Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_ilimder_tarikhy_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
199.16 Кб
Скачать

19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.

Бұл XIXғасырдың өң бойында классикалық политэкономия теориясында маңызды болды. Ж.Б.Сэй саяси экономияны ғылым ретінде бір – біріне байланыссыз, жеке дара үш бөлімге - өндіріс, бөліс және тұтынуға бөледі. Ол тарихқа «Пайдалы теориямен» де белгілі болды. Оның ойынша, өндірісте пайдалылық туады, ал сол пайдалылық заттың құндылығын анықтайды деп көрсетті. Еңбек, Сэйдің ойынша, жалғыз өзі байлықтың көзі бола алмайды, пайдалылықты жасағанда өндірісте тәуелсіз үш фактор болады, олар: еңбек, капитал және жер. Осы үш факторға сәйкес үш түрлі табысты атайды, олар: жалақы, пайда, рента. Сөйтіп, қоғамдағы әр түрлі тап өзіне тиесіліні алады дейді. Бұл теорияның мәні – қоғамдық өндірісте үш басты фактор – еңбек, капитал, жер - өзара әрекет әрекет етеді. Олардың құнды (баға белгілеуді) жасаудағы және қоғам табысындағы қатысу дәрежесі факторлардың тиісінше жұмысшыға, капиталиске және жер иесіне тәуелділігіне байланысты. Осыдан келіп Сэй толық laissez faire жағдайына орай ол факторлардың өзара әрекетінің тиімділігі және таптар арасындағы үйлесімділікке қол жеткізеді.

Сэй пікірі бойынша құн еңбекпен анықталмайды,заттың

пайдалылығымен,оның тұтыну құнымен анықталады. Бұл құнды жасауға өндірістің үш факторы қатысады;еңбек,капитал,жер. Сэй бұл факторларды өндіргіш қызметтер деп атады,яғни әрбір фактор құн жасауда белгілі бір қызмет көрсетеді,тиісінше үлес қосады. Бұл қосқан үлестердің шамасы тек рынокта анықталады. Тиісінше құнның осы дербес көздеріне Сэй табыстың үш түрін бөледі:яғни,еңбек – жалақыны,капитал – процентті, жер – жер рентасын жасайды. Демек,жалақының мөлшері оның еңбекпен,проценттің –капиталмен , жер рентасының – жермен жасалғандығын сипаттайды.

Сэй кәсіпкерлікке көп көңіл бөлді. Кәсіпкер тұлғасы арқылы ол бөлу механизмінің жүретінін сипаттайды. Кәсіпкер ол үшін өнімді сұранысқа сай өндіруге қажетті қызметті іздеуші делдал. Яғни,рынокта әр-түрлі өндіргіш қызметтерге сұраныс тудыратын-осы делдал кәсіпкерлер,өнеркәсіп кәсіпкерлері.Осыларды ескере отырып Сэй мынадай тұжырым жасайды, рыноктағы сұраныс пен ұсыныс қызметтер бағасын, яғни жалақы,рента және процентті,сонымен қатар өнім бағасын реттейді. Кәсіпкерлердің көмегімен өнім құны «өндіргіш қызметтердің» арасында бөлініске түссе,ал қызметтер-сәйкесінше өндіріс қажеттілігінің арасында бөлініске түседі. «Рынок заңы» - бұл Сэйдің негізгі ілімі. Осы бойынша өнімді өнімге алмастыру, автоматты түрде сатып алу мен сатуды теңестіреді. Ол бір тауарды сату екінші тауарды сатуға оң әсерін тигізеді; бір саладағы онда сауда жасау екінші салаға зат сатып алуға қаражат береді. Тауар өндірушілер қаншама көп болса, соншама өнімді сатуға мүмкіндік болады. Тұтынушыларды қолдаса өндіріс дамиды, себебі төлем қабілеті бар сұраныс өседі дейді.Ақшаны ол айырбас құралы деп есептейді, себебі адамдарға ақша қажет емес, ақша сатып алатын зат керек. Құн, Сэйдің ойынша, мыналарға тәуелді: тауардың пайдалылығына және сұраныс ұсынымға. Ол жалпы дүние жүзілік дағдарысты мойындамады, тек жеке дара елдердегі болатын дағдарысты ғана мойындады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]