
- •2 Макроэкономикадағы микроэкономикалық теорияның рөлі
- •4 Ауыспалы ағындар моделі “кему” және “қуат беру”
- •8 Тұтыну функциясы, тұтынуға шектік және орташа бейімділік.
- •9 Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік бейімділік.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •12 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •13 Кейнсиондық крес:тепе/теңдік шығарылым деңгейі:
- •15 Жиынтық сұраныстың құрылымы
- •16 Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар
- •5.3 Сурет. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы
- •22 Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері.
- •23 Экономикалық цикл фазалары. Инфляция түрлері, себептері.
- •24 Жұмыссыздық түрлері және оның табиғи деңгейі.
- •27 Lm қисығының теңдеуі мен айнымалылары. Lm қисығын шығару үлгісі. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар.
- •28 Бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық және инфляциялық емес....
- •31. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
- •32. Орталық банктің операциялары.
- •35. Шағын ашық экономика моделі.
8 Тұтыну функциясы, тұтынуға шектік және орташа бейімділік.
ЖІӨ құрамында тұтыну үлесі оның үлкен бөлігін құрайды. Тұтынушылық шығыстарға тамақ өнімдеріне, киімге, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларға, ойын-сауыққа кеткен шығыстар енеді. Әр түрлі тұтыну теориялары бар. Дж.М. Кейнстің айтуынша тұтынудың көлемімен құрылымын анықтайтын бас фактор болып қолдағы жеке табыс DI табылады. Мұнда қолдағы жеке табыс Q – T тең болып қабылданады, яғни шығарылым минус таза салықтар.
Кейнсиандық тұтыну функциясы келесі түрде жазылады:
C = C(Q – T),
ал сызықтық түрде:
С = С0 + c. (Q – T), 0 < c < 1.
с коэффициенті қолдағы табыс бір бірлікке артқанда тұтыну қандай шамаға өсетінін көрсетеді. Бұл шама тұтынуға шектік бейімділікке (МРС) тең және 2.2. суретінде тұтыну қисығының көлбеуіне сәйкес келеді.
3.2 Сурет. Тұтыну қисығы
Жинақтауға шектік бейімділік MPS = 1 – MPC, ал С0 шамасы автономды тұтынуды білдіреді. Салықтардың Т өсуі тұтыну қисығын төмен жылжытады, ал азаюы – жоғары.
9 Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік бейімділік.
Жинақтауға шектік бейімділік – бұл қолдағы бар табыстың бір бірлікке жоғарылауы нәтижесіндегі жинақ көлемінің өзгеретін шамасы. Ол S пен (Y-T) арасындағы байланысты көрсетеді:
MRS=∆S/(Y-T)
Бұл теңдеу қолдағы бар табыс бір бірлікке өзгергенде, S қаншаға өзгеретінін немесе қолдағы табыс өзгерісінің үлесін білдіреді. Әдетте MRS 0 мен 1 интервалындағы мәндерді қабылдайды.
Ал жинақтауға орташа бейімділік ARS – қолдағы бар табыстың бір бірлігіне келетін жинақтау көлемін білдіреді. Ол былай анықталады:
APS=S/(Y-T)
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі.
10 Жинақтау себептері мен көздері. Жинақтауға шектік бейімділік – бұл қолдағы бар табыстың бір бірлікке жоғарылауы нәтижесіндегі жинақ көлемінің өзгеретін шамасы. Ол S пен (Y-T) арасындағы байланысты көрсетеді:
MRS=∆S/(Y-T)
Бұл теңдеу қолдағы бар табыс бір бірлікке өзгергенде, S қаншаға өзгеретінін немесе қолдағы табыс өзгерісінің үлесін білдіреді. Әдетте MRS 0 мен 1 интервалындағы мәндерді қабылдайды.
Ал жинақтауға орташа бейімділік ARS – қолдағы бар табыстың бір бірлігіне келетін жинақтау көлемін білдіреді. Ол былай анықталады:
APS=S/(Y-T)
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі.
Жинақтау динамикасын анықтайтын факторлар:
Үй шаруашылығының табысы
Үй шаруашылығында жиналған байлық
Баға деңгейі
Экономикалық күту
Тұтынушы қарыздарының көлемі
Салық салу деңгейі
Жинақтау көлемі салыстырмалы тұрақты болады, мемлкет оларды өзгерту үшін арнайы шара, соның ішінде салық салу жүйесі арқылы қолданбайды. Бұл көлемдердің тұрақтылығы үй шаруашылығының жинақтау шешімдеріне байланысты.
Жинақтар үш топқа бөлінеді :
Жеке жинақ: Sжеке= Y-T-C
Мемлекеттік жинақ: Sмемл=T-G
Ұлттық жинақ: S=Sмемл+Sжеке=(Y-T-C)+(T-G)=Y-C-G
Қаржы нарықтарында ұлттық жинақтар қаржылық ресурстардың ұсынысын білдіреді.
11. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция. r - нақты пайыз мөлшерлемесі болсын, ол қазіргі күндегі жинақтардың сомасына болашақта сатып алынатын тауарлар көлемінің терминдерінде есептелетін жинақтардан түсетін табысты өлшейді.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі і қазіргі күндегі жинақтардың сомасына болашақта алынатын ақша сомасының терминдеріндегі табысты білдіреді.
I
инвестициялар көлемімен r нақты пайыз
мөлшерлемесі арасында кері тәуелділік
бар. r пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі
көптеген инвестициялық жобаларды
пайдалы етуі мүмкін.
r
I