Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент шпор п.в2..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
495.62 Кб
Скачать

32.Портер-Лоулер моделіндегі 5 көрсеткіштің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сыйақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.

Лайман Портер ж/е Эдуард Лоулер кешенді іс жүргізетін мотивация теориясын жасады,бұл теорияда күту теориясының элементтерін әділеттілік теориясына біріктіреді.Негізгі түсініктер:күш жұмсау,қабылдау,алынған нәтиже,сыйақы,қанағаттану дәрежесі.

Портер-Лоулер моделі кеңінен қолдау тауып отыр. Мұнда мотивация жұмыскерлердің қажетсінуінің,үміттенуінің ж/е әділетті көтермелеуінің басты қызметі болатындығына негізделген.Жұмыскерлер еңбегінің нәтижелілігі олардың күш-жігер жұмсауына,жеке басының өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне,сондай-ақ өз рөлін бағалауына байланысты.Жұмсалатын күш-жігер көлемі жұмыскерлердің көтермелеуді қаншалықты бағалайтындығына ж/е өзіне деген мадақтауға сенімділігіне байланысты.Портер-Лоулер моделі б/ша,еңбек нәтижелігі қанағаттану сенімін туғызады.

Қабілеттілік ж/е мінез

Әділетті деп қабылданатын сыйақылар

Орындалған жұмыстың нәтижелері

Ішкі сыйақы

Сыйақыға күш жұмсау байланысы-ң ықтималдығын бағалау

Сыртқы сыйақылар

Жұмысшы-ң рөлін бағалау

Қанағаттану

Портер-Лоулер үлгісі б/ша қызметшімен жеткен нәтиже 3 факторға байланысты:жұмсалынған күштер,адамның қабілеті мен мінез ерекшеліктері,еңбек процесінде мақсаттарды сезіну.Күш жұмсау өз кезегінде сыйақы құндылығына бағынышты болып келеді.Орындалған жұмыстың нәтижелері ішкі сыйақы,яғни жасаған жұмысына қанағаттану сияқты, ж/е сыртқы сыйақы,яғни премия,жұмыста көтерілулер сияқты факторларға әсер етеді.Орындалған жұмыстың нәтижелері мен ішкі сыйақы арасындағы сызық жұмыскердің нәтижесімен оған берілетін сыйақының қатынасын білдіреді.Ал,орындалған жұмыс нәтижелері мен сыртқы сыйақылар арасындағы сызық әділеттілік теориясына байланысты,әрбір жұмыскер өзінің жасаған жұмысына байланысты алатын сыйақысы арасындағы байланысты көрсетеді. Қанағаттану-әділет теориясына сәйкес ішкі ж/е сыртқы сыйақылар нәтижелерін білдіреді.Қанағаттану бұл сыйақының қаншалықты бағалы екенін көрсетеді.Портер-Лоулер моделі осындай факторлардың өзара байланысын ж/е олар бір-бірінсіз жүзеге аспайтынын көрсетеді.

33.Ішкі және сыртқы сыйақының айырмашылығы

Сыйлық беру – бұл адамдардың өзіне құнды деп санайтын нәрсесі. Әр адам құндылықты өзінше бағалайтындықтан, берілген сыйлықты бағалауы да, оның салыстырмалы құндылығы да түрлеше келеді. Мысалы, біршама дәулетті адамдар үшін ірі сомадағы ақшадан гөрі бірнеше сағаттық достық қарым – қатынас әлде қайда құндырақ.Басшы сыйлық берудің ішкі және сыртқы болып екі типке бөледі:Ішкі сыйлықты жұмыстың өзі береді. Мысалы, атқарылатын жұмыстың мазмұнды және мәнді нәтижесіне жету сезімі, өзін - өзі құрметтеу. Жұмыс барысында пайда болған достық пен қарым –қатынаста ішкі сыйлыққа жатады. Ішкі сыйлықты қамтамасыз ету әдісі – тиісті жұмыс жағдайын жасау және мақсатты дәл қою.Сыртқы сыйлықты ұйым береді. Сыртқы сыйлықтың мысалдары – еңбек ақы, қызметін жоғарлату, қызмет статусы мен мәртебесінің рәмізі, мадақтау және мақұлдау, сондай –ақ қосымша ақы төлеу (қосымша демалыс беру, қызмет автомобилін пайдалану т.б.)Мотивация мақсатында Ішкі және сыртқы сыйлықты қандай жағдайда, әрі қандай пропорцияда қолдану қажеттілігін айқындау үшін жұмыскерлердің оны қаншалық қажетсінетіндігін әкімшілік анықтау тиіс.

3 4.БКТ матрицасы.Диверсификациялық компанияны басқару үшін Бостондық консалтингтік группасы «өсу нгарық үлесі» деген матрицаны ойлап тапты.Матрица «жұлдыз», «сұрақ белгісі», «сауын сиыры», «ит» атты бөліктерден тұрады. Матрицадағы «ит» кіші үлеске ие, өсу қарқыны төмен.Сондықтан да корпорация мұндай бөлімшелерді сақтауды қажет етпейді. «Сұрақ белгісі» бөлімшелер позициясын анықтайды,дамушы саладағы позицияның кезеңділігін көрсетеді. «Сауын сиыры» рынокта жоғары үлесі,төменгі өсу темпі бар,ірі инвестицияларды қажет етпейді.Бұл матрицаның қолданылуындағы кемшілік нақты бөлімшенің бәсекелестік туралы сұрағын толығымен емес және дұрыс емес(жартылай) ғана қарастыруында.БКГ матрицасы көптеген шаруашылық матрицаларының туындауына негіз болды және бұл шаруашылық матрицалар әртүрлі кемшіліктерді жоюда маңызды роль атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]