Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінің мақсаты (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
100.92 Кб
Скачать

26.Зейін, оның қызметтері және түрлері

Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып,оның айқын бейнелеуін қамтамасыз ететін психологиялық процесс.Зейін үш түрі бар:

Ырықсыз зейін адам алдында мақсат қоймай ақ қоршаған ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен адам санасының белгілі бір объектіге еріксіз аударуы.

Мыс: өткір иіс,оқыс дыбыс,ашық түстер.

Ырықты зейін адам өз алдына мақсат қойып,қандайда ерік жігер күшін жұмсап заттарға саналы түрде көңіл аударады.

Мыс: емтиханға дайындалу,сабаққа дайындалу.

Үйреншікті зейін алғашқыда ырықсыз зейінді қажет ететін кейіннен автоматизмге айналатын зейін.

Мыс:машина жүргізу.

Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.

Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.

У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.

Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

27. Темперамент типтері

Темпераменттiң әрбiр типi өзiн оң және терiс психикалық қасиеттерде көрсете алады. Холериктiң энергиясы, құмарлылығы жақсы мақсаттарға бағытталса,құнды қасиеттер бола алады,бiрақ жеткiлiктi ұстамдылық,дұрыс тәрбиелеу болмаса, жиi жарылыстарға апаруы мүмкiн. Сангвиниктердiң етi тiрiлiгi, әсерленгiштiгi – жақсы қасиеттер, бiрақ тәрбие жоқтығы оларды тұрақсыздық, шашылуға апарады. Флегматиктердiң сабырлылығы, төзiмдiлiгi, байсалдылығы жағымсыз жағдайларда адамның көп әсерлерге сезгiшсiздiгiн тудыруы әбден мүмкiн. Меланхолик сезiмдерiнiң тұрақтылығы, тереңдiгi тәрбиелiк әсердiң жоқтығынан өзiнiң уайымына батушылық, аса ұялшақтыққа әкеледi. Сонымен, темпераменттiң бастапқы қасиеттерi жақсы, не жаман дамитындықты анықтамайды. Өсiп келе жатқан адам өзiнiң әрекетi мен iс-әрекетiн бiртiндеп реттеп үйренуi қажет. Әр түрлi темперамент әр түрлi өзiндiк ерекшелiктер мен айырмашылықтарға ие. Сондықтан да оған әсер ететiн тәрбиелiк әсерлер өте маңызды орын алады. Темперамент қасиеттерi,немесе психикалық динамикалық жақтарының ерекшелiгi адамды қалыптастыратын психикалық қасиеттердiң негiзгiсiнiң бiрi.

28. Ес. Естің негізгі процестері.

Ес дегеніміз бір бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс.Ес адамға өте қажет жан құбылысы.Оның арқасында субъекті жеке басының өмірілік тәжрибесін жинақтап,сақтап,соңғы пайдасына жаратады.

Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

Естің психологиялық теориялары

Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциациялық теория. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Артынан психологияда ассоциация принципi деп аталған бұл принциптер мыналар:

1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.

2. Ұқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ,

''дөңгелек'' десек шарды және допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.

3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк тустердi және жуынғанды көрсетедi.

Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.

. Тапсырманы алғанда сыналушыларда оны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К.Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл қажеттiлiк тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе ол қанағаттанбайды. Сәйкесiнше мотивация есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына әсер етедi. “0AK@4K£ 10AK=40 5ABiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады.

29.Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен - мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.

Мінез акцентуациялары.

Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, онда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма нұсқалары. Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның бейімделе алмаушылығына әкелетін шеткі норма нұсқасы. Жасырын акцентуация бұл қарапайым нұсқаның көрінуі.

К. Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма нұсқасы деп түсінді. Сондықтан адамның күшті жағына қарағанда, оның кемшіліктерін тізбелеуді ұсынды. Әдістің ерекшелігі осында, бірақ әрине, бұл медициналық диагноз қою үшін жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және Т әріптерімен көрсетеміз:

1. Демонстративті ( истероидты)

2. Педантивті

3. Тұйықталған тип

4. Қозғыш тип (эпилептоидты)

5. Гипертимді тип

6. Дистимді тип

7. Қауіпті – қорқақ тип

8. Циклотимді тип

9. Эмотивті тип

10. Аффективті – экзальтацияланған тип.

К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі А.Е. Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбіне К.Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.

  • Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері

Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

Қиялдың түрлері

Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады.Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді.Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі.Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Бұның позитивті мәні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде.Қиял пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады.Егер ерікті немесе белсенді қиял әдемленіп жасалынса, яғни ол пассивті қиял ырықты және ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.

31.