Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент шпор п.в2..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
495.62 Кб
Скачать

8.Тәуекелді төмендету әдістері. Сақтандыру және диверсификация әдістері. Т.Басқарудың әдістері : екі үлкен топқа бөлеміз

1. Тәуекелді бөлу әдістері.Оған: Сқтандыру, деверсификациялау немесе түрлендіру жатады.

2. Тәуекелді оптималдау әдістері үш түрі бар

1) Сегменттеу

2) Ұйымның құрылымын өзгерту

3) Жобалау

Сегметтеу - тәуекелі жоғары жобаларға арнап, арнаы бөлімдер құру. Венчурлық қарж.қорларын құру

Жобалауда компаниядағы тәуекел деңгейін төмендету үшін жобалау әдістері пайдалынылады.

Бұның ішінде диверсификация мен сақтандырудың ролі аса маңызды. Диверсификация дегеніміз инвестициялық капиталдарды әр турлі обьектілерге тәуекелді төмендету мақсатымен салынуы. Ол екі топқа бөлінеді байланысты және байланыссыз. Байланысты- бұл жаға облыстағы компаниялардың, бұрын болған компаниялардың арасындаңы байланыс ретінде сипатталады. Байланыссыз-қазіргі нарықта ешқандай өнәмдермен байланысы жоқ, жаңа бизнес түрі.

Сақтандыру- бұл дұрыс емес шешімдерді қабылдаудан сенімді қорғаумен қатар, шешімді қабылдаушылардың жауапкершілігін арттырудың негізі. Мысалға, сақтандыру полисінің болуы, шешімдерді қабылдағанда, немесе келісім щартқа қол қойғанда болашақты ойлауға стимулировать етеді.

  1. Қазақстанда Тәуекел менеджментінің қалыптасу және даму қарқыны.

Қазақстанда менеджменттің бұл саласы жаңадан пайда болған себепті бұл сала әлі күнге дейін толығымен дамымаған. Бұл сала 1990 жылдардан кейін пайда болды. Бірақ қазіргі таңда бұл саланы дамыту үшін арнайы шаралар қолдануда... Мысалға, жақынарада ҚР тәуекел менеджерлерінің мамандарының форумы өтті. Бұл шараны "Фор-Экспо" және "Фор-Экспо Қазақстан" көрме компаниялары халықаралық кәсіби тәуекел менеджерлер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырған. Отырыс барысында ҚР қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау, реттеу агенттігі, «Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстандық қор биржасы, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның  өкілдері қазіргі дағдарыс жағдайында тәуекелділікті басқару тәжірибесі туралы баяндады. Сондай-ақ  Қазақстандағы және әлемдегі тәуекелділікті басқару саласына қаржы дағдарысының әсері, жаңа бағыттары, болашағы мәселелері талқыланды. Бұл мәселе төңірегінде  «Қаржы саласын дамытудағы тәуекелділік менеджментінің рөлі»  атты дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды. тәуекел-менеджментті күшейту және корпоративтік басқаруды жақсарту мақсатында мынадай мәселелер қайта қаралады:

  1. қаржы ұйымдары менеджментінің міндеттерін, өкілеттіктерін және жауапкершілігін нақты бөлу;

  2. қаржы ұйымының бөлімшелері арасында жедел өзара іс-әрекет механизмін реттеу;

  3. қызметті жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімді тәртібінің болуын қамтамасыз ету;

  4. қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерге рұқсат етілген лимиттерді айқындауға қатысты барынша «қолданбалы» талаптарды белгілеу;

  5. қаржы ұйымының стресс-тестингті қолдану және экономикалық капиталды жоспарлау рәсімдерін жетілдіру.

10. Инновациялық менеджменттің мәні және қызметі.

Инновациялық менеджмент- профессионалды қызметтің ерекше бір түрі, ол фирмалардың нарықтық жағдайдағы қызметіне сәйкес келетін нақты инновациялық мақсатқа негізделген, оптималды нәтижелерге ғылыми, еңбек және материалдық, қаржылық ресурстар көмегімен және көп салалы принциптерді, функциялар мен экономикалық механизм менеджменттінің әдісімен жету болып табылады. Инновациялық менеджер болжам, есеп, күтілетін көрсеткіштермен жұмыс жасайды. Никсонның айтуы бойынша Инновациялық менеджмент- нарыққа жаңа және жақсартылған өнімдер мен құрал- жабдықтарды шығаратын техникалық, өндірістік, коммерциялық кәсіпорындардың жиынтығы. Ал орыс ғалымы Завлина инновациялық менеджментке берген түсініктемесі: инновациялық менеджмент ол- кез келген сферадағы интелектуалды қызметтің нәтижесінде жақсартылған қызмет түрі және жаңа өнімнің енгізілуі (өндіріс, экономика, құқықтық, әлеуметтік қатынастар, ғылым, мәдениет, білім және т.б. салалар).

Инновациялық менеджменттің қызметтері:

  • рыноктағы сұранысқа, қоршаған ортаның өзгерісіне байланысты жаңа инновациялық идеяларды басқару және жүзеге асуын қадағалау;

  • ғылыми- техникалық өндірістік потенциалды фирма басқарымына тарту,

  • инновациямен қамтамасыз ету, фирмалардың әр сегменттіндегі жұмыстарқа жаңартылған практика түрін енгізу, стандартты емес шешімдерді қабылдау;

  • фирманың инновациялық қызметін өзгертіп және оны жақсартудағы басқарылымды күшейту;

  • нарықтың жағдайы мен сыртқы ортаның өзгергіштігіне байланысты инновациялық мақсаттар мен программаларды үнемі бақылауда ұстау;

  • заманауи инновациялық базаны басқарудағы шешімдерді қабылдауда қолдану.

11. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.

Инновациялық процесс- инновациялық идеяның пайда болуынан оның өндіріске енгізуіне дейінгі уақытын айтамыз. Инновациялық процесс кезеңдері:

1) Инновациялық идеяның пайда болуы:

а) рыноктағы жаңа өнімдер туралы ақпарат жинақтау

б) компанияның функционалды бөлімдеріндегі жаңа өнім туралы ақпарат жинақтау

2) Жаңа идеяны теория жүзінде зерттеу

а) өнімнің техникалық қасиеттерін анықтау

б) өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтау

в) инновациялық өнімге техникалық эксперимент жасау және оның моделін жасау

3) Өнімге маркетингтік бағдарлама жасау

а) инновациялық өнім деңгейден рыноктағы сұранысты анықтау

б) өнімнің сыртқы пішінін, түсін, түрін аныұтау

в) Инновациялық өнімді тарату каналдарын, жарнама түрлерін анықтау

4) Инновациялық өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау

а) Инновациялық өнімнің жобасының мерзімін анықтау

б) Инновациялық өнімнің әкелетін пайдасын есептеу

5) Инновациялық өнімнің өндірісін енгізу

а) Инновациялық өнімнің алғашқы сынақтан өтетін партиясын шығару

б) Инновациялық өнімді стандарттау және сертификаттау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]