- •1.Психология пәні, мақсаты, міндеті
- •2.Психологияның даму тарихы.
- •3. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
- •4.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.
- •6. .Психология ғылымның негізгі салалары
- •7. Қабылдаудың негізгі қасиеттері
- •8. Түйсіктің заңдылықтары.
- •9.Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •10. Психология ғылымының даму тарихы
- •11. Қабылдау, оның физ.Негізі
- •12. Ес. Естің негізгі түрлері
- •13. Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •15. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтері
- •18.Танымдық процестерге шолу.
- •20. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
- •22.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24. Ойлау операциялары:
- •26.Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •27. Темперамент типтері
- •32. Эмоцияның негізгі түрлері
- •34.Қабілет және нышан
- •35.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •46.Ойлай және қабылдау.
- •48.Тұлға туралы теориялар
- •49.Ойлау операциялары:
- •53.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •60.Ерік туралы жалпы түсінік.
8. Түйсіктің заңдылықтары.
Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне тәуелді болып қалмастан,бір уақытта сезім мүшелеріне әсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге байланысты.Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады.Мысалы:күшті дыбыстық әсер :ысқырық ,көру түйсігін артырады.Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі ғылымда дәлелдеген.Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір біріне жүйелі ықпал жасап отырады.Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер ,талдағыштар сезімін жоғарлатады,ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді,бұл жалпы заңдылық.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы сенсибилизация деп аталады.Сезгіштік деңгейінің жоғарлауы екі сипатта көрініс береді:1) ұзаққа созылған ,тұрақты ,ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты.2)уақытша ,субъекті кейпіне ,физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды.Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілеті мен қатар есту түйсігінің де сезімталдығын артыруға себеп болады.Әдетте қызыл түс адамға ақ,қара түстерді дұрыс ажыратуға көмектеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды,яғни қосарласқан түйсңк пайда болады.Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады.Мысалы:кейбір адамдар біреудің ас,тағам жөнінде әңгімесін ести отырып бұған қоса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.
Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады.
Біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы,оларды қабалдау мүмкіндігі өзгермнлі,сондықтан сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады.Мысалы:қарағылықта біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта сезгіштігі азаяды.Мұна қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда не жарықтан күнгірт жайға енгенде байқаймыз.Бірінші жағдайда көз түк көрмей қалады,көздің күшті жарыққа үйренуі үшін біраз уақыт керек болады,ал екінші жағдайда аса жарық жерден қараңғы бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып,осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 мин уақыт керек.Мұндай құбылыс сезім мүшелеріміздің бәріне тән.Осыдан ,сезім мүшелерінің тітіркендіргештерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз.
9.Психикалық қасиеттерге сипаттама
10. Психология ғылымының даму тарихы
Бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.
Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;
В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;
В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.
Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі
ретінде қолданылып жүр.
Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.
Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар
