Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор. п.в.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
371.71 Кб
Скачать

5.3 Сурет. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы

G мемлекеттік шығыстардың өсуі, Т салықтардың азаюы, С тұтынушылық шығыстардың өсуі, М ақша ұсынысының артуы, болашаққа жағымды болжау AD жиынтық сұраныс қисығын оңға қарай жылжытады (5.3 сурет). Ондай болмаған жағдайда AD қисығының жылжуы солға бағытталады

18. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілі, икемді жалақы. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі шартында жалақы абсолютті икемді болып, еңбек нарығында тепе-теңдікті ұстап қалу үшін жылдам өзгереді. Бұның арқасында, бағалар деңгейі өзгергенде, еңбек ұсынысы өзгеріссіз қалады. Сондықтан классикалық жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тігінен орналасқан сызық болады (2.1 сурет).

2.1 Сурет. Классикалық жағдайдағы жиынтық ұсыныс

19. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі, икемсіз жалақы. Кейнстің тәсілдемесі бойынша жалақының белгілі қатаңдығы байқалады. Ол еңбек нарығындағы тепе-теңдікті лезде орнына қайтару үшін жылдам өзгере алмайды. Егер бағалар деңгейі төмендесе, онда нақты жалақы артады. Нәтижеде фирмалар еңбекке шығындарын азайта бастайды да, шығарылым көлемін қысқартады. Сондықтан кейнстің жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады (2.2 сурет).

2.2 Сурет. Кейнстің жағдайындағы жиынтық ұсыныс

Кейнстің шектік жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы көлдеңен сызылған сызық болады

20. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторлар. Жиынтық ұсыныс фирмалар мен үй шаруашылықтарының таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымынан тәуелділігін көрсетеді.

Шығарылым өндіріс факторларының шығындарымен анықталады:

Q = F(K, L),

мұндағы К – жиынтық капитал көлемі, L – еңбек шығындары. Бәсекелік фирманың пайдасын максимизациялау шартынан еңбекке сұраныстың тәуелділігін шығаруға болады:

,

мұндағы w – атаулы жалақы мөлшерлемесі, Р – бағалар деңгейі, w/P - нақты жалақы. Еңбекке сұраныстың тәуелділігі капиталдан тікелей, ал нақты жалақыдан кері болады. Неғұрлым нақты жалақы жоғары болса, соғұрлым фирмалар еңбекке сұранысын азайтады. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі шартында жалақы абсолютті икемді болып, еңбек нарығында тепе-теңдікті ұстап қалу үшін жылдам өзгереді. Бұның арқасында, бағалар деңгейі өзгергенде, еңбек ұсынысы өзгеріссіз қалады. Сондықтан классикалық жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тігінен орналасқан сызық болады (2.1 сурет).

2.1 Сурет. Классикалық жағдайдағы жиынтық ұсыныс

Кейнстің тәсілдемесі бойынша жалақының белгілі қатаңдығы байқалады. Ол еңбек нарығындағы тепе-теңдікті лезде орнына қайтару үшін жылдам өзгере алмайды. Егер бағалар деңгейі төмендесе, онда нақты жалақы артады. Нәтижеде фирмалар еңбекке шығындарын азайта бастайды да, шығарылым көлемін қысқартады. Сондықтан кейнстің жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады (2.2 сурет).

2.2 Сурет. Кейнстің жағдайындағы жиынтық ұсыныс

Кейнстің шектік жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы көлдеңен сызылған сызық болады

21. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып AD-AS графиктік моделін шығарамыз. Сонымен қатар үш жағдай болуы мүмкін, олар жиынтық сұраныстың классикалық, кейнстің және кейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.

Әрбір жағдайда макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады.

Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижеде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады (2.3 сурет).

2.3 Сурет. Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі

Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижеде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады (2.4 сурет).

2.4 Сурет. Кейнстің жағдайындағы AD-AS моделі

К ейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруісіз шығарылымның өзгеруін тудырады (2.5 сурет).

2.5 Сурет. Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі

Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың талықсытпасы (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]