Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор. п.в.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
371.71 Кб
Скачать

27 Lm қисығының теңдеуі мен айнымалылары. Lm қисығын шығару үлгісі. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар.

LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі-ақша ұсынысының (MS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.

LM қисығының теңдеуі:

LM=M/P=L(r,y)

LM қисығының жылжуы және ақша мөлшерінің өзгеруі

Ақша ұсынысының М ұлғаюы LM қисығын оңға жылжытады. Табыс Y өседі, ал пайыз мөлшерлемесі r төмендейді. Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LM қисығының солға жылжытуымен бейнеленген.

MS↑→R↓→I↑→Y↑→YD↑→C↑.

28 Бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық және инфляциялық емес....

Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне тиын шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады. Бірақ қарыз алып, қаржыландыру тәсілі инфляцияның өсуін тоқтатпайды, тек қана уақытша тежеуге мүмкіндік береді, бұл жағдай Қазақстан экономикасына тән. Егерде мемлекеттік зайымның облигациясын Орталық банкке орналастырмай халыққа берсе және коммерциялық банктерге орналастырса, онда инфляция әлсірейді. Бірақ Орталық банк бұл облигацияларды бағалы қағаздар нарығынан 2рет сатып алып, жалған қазыналық іс-әрекеттерін кеңейту мүмкін, құбылыс инфляциялық қысымның өсуіне әсер етеді. Мемлекеттік облигацияны бюджеттен тыс қорларға төмен пайыз мөлшерімен орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша салық салу механизміне айналады. Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін болады.

29. Ақша функциялары, агрегаттары. Экономиканы ақшасыз елестетуге мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдалануы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды – тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар, балта және т.б. Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы. Бірте-бірте тауарлық ақшаны қағаз ақшасы ығыстырып жіберді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «алтын стандартқа» көшті. Ақша алтынға бекітілген тепе-теңдік бағамы бойынша айырбасталатын болды. Алтын стандарт І Дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылды. 1944 жылы дамыған елдер Бреттон-Вуд келісіміне келді, ол бойынша жетекші валюталар АҚШ долларына байланатын болды, ал доллар алтынға айырбасталатын болды. Бұл келісімнің күші 1972 жылға дейін созылды. Қазіргі кезде ұлттық валюталардың икемді бағамдары әрекет етуде. Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.

М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер

Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.

М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер

Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар. М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.

30. Кейнстік өтімділікті таңдау теориясы. Ақшаның негізгі қасиеттерінің бірі өтімділік. Өтімділік дегеніміз активтердің құнын жоғалтпаусыз қолмақол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Яғни, осы жалпы тарихта бізге белгілі екі мектеп өкілдері зерттеген. Олар: кейнсиандық және классикалық. Бұл мектеп өкілдері теориялары бір жағынан ұқсас болып келсе, бір жағынан мүлдем алшақ. Классикалық мектеп ақшаның өтімділігін табыспен байланыстырады, ал кейнстік иектеп болса, пайыз құрамымен байланыстырады. Пйыз қоры неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ақшаға сұраныс аз болады. Адамдар ақшасын ұстағаннан горі депозитке салады. Ол кейнстің өтімділікті таңдау теориясы немесе альтернативті қалау функциясы деп аталады.

Y MD=LRY

Md=L(r, Y)

В а

M/p2 M/p

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]