- •21. Мәселені ұтымды (рационалды) шешу кезеңдері.
- •22. Анықтылық, тәуекел және белгісіздік жағдайдағы шешімдерін қабылдануы.
- •23. Басқару ғылымдағы модельдер(ойындар теориясы,кезектер теориясы,қорды басқару, сызықтық бағдарламау).
- •26 Бюрократиялық басқару құрылымдары,олардың артықшылығы мен кемшілігі
- •28 Делегерлеу, жауапкершілік, өкілеттілік түсініктері.
- •29.Swot талдаудың мәні
- •32.Портер-Лоулер моделіндегі 5 көрсеткіштің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сыйақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •33.Ішкі және сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •35. Маслоудың мотивациялық теориясын МакКлеланд пен Герцбергтің теорияларымен салыстырыңыз.
- •53.Лайкерттің 4 лидерлік стилі.
- •Қосымша 30 сұрақ
- •Қазақстан компанияларындағы менеджменттің ерекшеліктері.
- •3. Американдық менеджменттің негізгі ерекшеліктер.
- •4. Жапондық менеджментінің ерекшеліктері.
- •5 Тәуекелді басқару менеджментінің негізі және оның қажеттілігі.
- •8.Тәуекелді төмендету әдістері. Сақтандыру және диверсификация әдістері. Т.Басқарудың әдістері : екі үлкен топқа бөлеміз
- •Қазақстанда Тәуекел менеджментінің қалыптасу және даму қарқыны.
- •10. Инновациялық менеджменттің мәні және қызметі.
- •12. Инновация түсінігі және инновация түрлері.
- •14. Қазақстандағы венчурлық бизнестің дамуы. Қазақстандық венчурлық қорлардың жобалары.
- •16) Қазақстан Республикасындағы нновациялық саланың жағдайы.
- •19) Жоба түсінігі және жоба түрлері
- •3. Жоба қатысушылары.
- •20)Қазақстан Республикасындағы жобалық менеджмент
- •30.Инвестициялық жобаларды басқару қағидалары мен әдістері.
19) Жоба түсінігі және жоба түрлері
Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі. Екінші жағынан, жоба – ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.
Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:
- жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;
- жобаны құжат түрінде анықтау.
Жоба үрдістер мен қосалқы жобалардан тұрады. Үрдіс – нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді. Олардың негізгілері:
-нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;
-белгілі ресурстар;
- басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.
Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.
Жүйелік көзқарас тұрғысынан алсақ, жоба шектеулер мен механизмдерді ескере отырып белгілі бір жағдайдан түпкілікті нәтижеге өту үрдісін қарастырады.
Жобаның элементтері:
-ой (мәселе, міндет)
- Жүзеге асыру құралдары (шешім)
- Жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім)
Жоба типтерінің жіктелуі
Шағын жобалар масштабы бойынша үлкен емес, қарапайым және көлемі шектелген. Американдық тәжірибеде:
капитал салымдары $10—15 млн.долларға дейін;
еңбек шы,ғындары 40—50 тыс.адам-сағатқа дейін.
Мысалы, тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қызмет істеп тұрған өндірісті жаңғырту
Мегажобалар — ортақ мақсатпен біріктірілген өзара байланысты жобалардан тұратын мақсатты бағдарламалар.
Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық болуы мүмкін. Мысалы, еркін экономикалық аймақтардың дамуы.
Салалық мегажобаның мысалы – отын-энергетика кешенінде, соның ішінде мұнай-газ саласында жүзеге асатын жобалар.
Күрделі жобалар шешілуі күрделі техникалық, ұйымдастырушылық, ресурстық міндеттердің болуымен сипатталады. Мысалы, құрылыстың дәстүрлі емес технологияларын қолдану, жоба қатысушыларының санының көптігі, қаржыландыру сызбасының күрделілігі.
Ақаусыз жобаларда жоғары сапа негізгі фактор болып табылады. Ақаусыз жобалардың құны миллиардтаған доллармен өлшенеді. Мысалы, атом электр станциялары.
3. Жоба қатысушылары.
Жоба үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру жобаның өкілетті басшылығымен жүзеге асырылады: жоба менеджері және оның басшылығымен жұмыс жасайтын жоба командасы. Жоба үрдісі бойынша жекелеген ерекше қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да қатысушылар болады. Жоба жұмысына компанияның сызықтық және функционалды бөлім өкілдері де қатыса алады.
Жобаларды басқару сызбаларының келесі нұсқалары бар:
«Негізгі» жүйе. Жоба менеджері — тапсырыс берушінің өкілі, қабылданатын шешімдерге қаржылық жауапкершілік алмайды. Жоба менеджері жобаны жасау мен жүзеге асыруда басқару мен үйлестіруді қамтамасыз етеді, жобаның басқа қатысушыларымен қарым-қатынаста болмайды. Жүйенің артықшылығы – жоба-менеджерінің объективтілігі, кемшілігі – жоба нәтижесі бойынша жауапкершілік толығымен тапсырыс берушіде болады.
«Кеңейтілген басқару» жүйесі. Жоба менеджері жобаның сметалық құны көлемінде жауапкершілік алады. Менеджер жоба үрдістерін басқарады және үйлестіреді, тапсырыс беруші, жобаның басқа қатысушылары арасындағы келісімдерді жүргізеді.
«Кілттік» жүйе. Жоба басшысы – жобалық-құрылыс фирма, тапсырыс берушімен, жоба менеджерімен жобаның жарияланған құны бойынша «кілттік» келісім жасайды.
Жоба қатысушылары — жоба құрылымының негізгі элементтері.
Жоба типіне байланысты оған қатысушылардың саны әртүрлі болып келеді.
Негізгі қатысушы – тапсырыс беруші – жоба нәтижесін пайдаланушы және оның болашақ иесі. Ол жеке және заңды тұлға болуы мүмкін.
Инвестордың ролі де өте жоғары. Кейбір жағдайда инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға балып келеді. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болмаса, олар өзара келісім жасайды, инвестор келісімнің жүзеге асуын бақылайды, жобаның басқа қатысушыларымен есеп айырысады.
Жобалық-сметалық құжатты арнайы жобалық ұйымдар жасайды, оларды жобалаушы деп атайды.
Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жабдықтаушы-ұйымдар жүзеге асырады.
Мердігер – келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды орындауға жауапкершілік алатын заңды тұлға.
Соңғы кездері жоба қатысушыларының қатары кеңесшілермен толықты. Сонымен қатар, лицензиар – жобада қолданылатын ноу-хау мен лицензияның иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Лицензиар жобада қолданылатын ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану құқығын береді.
Жобаны жүзеге асыруда жоба менеджерінің ролі ерекше, ол – тапсырыс беруші жоба бойынша жұмыстарды басқаруда өкілеттіліктерді делегирлеген заңды тұлға. Жоба менеджерінің басшылығымен жоба командасы жұмыс істейді.
