
- •1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым.
- •3. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау жəне өңдеу құралы.
- •4. Жасанды интеллект жүйесі.
- •5. Операциялық жүйе – программалық жабдықтаудың негізгі базалық бөлімі.
- •6. Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды жəне дискларды басқару амалдары.
- •2. Программалық қабықша.
- •7.Файлдар жəне 2.Бумалар. 3.Сілтеме.
- •4. Windows-ты баптау.
- •8.1.Файлдық құрылымдық операциялар, обьектімен жұмыс істеуді үйрену, программаны іске қосу.
- •8.2.Мəтіндік редактор туралы жалпы түсінік.
- •8.4.Кітапты құру. Бетпен жұмыс.
- •8.5.Функция жəне формуланы қолдану.
- •9.1.Есептулер. Формулалар.
- •9.2. Функциялар. Тізімді құру.
- •9.3.Диаграммалар
- •9.4. Кестелік процессор туралы жалпы түсінік.
- •9.5. Электрондық кесте құралдарымен мəліметті өңдеу.
- •10.1.Құрама және біріктіру кестелер.
- •10.3. Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
- •10.4.Құрама жəне импортталған кестелер.
- •10.5. Базалық кестелерді құру.
- •11.1. Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
- •11.2. Құрама жəне импортталған кестелер.
- •11.3. Базалық кестелерді құру.
- •11.4.Сұраныстармен жұмыс.
- •11.5. Сұраныстың бланкасы.
- •11.6. Сұраныстарды жобалау.
- •12.1.Сұраныстарды басқару.
- •12.2. Пішінмен жұмыс.
- •12.3. Мəліметтер қорын басқару жəне жобалау құралдары.
- •12.4. Мəліметтер қорының функциялары.
- •12.5. Мəліметтер қорын ms access-те қолдану.
- •13.1. Мəліметтер қорын құру. Негізгі түсініктер.
- •13.2. Офистің басқа қосымшаларынан мəліметтерді жобалау жəне импорттау.
- •13.3. Кестені жобалау.
- •13.4. Мəлметтердің түрлері жəне қасиеттері.
- •14.1.Пішін және Есеп.
- •14.2.Сұранысты, Пішінді жəне Есепті жобалау.
- •14.3.Есепте есептеулерді орындау.
- •14.4. Кесте аралық байланыс.
- •14.5. Параметірлік жəне айқастырылған Сұраныстарды құру.
- •14.6. Таңдамалы Сұраныс құру.
- •15.2 Автопішін. Есеп шебері.
- •15.3.Ауқымды есептеу желісі.
- •15.5.Компьютерлік желілерді программалық жабдықтау.
- •15.6.Www баптауы жəне электрондық поштаның негізгі жұмысы.
- •1.Жаңа іздеу технологиялары.
- •2.6 Жергілікті есептеу желілердің тағайындалуы және сипаттамасы
- •4. Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану.
- •5. Кестелер құру.
- •6.1 Алгоритмдерді бейнелеу
- •6.6 Мысал келтіру
- •7. Алгоритмдер жəне оны талдау.
- •8. Есептің қойылуы жəне шешімі.
- •8.5 Вирусқа қарсы программалық құраддардың рөлі
- •9. Ақпаратты қысу.
- •9.3 Мысал келтіру
- •9. 5 Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •10.1Мультимедиялық жүйелер.
- •12.1Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •15.1 Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру
- •15.2 Оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар
- •15. 3 Оқыту тәсілдері
- •15.4 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым.
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді Қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мəліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір əс-ірекеттер т.б. туралы.
ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақ-ты жинақтау, өңдеу ж(е оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақ-тық тех-я д(а.Ақ-тық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерд, техикалық құрылғыларда ж(е қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау ж(е түрлендіру процестері.
Ақпарат түрлері және касиеттері
Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:
• мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;
• жарық немесе дыбыс сигналдары;
• радиотолқындар;
• электрлік жəне нервтік импульстер;
• магниттік жазбалар;
• ымдар мен қимылдар;
• иістер мен дəм сезінулер;
• ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар жəне т.б.
Сонымен катар акпарат түрлерінің өзіндік қасиеттері бар. Акпарат касиеттерін үш аспектіде карастыруга болады.
Техникалық турғыдан алғанда, бұл дәлдік, сенімділік, сигнал беру, жылдамдығы және т.б.
Семантикалық, бұл мәтіннің мағынасын кодтардың көмегімен беру.
Прогматикалық, бұл ақпараттың объектінің мінез кұлқына қаншалықты тиімді әсер етуі. Програмаитикалық аспект ақпараттың басқару процестеріне, адамдардың мінез кұлқына әсер еткізу қабілетімен сипатталады және ақпарат пайдалылығы немесе құндылығы түсініктермен сипатталады.
Ақ-тық ресурстар
ақ-қ ресурстар д(з басқару функцияларынын іске асырып нысан жөнінде ақ-ды алуды, беруді ж(е өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Яғни адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ж(е ең бірінші кезекте, компьютер – ақ-тарды өңдеуге арналған әмбебабты қасиеті бар жүйе болып табылады. Ақ-тық рес-тар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, білім беруде, денсаулық сақтауда, мед-на мен ғылымда көлікпен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, яғни ақ-тық рес-дың негізгі мақсаты – адам еңбегінің өнімділігін арттырумен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту б(т. Сонымен қатар ақ-қ рес-тардың тағы бірегей қасиеті бар – ол қарқынды пайдаланғаннан кемімейді. Осыған қоса, пайдалану процесінде олар қателерінен құтылып өз параметрлерін анықтай отырып ұдайы дамытылады ж(е жетілдіріледі.
Қоғамды ақпараттандыру
Қоғамды ақпаратандыру дегеніміз-ғылыми тех-лық прогресс.Жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды етуінің нәтижесі,яғни адам өміріне әс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты обьективті үрдіс.Білім берудің кез-келген саласында «электрондық курстарды» пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасады. Біз өмір сүріп отырған ғасырда-автомобиль,электр,авиация,атом энергиясы сияқты,косманавтика,электрондық техника сияқты-ғылымның,тех-ның және жаңа тех-ның бұрын болмаған жылдамдықпен дамуына тең.
Ақпарат ж(е оның өлшемі
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е → 10000101, / → 00101111,
8 → 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады.
Дискретті хабар ақпараттың ақырғы санын қамтитындықтан оны өлшеуге болады.
Ақпарат шамасының 3 түрі бар:
- құрылымдық өлшем
- статистикалық өлшем
- семантикалық өлшем
Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады. Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дəл осы сегіз бит қажет (256=28).
Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :
• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:
• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.
Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
Cандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Санадарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы – санау жүйесі деп аталады. Санау жүйелері екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
П с ж-де цифрдың мәні оның орнына (позициясына) тәуелді. Мысалы, 737,7 манындағы бірінші тұрған 7 – жүздікті, екіншісі – 7 бірлікті, ал үшіншісі – 7 ондық үлесін білдіреді.
Санау ж-де төртке бөлдінеді: 1) ондык; 2) екілік; 3) сегізідік; 4) он алтылық с ж.
Сандарды ондық санау ж–нен басқа санау жүйесіне ауыстыру:
Ондық с ж–дегі санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін санды екіге бөлу керек. Алынған бөлінді екіден кіші болғанша бөлінеді де, қалған қалдықты кері бағытта жазады. 10=>2: 129 (10)=10000001 (2)
Ондық с ж-дегі санды сегіздік санау ж-не ауыстыру үшін сол санды 8 бөлу керек. 10=>8. 129(10)=201(8)
Ондық с ж-дегі санды оналтылық санау ж-не ауыстыру үшін сол санды 16 бөлу керек. 10=>16. 129(10)=81(16)
Басқа санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру:
Екілік с ж-дегі санды ондық с ж-не ауыстыру. Ол үшін негіз ретінде екі саны қолданылады. 101(2)=1*2 +0*2+1*2=5(10)
Сегіздік с ж-дегі санды ондық с ж-не ауыстыру. Ол үшін негіз ретінде 8 саны қолданылады. 101(8)=1*8 +0*8+1*8=72(10)
Оналтылық с ж-дегі санды ондық с ж-не ауыстыру. Ол үшін негіз ретінде 16 саны қолданылады. 101(16)=1*16 +0*16+1*16=272(10)
Екілік с ж-дегі санды сегіздік ж(е оналтылық с.ж-не ауыстыру:
Екілік ж-дегі санды сегіздік жүйеге аудару үшін екілік санды оңнан солға қарай цифрларды үштен жеке-жеке топқа бөледі. Содан кейін цифрдың әрбір тобын көрсетілген цифр түрінде жаз-ды: 000=0; 001=1; 010=2; 011=3; 100=4; 101=5; 110=6; 111=7. Мысал: 100 101 101(2)=455(8)
Екілік ж-дегі санды оналтылық жүйеге аудару үшін екілік санды оңнан солға қарай цифрларды төтртен жеке-жеке топқа бөледі. Содан кейін цифрдың әрбір тобын көрсетілген цифр түрінде жаз-ды:0000=0; 0001=1; 0010=2; 0011=3; 0100=4; 0101=5; 0110=6; 0111=7; 1000=8; 1001=9;1010=А (10); 1011=В(11); 1100=C(12); 1101=D(13); 1110=E(14); 1111=F(15).Мысал: 0001 0010 1101 (2)=12D(16)
2. ЭЕМ-де сандық жəне символдық ақпаратты кескіндеу.
Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR(ағылшынның CHARACTER-символ деген сөзінен қысқартылып алынған)түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады.CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланылатын кез келген жеке символ болып,ол мәлімет өрнектеудің кодтық кестенің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс.Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді,оның негізі болып ASCIIкодтары саналады.Оның 0-127кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалар болып табылады,оларға латын әріптері,тыныс белгілері,цифрлар,арифметикалық операция таңбалары және басқару символдары кіреді.Ал 128-255 кодтарына сәйкес символдар арнайы символдар мен ұлттық алфавит әріптері осы соңғы топта орналасқан.
Символдар типтегі мәлімет үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:
сhr(x)-byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді;
ord(ch)-с символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді;
pred(ch)-ch-тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді;
succ(ch)-ch-тан кейінгі кодына сәйкес символды беоеді;
upcase(ch)-кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады басқа символдарға әсер етпейді.
Программада сандық және символдық мән қабылдайтын айнымалылар үшін екі рет енгізу операторын жазудың да қажеті жоқ.Жоғарыдағы екі оператор орнына READ(A,B,C,D)операторын ғана жазуға болады.
Символдық және сандық мәндерді енгізгенде,көбінесе EOLN(end of line-жол соңы)стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады.Бұл функция мәні «жолдың соңы болды»немесе «мәндер беріліп болды»дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат (True)болады.Бұл функция көбінесе циклдік опреторларда пайдаланылады.
Екілік санау жүйесін басқа санау жүйелеріне ауыстыру.
Екілік с ж-дегі санды сегіздік ж(е оналтылық с.ж-не ауыстыру:
1.Екілік ж-дегі санды сегіздік жүйеге аудару үшін екілік санды оңнан солға қарай цифрларды үштен жеке-жеке топқа бөледі. Содан кейін цифрдың әрбір тобын көрсетілген цифр түрінде жаз-ды: 000=0; 001=1; 010=2; 011=3; 100=4; 101=5; 110=6; 111=7. Мысал: 100 101 101(2)=455(8)
2.Екілік ж-дегі санды оналтылық жүйеге аудару үшін екілік санды оңнан солға қарай цифрларды төтртен жеке-жеке топқа бөледі. Содан кейін цифрдың әрбір тобын көрсетілген цифр түрінде жаз-ды:0000=0; 0001=1; 0010=2; 0011=3; 0100=4; 0101=5; 0110=6; 0111=7; 1000=8; 1001=9;1010=А (10); 1011=В(11); 1100=C(12); 1101=D(13); 1110=E(14); 1111=F(15).Мысал: 0001 0010 1101 (2)=12D(16)
Санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды қолдану.
Ариф амалдарға қосу, азайту, көбейту, бөлу жатады.
Қосу операциясын қарастырайық. Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосуға саяды. Қосу – екілік арифметикадағы маңыздыоперация. Екілік санды қосқанда, келесі төрт дәреже қрлданылады: 0+0=0; 0+1=1; 1+0=1; 1+1=10 (1 көрші разрядка тасымалданады). Мысал: 101+11=1000 (ондық жүйеде бұл: 5+3=8)
Екілік сандарды азайту кезіндемына шарттар орындалу керек. 0-0=0; 1-0=1; 0-1=1 (көрші разрядтан бірді қарызға аламыз); 1-1=0. Мысал: 1010-101=101
Екілік сандарды көбейткенде мыналар есте сақтау керек: 0*0=0; 1*0=0; 0*1=0; 1*1=1. 101*110=11110. Түсіндіру: 101*110/ 000+101+101=11110. Тексеру: 101(2)=1*2 + 0*2 + 1*2 =5; 110(2)=1*2 + 1*2 + 0*2 =6. 5*6=30. 11110(2)=1*2 +1*2 +1*2 +1*2 + 0*2 =30(10)
Екілік жүйеде бөлу – ондық ж-дегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік ж-де бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нол мен бір ғана. Мысал: 30 санына 5 санына бөлейік. Ол үшін 30 (10) санын екілік 11110(2)-ге ауыстырамыз. 5(10) = 101(2) сатылап бөлуді орындайық. 11110/101=11. 110(2) =6(10)
Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу.
ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.
1.Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы
2.Монитор– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.
3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.
4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.
Жүйелік блок
Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:
• процессор– компьютердің ең негізгі құрылғысы, программаларды орындайды жəне басқа құрылғыларды басқарады.
• жедел жад (RAM) –ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.
• тұрақты есте сақтау жады (ROM) – ЭЕМ-нің жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад, бұл жадқа мəліметтер оны дайындап жатқан кезде жазылады.
• қоректендіру блогы
• енгізу-шығару порттары
• ақпарат тасушылар
Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
• Шығару құрылғысы
• Мəліметтерді алмасу құрылғысы
• Енгізу құрылғылары
Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру.
IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:
1)шығарылытын есепті,орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып,соның нәтижесін алатын адам;
2)аппараттық жасақтама(Hardware);
3)мәліметтер файлы;
4)компьютерді программалық жасақтамасы(Software).
Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны-машиналарды,мәліметтерді,программаларды және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданады.
Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың жəне программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері. Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), жəне (Sоftwаге) программалық жабдықтар.
Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.
Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.
Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы
компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі)
процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.
Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық жəне логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді.
Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру.
Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мəліметтерді кэш –жадтан алу əрекеті процессордың мəліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жəрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған.
Жүйелік шина. Процессор мен жадта ақпараттық кеңарна н\е ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы 8, 16 н\е32 сымнан тұратын жинақ б\т.
Барлық блоктар, оның ішінде енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей н\е адаптерлер арқылы қосылады. Адаптер - əр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы.
Таймер – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралды схема. Қызметі – монитор эқранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын бөлу.
ДК–ның шеткері құрылғылары көмекші операторларды орындауға арналған Олар:
Мәліметтерді енгізу құрылғысы: Сканер, пернетақта, графикалық планшеттер, манипулятор, сенсорлық экран
М–ді шығару құрылғысы:принтер, плоттер, колонка
м–ді алмастыру құрылғысы: Желілік адаптер, Модемдер