Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінің мақсаты (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
100.92 Кб
Скачать

20. Темпераменттің физиологиялық негіздері.

Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.

Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.

Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.

И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;

Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.

21. Қиял және оның адам іс-әрекетіндегі рөлі. Қиял-жаңа елестетулер негізінде құралған елестің іске асу процесі. Қиял- шынайы өмірмен байланысты, содан алынады. Қиял еңбек процесінде пайда болған деп саналады, яғни адам іс-әрекетінің іске асу қажеттілігінен туған. Мысалы: көзалдымыздағы бір еңбек затын көрсе, адам онымен еңбек іс-әрекетін орындауға қажетті басқа бір зат туралы ретінде ойлап қарастырады. Содан кейін адамның тарихи даму барысында қиялды іс-әрекеті еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамның фантазиясындағы және арманында да көріне бастады. Қиялдау процесі әрқашан үздіксіз бойланыста -2 психикалық процеспен, яғни ес және ойлаумен жүреді. Қиял іс-әрекеті адамның эмоционалды бастан кешірулерімен тығыз байланысты. Қалаған тілекті елестету адамда позитивті сезімдерді тудырады. Белгілі жағдайларда бақытты батытты болашақ туралы арман адамға негативті жағдайлармен шығып кетуге мүмкіндік береді, оған болып жатқан жағдайды анализдеуге және болашақ үшін жағдайдың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни қиял адамның мінез-құлқын реттеуді іске асыруда маңызды роль алады. Қиял біздің ерік-жігерлі әрекетімен де байланысты. Қиял біздің кез келген еңбек іс-әрекетінде болады, себебі бір нәрсені ұқтырмас бұрын, оның қандай болатынын қиялдап аламыз- елестетіп, механикалық еңбектен алшақтаған сайын, қиялдың маңыздылығы артады.

Қиял процестері ырықтылық немесе деңгейі бойынша бөлінеді. Ырықты қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі сырттан түрткі келгенде немесе адам алдында бір мақсат пайда болғанда көрінеді. Бұл жағдайды адам өзі бақылап, бағыттайды. Ырықты қиялдың формасы мен түрлерінің ішінде қайта құрушы қиял, шығармашылық қиял және арманды көрсетуге болады. Қайта құрушы қиял обьектісі өзіне сәйкес сипатта елестету сипатта елестету міндеті болғанда көрінеді. Бұл қиял түрімен географиялық орындармен немесе тарихи орындармен, әдеби батырларды оқығанда кездесеміз. Қайта құрушы қиял көру, есту және сипап сезу қиялдарын қалыптастырады. Көбіне, естіп сипаттаған бойынша бір обьекті құрастырған кезде кездесеміз. бұл адамның ойлауы мен есімен тығыз байланысты. Шығармашылық қиял адам елестетулерін бір объектіге негіздеп емес, өзі контурын оған қажетті материалды өзі ұйымдастырып, құрастырады. Қиялдың ерекше түрі арман болып табылады.