
- •Қоғамдық өндiрiстiң құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндiрiс. Қоғамдық өндiрiстiң нәтижелерi: заттар, қызметтер, байлық.
- •Өндiрiс және ұдайы өндiрiс. Өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Жай және ұлғаймалы (экстенсивтi және интенсивтi) ұдайы өндiрiс.
- •Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара іс әрекеттері.
- •Экономикалық жүйенің үлгілері және экономиканың: Не? Қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.
- •Қоғам дамуын дәуірлерге бөлудің формациялық және өркениетті тәсілдері.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •17. «Иемдену» – меншіктен айыру қатынастары.
- •18. Меншік объектілері мен субъектілері. Меншік нысандары.
- •Қазақстан Республикасында меншiк қатынастарын қайта құру.
Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара іс әрекеттері.
Экономикалық жүйенің үлгілері және экономиканың: Не? Қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.
Экономикалық жүйенің негізгі шешетін сұрақтары: не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Экономикалық жүйелердің айырмашылығы осы сұрақтардың жауабына байланысты. Экономикалық жүйелердің келесі типтері бар:
Дәстүрлі жүйе, технологиясы ескі көбінесе кол еңбегі, көп укладты экономика, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, артта қалған мемлекеттерде кең пайдаланылады.
Командалық экономикалық жүйе - өндіріс, бөлу, тұтыну сұрақтарында мемлекеттің шешім қабылдауы.
Нарықтық экономика шаруашылық сұрақтарын әрбір экономикалық агент өзі шешетін жүйе. Ол еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік және жеке меншікке негізделген.
Аралас экономика негізгі экономикалық проблемаларды шешуде мемлекет те, жеке сектор да жоғары орында тұратын экономикалық жүйе.
Қоғам дамуын дәуірлерге бөлудің формациялық және өркениетті тәсілдері.
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар, немесе меншік бойынша қатынастар, өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:
Меншік қоғамдық қатынас жүйесінің фундаменті;
Меншікті қоғам қабаттарының орналасу байланысты анықтайды;
Меншік өз формасын екі жолмен өзгертеді: эволюциялық және революциялық;
Меншіктің барлық формалары өзара байланысты және өзара әрекеттеседі;
Меншік тарихи даму нәтижесі болып табылады.
Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны - өндіріс қатынастары жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрінеді. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауісіздікті иелену, пайдалану, басқару және басқа құқығы.
Меншік құқықтары:
Ие болу құқығы, яғни игіліктерге тікелей физикалық бақылау құқығы;
Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиеттерін өзің үшін пайдалану құқығы;
Басқару құқығы, яғни игілікті пайдалануды кім және қалай қамтамасыз етуін шешу құқығы;
табысқа құқық, яғни игілікті пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы;
тәуелсіздік құқығы, яғни иесіздендіру, тұтыну, өзгерту және игілікті құрту құқығы;
қаупсіздік құқығы, яғни игіліктен күштеп айырудан қорғау және сыртқы орта зиянынан қорғау құқығы;
игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
игілікке мерзімсіз ие болу құқығы;
сыртқы ортаға зиян келтірітін әдістерді пайдалануға тыйым салу;
төлетіп алу түріндегі жауаптылыққа құқық, яғни қарызды төлеу үшін игілікті пайдалану;
қалдық сипаттағы құқық, яғни өкілдік құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен реттемелердің өмір сүрудің құқығы.
17. «Иемдену» – меншіктен айыру қатынастары.
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.