
- •2 Макроэкономикадағы микроэкономикалық теорияның рөлі
- •4 Ауыспалы ағындар моделі “кему” және “қуат беру”
- •8 Тұтыну функциясы, тұтынуға шектік және орташа бейімділік.
- •9 Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік бейімділік.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •12 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •13 Кейнсиондық крес:тепе/теңдік шығарылым деңгейі:
- •15 Жиынтық сұраныстың құрылымы
- •16 Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар
- •5.3 Сурет. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы
- •22 Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері.
- •23 Экономикалық цикл фазалары. Инфляция түрлері, себептері.
- •24 Жұмыссыздық түрлері және оның табиғи деңгейі.
- •27 Lm қисығының теңдеуі мен айнымалылары. Lm қисығын шығару үлгісі. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар.
- •28 Бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық және инфляциялық емес....
- •31. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
- •32. Орталық банктің операциялары.
- •35. Шағын ашық экономика моделі.
35. Шағын ашық экономика моделі.
36. Экономикалық өсудің көздері, өсудің факторлық моделі. Ол белгілі уақыт аралығында нақты өндіріс көлемінің ұлғаюын білдіреді. Елдің экономикалық потенциалының өзгерісін бағалау үшін белгілі кезең аралығында ЖҰӨ немесе ЖІӨ өсу қарқыны қолданылады. Экономикалық өсу – ұзақ мерзімді құбылыс. ЖІӨ-ң жоғарылауы мен құлдырауы ЖІӨ-ң ұзақ мерзімді трендінің шамасында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Халықтың әл-ауқаты деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы түрде, ел тұрғындарының әл-ауқатын халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіші толық шамада көрсетпейтініне экономистердің барлығы келіседі. Себебі, бұл көрсеткіш қоршаған ортаның ластануын, бос уақыттың болуын, өмірдің ұзақтығын, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін ескермейді.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ-ң жоғары деңгейі қалыптасқан бай елде алайда кедейшіліктің жоғары деңгейі болуы мүмкін. Кедейшілік – бұл игіліктерді бөлу проблемасы. Бірақ, сонда да экономикалық өсу халықтың тұрмыс жағдайын жоғарлататын шарт болып қабылданады.
Экономикалық өсудің көздері:
пайдаланатын ресурстар (еңбек, капитал, жер, шикізат) көлемін арттыру,
жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.
Өндіріс көлемі Q капитал қоры К, еңбек мөлшері L және қолданылатын технологиямен анықталады:
Q = F(K, L).
Басында еңбек мөлшері тұрақты деп есептейміз. Тұрақты ауқым нәтижесі орын алуда деген жорамалда бір жұмысшыға (еңбек бірлігіне) шаққандағы айнымалыларға көшуге ыңғайлы болады:
y = Y / L - бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым,
k = K / L - капиталмен жарақтандырылғандық.
Онда бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция бұлайша жазылады
y = f(k) , где f(k) = F(k, 1).
7.2.Сурет. Өндірістік функциясының графигі
Капиталдың шектік өнімі MPk өндірістік функцияның f(k) туындысына тең, яғни оның графигіне жанасқан қисықтың көлбеуіне (8.2 сурет).
Барлық өндірілген өнім y тұтыну c және инвестицияларға i бөлінеді. s=i/y қатынасы қорлану нормасы деп аталады. Оның мәні 0 мен 1 шегінде орналасқан. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар тең i=sf(k), ал тұтыну тең c=(1–s)·f(k). d – амортизация нормасы болсын. Ол тозу нәтижесінде жыл сайын шығарылатын капитал үлесі.
Сонда Солоу моделінің негізгі теңдеуі бұлайша жазылады:
k
= sf(k) - d.
k
.
Ол таңдалған қорлану нормасына байланысты бір жыл аралығында капиталмен жарақтандырылғандықтың өзгерісін анықтайды.
y
f(k)
d .
k
k0
k
7.3 Сурет. Стационарлық тәртіп
Е
гер
уақыт аралығында капиталмен
жарақтандырылғандық k өзгермесе, онда
экономика стационарлық тәртіпте (тұрақты
қалпыда) деп саналады. Сонда бір жұмысшыға
шаққандағы шығарылым y, инвестициялар
i, тұтыну c да өзгермейді. Онда негізгі
теңдеуден стационарлық тәртіптің шарты
шығарылады:
sf(k) = d. k .
Диаграммада капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі sf(k) және d. k функциялар графиктерінің қиылысу нүктесімен анықталады (8.3 сурет).
Неғұрлым қорлану нормасы s көп болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k0, және де шығарылым f(k) мен инвестициялар sf(k) да үлкен болады. Бірақ, бұл жағдайда бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c қалай өзгеретіні белгісіз.
Қоғам адамдардың әл-ауқатын жоғарлатуға құштар. Сондықтан бір жұмысшыға шаққандағы тұтынуды максималды ететін капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k* мына шарттан анықталады:
f’(k) = d, немесе, MPk = d.
Бұл шарт қорланудың алтын ережесі деп аталады. Қорланудың оңтайлы деңгейінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну барынша көп болады да, уақыт аралығында өзгермейді.
Сонымен бірге, халықтың өсу қарқыны мен ҒТП әсерін ескеру арқылы дәл осындай талдау жасауға болады.
ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР :
Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары
Макроэкономикада микроэкономикалық теорияның ролі
Экономикалық теориялар мен модельдер
Ауыспалы ағындар моделі. «Кему» және «қуат беру».
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
Нақты, атаулы ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы
Тұтыну функциясы. Тұтынуға шектік және орташа бейімділік
Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік және орташа бейімділік
Жинақтау себептері және көздері. Ұлттық, мемлекеттік, жеке жинақтар
Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция
Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Кейнсиандық крес: тепе-теңдік шығарылым деңгейі.
AD-AS моделі мен Кейнс крестінің өзара байланысы
Жиынтық сұраныстың құрылымы
Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар
Жиынтық сұраныс қисығын шығару, оның жылжуы
Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілі.Икемді жалақы
Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы
Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторлар
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері
Экономикалық цикл фазалары. Инфляция себептері, түрлері
Жұмыссыздықтың түрлері және оның табиғи деңгейі
Филипс қисығы
IS қисығының теңдеуі мен айнымалылары. IS қисығын шығару үлгілері. IS қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар
LM қисығының теңдеуі мен айнымалылары. LM қисығын шығару үлгісі. LM қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық және инфляциялық емес
Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясының теңдеуі
Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Нақты ақша қорлары.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Орталық банктің операциялары. Ақша саясатының құралдары.
Ақша мультипликаторы және ақша ұсынысы.Артық резервтер нормасы. Ақша Төлем балансы және оның шоттары
Атаулы және нақты валюта айырбас бағамы..
Шағын ашық экономика моделі
Экономикалық өсудің көздері. Өсудің факторлық моделі. Факторлардың жалпы өнімділігі