
- •2 Макроэкономикадағы микроэкономикалық теорияның рөлі
- •4 Ауыспалы ағындар моделі “кему” және “қуат беру”
- •8 Тұтыну функциясы, тұтынуға шектік және орташа бейімділік.
- •9 Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік бейімділік.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •12 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •13 Кейнсиондық крес:тепе/теңдік шығарылым деңгейі:
- •15 Жиынтық сұраныстың құрылымы
- •16 Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар
- •5.3 Сурет. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы
- •22 Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері.
- •23 Экономикалық цикл фазалары. Инфляция түрлері, себептері.
- •24 Жұмыссыздық түрлері және оның табиғи деңгейі.
- •27 Lm қисығының теңдеуі мен айнымалылары. Lm қисығын шығару үлгісі. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар.
- •28 Бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық және инфляциялық емес....
- •31. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
- •32. Орталық банктің операциялары.
- •35. Шағын ашық экономика моделі.
22 Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері.
Экономикадағы сілкіністер жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Сыртқы әсерлердің нәтижесінде болған сәйкес қисықтардың қозғалыстарын экономикалық сілкіністер немесе шоктар деп атайды.
Егер ақша массасы өзгеріссіз қалса, онда қолма-қол ақшаның айналу жылдамдығының өсуінің нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.
Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуін, яғни экономикалық өсуді тудырады.
Жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкініс-бұл фирманың қалыптастыратын бағалары мен тауарлар өндірісінің шығындарын қозғайтын экономикалық жағдайдың күрт өзгеруі.
Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғары қарай жылжиды/ ұсыныс жағынан туындайтын шоктар өндірістің табиғи деңгейінің төмендеуін де туғызуы мүмкін, оның нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай жылжиды. Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса, А нүктесінен В нүктесіне ауысуы орын алады. Бағалар деңгейі өседі, ал өнім шығару табиғи деңгейден төмендейді.
Өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін жиынтық сұранысты жоғарылату керек. Егер жиынтық сұраныстың өсуі жиынтық ұсыныстың шоктарының өлшемімен сәйкес келсе, онда А нүктесінен С нүктесіне ауысу орын алады.
23 Экономикалық цикл фазалары. Инфляция түрлері, себептері.
Экономикалық цикл-бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірін келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.
Экономикалық цикл фазалары:
1. Шың. Сипаты:
- экономикалық өсудің жоғары қарқыны;
- өндіріс деңгейінің анағұрлым жоғары болуы;
- инвестициялардың, бағалы қағаздар бағамдарының, пайыз қойылымының, еңбекақының, табыстардың өсуі;
- жұмыссыздықтың қысқаруы.
2. Құлдырау-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады.
- бағаның төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- инвестицияның қысқаруы.
3. Депрессия-құлдыраудың ең төменгі нүктесі мыналармен сипатталады:
- жаппай жұмыссыздық;
- ссудалық пайыздың төменгі деңгейі;
- тауарлық қорлардың қысқаруы.
4. Көтерілу фазасы келесімен сипатталады:
- негізгі капиталдың жаңартылуы;
- жұмыссыздықтың қысқаруы;
- еңбекақының өсуі;
- бағаның өсуі;
- пайыз қойылымының жоғарылауы.
Инфляция түрлері:
Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:
Ашық-нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.
Жасырын-қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция.
Бағаның өсу қарқынына байланысты:
Тұрақты
Секірмелі
Гиперинфляция
Алдын-ала болжау дәрежесіне байланысты:
Күтілетін ин-я
Күтілмеген ин-я.
Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:
Сұраныс ин-сы
Шығындар ин-сы.
.
AD қисығы қозғалуы мына жағдайда AD’ баға деңгейін мына деңгейге жоғарылатудан туындайды.
Шығындар инфляциясы
24 Жұмыссыздық түрлері және оның табиғи деңгейі.
Жұмыссыздық- бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.
Жұмыссыздық түрлері:
Фрикциондық (маусымдық) жұмыссыздық бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстырумен немесе жаңа жұмыс орнын іздеумен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.
Құрылымдық- бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуімен пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін. Циклдік жұмыссыздық 0-ге тең. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептелінеді:
U*=F*̸ R=q ̸ µ+q
U*- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
F*- оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
R- экономикалық белсенді халық;
q- жұмысын жоғалтқан жұмысшылар үлесі;
µ- жұмыс тауып жатқан жұмысшылар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
а) демографиялық фактор;
б) еңбекақының төменгі деңгейі;
в) еңбек одақтарының әрекеті.
25.
Филипс
қисығы.
Қ
ысқа
мерзімді кезеңде сұраныстың жоғарлауы
негізінде шығарылымның артуы есебінен
жабылады, себебі бағалар аз өзгереді.
Ұзақ мерзімді кезеңде бағалар икемді,
сондықтан олар жоғарлағанда экономика
өзінің ұзақ мерзімді тепе-теңдік
жағдайына
оралады. Шығарылымның алшақтауы ЖІӨ-нің
өзінің тренділік мағынасынан уақытша
ауытқуын білдіреді. Фирмалар жұмыс
уақытының ұзақтылығын өзгертуге,
жұмыстан босатуға, жұмысқа жалдауға
мүмкіндік алады.
Оукен заңы нақты ЖІӨ-нің Q өз тренді жөнінде ауытқулары мен жұмыссыздық деңгейінің u ауытқулары арасындағы кері тәуекелділікті анықтайды:
u - u0 = - a .(Q - Q0), a > 0 .
Ал Филлипс Ұлыбританияда 1861-1957 жылдар аралығында жұмыссыздық пен инфляцияның байланысын ашты.
Саясаткерлерге Филлипс қисығы, ондағы компромисстік нүкте ретінде, экономикалық саясаттың мақсатын таңдау құралын бергендей болатын. Бірақ өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде Филлипс қисығы жойылып кетті. Мысалын, мынадай қисық шығатын болды:
6.2 Сурет. Филлипс қисығы
Филлипс қисығының бұндай әдеттен тыс қылығының түсіндірілуі экономикада күтулір түсінігін пайдалануда екен. Адаптивті күтулер, рационалды күтулер теориялары бар.
26. Is қисығының теңдеулері мен айнымалылары. Мұнда біз енді пайыз мөлшерлемесі өзгеріссіз деген ойдан бас тартайық. Сонда G, T тіркелген мәндерінің шартында (2.1) теңдеуі пайыз мөлшерлемесі і мен тепе-теңдік табыс деңгейі Q арасында байланысты анықтайды.
Q-i диаграммасында бұл тәуелділік IS қисығын береді, оның әрбір нүктесі (Qe,i) тепе-теңдік жұп болып табылады, мұндағы Qe – і пайыз мөлшерлемесіне сәйкес келетін тепе-теңдік табыс деңгейі (3.6 Сурет).
IS қисығын құру тәсілінен келесі қорытынды жасауға оңай: G мемлекеттік шығыстардың артуы, Т салықтардың азаюы IS қисығын оңға жылжытады.
I(r) инвестициялық қисықтың оңға жылжуы да IS қисығын оңға жылжытады.
3.6 Сурет. IS қисығын құру