп капиталымен байланысы және соларға сәйкес кірістер – сауда пайдасы мен ссудалық пайыз егжей-тегжейлі талданды. Ауыл шаруашылығында және кен өндіруші өнеркәсіптегі ренталық қатынастардың дамуына «Капиталдың» үшінші томында ерекше назар аударылған.

22. Ф.Лист және «ұлттық экономика». Ф.Лист (1789-1846 жж) “ескі” тарихи мектептің өкілі және оның негізін қалаушы болып саналады. Оның негізгі еңбегі – “Саяси экономияның ұлттық жүйесі” (1841). Оның экономикалық көзқарастарынша: “Әрбір елге өзіндік ұлттық саяси экономия тән, сондықтан да жекелеген елдердің экономиясы өзіндік заңдары бойынша дамиды” деген. Сондықтан да Лист: “Герман мемлекеті, біртұтас жалпы ұлттық нарық құру және ұлттық экономиканы шетелдіктер тарапынан, ең алдымен ағылшын кәсіпкерлері тарапынан болатын бәсекелестіктен қорғау мақсатымен, экономикаға белсенді араласуы тиіс” – деп бекітті.Экономист – тарихшылар бірте-бірте саяси экономияны экономикалық тарих пен экономикалық саясатпен алмастыра отырып, өз тұжырымдамаларын осы рухта әзірледі. Саяси экономияны, ұлттық ғылым ретінде ғана емес, сонымен бірге, табиғи даму ерекшеліктерімен, халықтың сипатымен, оның мекемелері мен институттары арқылы айқындалатын, ұлттық шаруашылықты зерттеп-үйренуге шақыратын ғылымға тән болды.Лист ұлттық саяси экономиканың міндеті, ұлттық өндіргіш күштерінің дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды айқындаудан тұрады деп санады. Оның түсінігі бойынша ұлттық байлық оның өндіргіш күштерінен тұрады.Өндіргіш күштердің дамуына талдау жасау негізінде ол өндіріс дамуының үш сатысын: егіншілік, егіншілік - өнеркәсіптік және өнеркәсіп сатыларын бөліп көрсетті. Классикалық және неоклассикалық бағыттарға қарсы ара салмақ ретінде ол протекционистік мемлекет саясатын қорғады.

Әлемдік сауданың маңызын қарастыра отырып, ол әлемдік нарықта, бәсекеге қабілеті жетпейтін экономика салаларын дамыту қажет деп санады.

23.Тарихи мектеп: әдістемесі және даму кезеңдері. “Ескі” және “жаңа” тарихи мектеп неоклассицизм мен марксизмге қарсы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Германияда пайда болды. Экономикалық ойлардың “Ескі” мектебінің өкілдері Ф.Лист, В.Ромер, Л. Бретано, В.Зомберг, және т.б. саяси экономияны ұлттық шаруашылық туралы ғылым ретінде қарастырды.ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық зерттеулер бағдармасында жаңа өзгерістер пайда болды. Маржиналдық революциядан кейін туған шекті пайдалылық тұжырымдама өкілдерімен еңбек құн теориясы жақтастарының күресі экономист-теоретиктердің негізгі назарын өзіне аударды. Экономикалық теорияның аса “жемісті тармақтары” пайда болды. Олардың кейбірі әлі күнге дейін даму үстінде. Осы тармақтарға “ескі” және “жаңа” тарихи мектептер, бағыттары әлеуметтік мектептер, институционализмдер және т.б. жатады.Осы мектеп өкілдерінің көзқарастары саяси экономияның белгілі “магистралды” (күретамыр) бағыттарымен тоғыспауы, олардың классиктер мен марксизмді және маржинализмді сынауы, яғни теориядағы кез келген ортадоксальдыққа қарсы шығуы, бұл мектептер мен бағыттардың барлығына ортақ болып саналады. Осы ортодоксальдық емес бағыттардың өкілдері қандайда бір елдің экономикаға ықпал етуінің экономикалық емес факторлармен түсіндіріп, оны саяси экономия пәнінің тәжірибесіне енгізді.Шын мәнінде, барлық экономикалық құбылыс пен процестерді ішкі экономикалық қатынастар негізіне ғана, микроэкономика немесе ұлттық және әлемдік шаруашылық жүйесі арқылы түсіндіруге болмайды. Белгілі ортодоксальдық бақыт өкілдері осындай бір факторларды әртүрлі, кейде қарама қайшы көзқарас тұрғысынан түсіндіреді. Түсіндіре алмаған теориялық абстракцияларды экономикалық ғылымның әр түрлі дамуымен байланыстырады. Осындай даму әр елдерде пайда болады. Кейбір неміс оқымыстылары мұндай дамудан ағылшын экономистерінің ұлттық пайдакүнемдігін көрді. Жаңа тарихи мектеп өкілдерінің еңбектерінде капитализмнің теориялық проблемалары – құн, қосымша құн, капиталдың негізі, капиталистік жинақтаудын тарихи дәстүрлері нақтысында алынып тасталды, экономикалық заң идеясының өзі қалай болса солай үшінші есепке шығарылады. Тарихи зерттеу мектебінде В.Зомберттің (1863-1941 жж) орны айрықша. Зомберт марксизмнен фашизмге дейін өтті. Ол өзінің ғылыми карьерасын “Неміс социализм” деген кітабымен аяқтап, герман тоталитаризмінің ерлік рухын еврейлердің “Капиталистік” рухына қарсы қоюды насихаттады.Тарихи және әлеуметтік мектептерді қалай сынамаса да, мынаны мойындау қажет. Тура осы мектептің өкілдері толық экономикалық өмірді көрсете отырып, “таза микроэкономистер”, әсіресе саяси экономияда математикалық бағыттың “институционализм” деп аталушы жақтастарына қарағанда қондырма мен базистік қатынастар арасындағы кері байланыстарға алғашқы рет талдау жасады. Бұл үлкен ғылыми жетістік.

24.Маржинализмнің пайда болуы және мәні. Маржиналдық экономикалық теория «Классикалық мектептің» құндылықтарын қайта бағалау арқылы экономикаға «маржиналдық революция» ретінде кірді.Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу.Маржиналдық теорияның өзгешелігі:

  • болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;

  • маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;

  • маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;

  • маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы.

Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ «маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Бірінші «заңға» сәйкес белгілі игіліктің өсуімен, игіліктің шекті пайдасы азаяды, ал екінші «заңға» сәйкес, тұтынудың (сұраныстың) оптималдық құрылымы барлық қолданылатын игіліктердің шекті пайдасының тепе – теңдігі кезінде жетіледі.

Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.

Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән.

25.Шекті талдау мектебінің негіздері.Маржинализмнің негізгі идеясы – экономикалық жүйедегі шекті экономика көлемдерді өзара байланысты құбылыс ретінде фирма, сала (микроэкон.) және бүкіл халық шаруашылығы (макроэкон.) деңгейінде зерттеу. Маржинализм – жаңа экономикалық талдау принциптеріне сүйенеді, олар болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді сипаттауда шекті көлемдерді анықтайды.Г.Госсеннің «бірінші заңы» бойынша қоғамдағы игілікті көбейту шекті пайдалылықты азайтады, ал «екінші заң» бойынша тұтынудың оптималды құрылымы барлық тұтыну игіліктерінің шекті қажеттілігінің тепе-теңдігі жағдайында мүмкін.К.Менгер: игіліктер бір бірімен айырбасталады, себебі олар эквивалентті, немесе игіліктер эквивалентті айырбаста бір біріне беріледі, ал шындық өмірде игілікті екі санның құндылығы еш уақытта тең болмайды (теңдік - объективтік мағынада).Б.Баверк пен Ф.Визер: заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының көлемімен өлшенеді; Құндылық пен баға әзір өнімді тұтынушылардың субъективті бағалауынан шығады және бұл өнімдерге сұраныс өнімдердің субъективті бағаларымен байланысты. Б.Баверктің «күту теориясының» шеңберінде капиталданған проценттің шығуын күту процессімен байланыстырды, яғни «болашақ игілік» «бүгінгі игілікке» айналады.У.Джевонс пен Л.Вальрас: минимум күшпен максимум қажеттілікті өтеу тек экономикаға тән мәселе, мұнда саясат, мораль және т.б факторлардың қатысы жоқ. Мұнда басым бағыт – пайдалылық проблемасы, яғни тұтыну мен сұраныс.А.Маршал: «саяси экономия не экономикалық ғылым адамзат қоғамының қалыптағы жұмысын зерттейді; ол әл-ауқаттың материалдық негізін жасаумен тығыз байланысты жеке және қоғамдық әрекеттердің саласын зерттейді».Дж Б.Кларктың керемет ғылыми жетістіктерін екі қырынан қарау қажет: методологиялық жіне теориялық. Методологиялық жаңалығы – экономикалық ғылымды табиғи үш бөлімге бөлу ілімі. Екіншісіне – макроэкономикалық талдау арқылы өндіріс факторларының шекті өнімділігі заңын негіздейді. «Кларк заңы»: тұрақты капиталмен жарақтандыру жағдайында әрбір жаңа жұмысшының қатысуымен шекті еңбек өнімділігі төмендеуі және керісінше, жұмысістеушілердің

тұрақты санында шекті өнімділігі ұлғайған капитал жарақтаудың байланысы жоғары болады.

26. Австриялык мектептің теориялық негіздері және зерттеу әдістері. Австриялық мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда болды. Аса көрнекті өкілдері Вена университетінің профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар «маржинализм» бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады. Оның позициясының негізі:

  • экономикалық талдауда математикалық әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;

  • базалық категорияның – құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;

  • классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;

К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді, бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес. Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны» арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.).О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің «шекті пайдалылығын» белгілейді.Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;

  • 1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;

  • 2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;

  • 3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;

  • 4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;

  • 5-ші – қап тоты құстарына кетеді.

Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені «тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау – бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары.

О. Бем-Баверк өзінің назарын «математикасыз» өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша «заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген.

О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді.

Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).

Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.

Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.

Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.

Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:

  1. Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.

  2. Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.

  3. Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.

  4. Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.

  5. Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының «тепе-теңдік» принципі негізінде бағаның туымен бітеді.

27. К. Менгердің шекті пайдалылық теориясы. Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.

Оның позициясының негізі:

  • экономикалық талдауда математикалық әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;

  • базалық категорияның – құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;

  • классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;

К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді, бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес. Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны» арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.

28. Бем-Баверктің құндылық, капитал және пайыз теориясы. Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.).О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің «шекті пайдалылығын» белгілейді.

Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;

  • 1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;

  • 2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;

  • 3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;

  • 4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;

  • 5-ші – қап тоты құстарына кетеді.

Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені «тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау – бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары.О. Бем-Баверк өзінің назарын «математикасыз» өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша «заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген. О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді.

29. Шекті пайдалылық концепциясының ағылшындық үлгісі. У.Джевонстың зерттеу әдістемесі. Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.) еңбектеріндегі маржиналдық субъективтік ойлар, біріншіден, аз күш жұмсап тұтынуды максималды қанағаттандыру, оның ойынша саяси, моральдық факторлармен байланысты емес, тек қана, экономикалық мәселе болып саналады. Екіншіден, функционалды байланыс бойынша тиімділікпен құндылықты қарастыра отырып, тауар бағасы шекті тиімділікпен анықталады деп есептеген. Бұл оның А. Маршалл мен В. Парето жасаған, шығындар мен шекті тиімділіктің өзіндік мағынасын мойындамағаның көрсетеді.

Үшіншіден, У. Джевонс сатушы мен сатып алушының бір-біріне толық байланысты және толық өзара ақпаратқа ие болуына мүмкіндік беретін жетілген бәсеке туралы классиктердің ережесін мойындағаны. Оны маржинализмді бастаушылардың бірі деп есептеуге негіз берді.

У.Джевонс психологиялық категорияларды кейінен қолданып, игіліктерді тұтынуымен байланысты оң тиімділік түсінігін және игіліктерді құру бойынша еңбек күшінің нәтижесінде туындайтын теріс тиімділік түсініктерін енгізеді. Ғалымның ойынша, еңбек -ләззаттануға тікелей қайшы, бұл минус белгісі бар тиімділік, ал тұтынуды қамтамасыз етудегі еңбек шығындары - еңбек ауыртпашылықтары.

Оның ойынша, құн, осы еңбекпен игілікке оң әсер беретін еңбектің соңғы бірлігінің теріс әсерін өлшеуден тұрады. Өнімнің қосымша саны қосымша күштердің шығындарын қайтармайтындығын әрі жалғастыруға тиімсіз екендігін дәлелдеді.

30.Л.Вальрастың жалпы экономикалық тепе-теңдік концепциясы. Лозан мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Леон Вальрас (1834-1910 жж.) – швейцарлық экономист – математик. Жалпы экономикалық тепе-теңдік мәселесін дәлелдеген. Оны үш сұраққа жинақтауға болады:Іс жүзінде нарықтық тепе-теңдікке жету мүмкін бе?бұл тепе-теңдік тұрақты болып табылама?тепе-теңдік тұрақтылығының жағдайлары қандай?Бұл сұрақтарға Вальрастың ойынша, тек-қана математика ғана жауап бере алады деді.Барлық экономикалық өмірді Вальрас ең үлкен екі топқа бөлді: фирмалар мен үй шаруашылығына. Тауар өндірушілерінің барлық шығындары үй шаруашылығының табыстарына айналады, ал үй шаруашылығының барлық шығындары – өндірушілер табыстарына. Факторлар бағасы өндіріс көлемі, сұраныс, өндіру ігілігі тауарлар бағаларына тәуелді. Негізінде, тауарларға деген бағалар факторлары бағаларға тәуелді.Жүйенің дұрыс қызметі сұраныс пен ұсыныс (факторлар мен тауарлар) арасындағы сәйкестік пен бекітеді. Фактор бағасы фирманың шығындарына, ал фирма табысы үй шаруашылығының шығындарына сай болуы керек.Тепе-теңдік жағдайы үш шартты қарастырады:-өндіріс факторларының сұранысы мен ұсынысы тең; оларға тұрақты және орнықты баға белгіленеді.-тауар және ұсыныс қызметті сұранысқа тең және олар тұрақты баға негізінде жүзеге сатылады.-тауарлар бағасы өндіріс шығындарына сәйкес қатысты.Алғашқы екі шарттар айырбас пропорция теңдігін қарастырады. Үшінші шарт өндіріс сферасындағы тепе-теңдікті білдіреді.Тепе-теңдік орнықты болып табылады, немесе нарықта ауытқуларды түзейтін және тепе-теңдікті қайта келтіретін күштер бар. Ол еркін бәсекенің даму жағдайы. Вальрас моделі – тұйық математикалық модель, онда барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді: өндіріс факторларының иелері және кәсіпкерлер. Әр қатысушы өзінде бар факторларынан максимум пайданы алуға тырысады.Вальрас моделінен келесі қортындылар шығады:тек қана тауарлар нарығында ғана емес, басқа да нарықтарда бағалар реттеу инструменттері ретінде өзара байланысы және өзара шарттары бар;барлық нарықтарда тепе-тең бағалардың болу мүмкіндігі математикалы дәлелденген. Бұл тепе-теңдікке нарықтық экономика «талпынады». Бірақ бұл «идеал» тек қана теорияда бар;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]