Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінің мақсаты (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
100.92 Кб
Скачать
  • Психология пәнінің мақсаты, міндеттер

  • Психологияның даму тарихы.

  • Психология пәні және оны зерттеу әдістері.

  • Психологиядағы тұлға мәселесі

  • Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.

  • Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.

  • Қабылдаудың қасиеттері

  • Түйсіктің заңдылықтары.

  • Психикалық қасиеттерге сипаттама

  • Психологияның даму тарихы

  • Қабылдау және оның физиологиялық негізі

  • Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.

  • Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.

  • Психология дамуының негізгі кезеңдері

  • Ерік туралы жалпы түсінік.

  • Психологияның негізгі зерттеу әдістері, салаларына толық тоқталу.

  • Темперамент туралы теориялар.

  • Танымдық процестерге шолу.

  • Психологиядағы іс-әрекет мәселесі

  • Темпераменттің физиологиялық негізі.

  • Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.

  • Сана және  санасыздық туралы ұғым.

  • Сана және психика.

  • Ойлаудың операциялары.

  • Сөйлеудің физиологиялық механизмі

  • Зейін, түрлері мен қасиеттері

  • Тепмерамент типтерінің сипаты

  • Ес. Ес туралы теориялар

  • Мінездің құрылымы мен қасиеттері.

  • Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері

  • Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері

  • Эмоция және оның түрлері

  • Қажеттілік түсінігі.А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы

  • Қабілет және нышан

  • Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.

  • Эмоция туралы жалпы ұғым.

  • Емтихан тапсыру студент үшін стресс болып табылады деген тақырыпта эссе.

  • «Менің армандарым» тақырыбына эсе жазыңыз.

  • Өзіңізге хат жазыңыз. Эссе

  • Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы

  • Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.

  • Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз

  • Егер мен психолог болсам....... атты тақырыпта эссе .

  • Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты.

  • «Менің қасиеттерім» тақырыбына шағын тест сұрақтарын ұсыныңыз.

  • Ойлай және қабылдау.

  • Психологиядағы әдістердің қандай да бір түрін алып, оған өз ойыңызбен толықтыру енгізіңіз.

  • Тұлға туралы теориялар

  • Ойлау операциялары мен формалары.

  • Ойлау және оның түрлері..

  • Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы

  • Сіз болашақта психология саласында жұмыс істесеңіз сіздің алғашқы қадамдарыңыз қандай болмақ.

  • Мінез типологиясы.(Личко бойынша)

  • «Менің жақсылықтарым» тақырыбына эссе.

  • Осы аудиториядағы бір адамға бақылау процесін жүргізіңіз. Хаттамасын жазыңыз.

  • Қабілеттің психологиядағы орны.

  • Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе

  • Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз.

  • Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз.

  • Ерік туралы жалпы түсінік.

1.Психология пәні, мақсаты, міндеті

Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.

Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.

Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды. Психология “псюхе”-жан ,логос ілім туралы ғылым ретінде түсінуге болады. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Психология негізгі пәні адамның жан дүниесін психикалық белсенділігінің заңдылықтарын зерттеу .Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.

Психология- психикалыќ ќұбылыстарды зерттейтін ғылым. Психология - мінез ќұлыќ туралы ғылым. Психология –сана туралы ғылым. Психология –жан туралы ғылым.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.

2.Психологияның даму тарихы.

Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:

Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы.

Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет де п түсіндіреді.

Сонымен қатар, ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым.