Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор. п.в.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
371.71 Кб
Скачать

1 Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары. Макроэкономиканың негізгі мәселелеріне экономикалық өсу, инфляция және жұмыстылық жатқызылады. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық ауытқуларды, макроэкономкалық саясатты және елдер арасындағы макроэкономикалық өзара байланыстарды зерттейді.

Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және шетелдік (сыртқы сектор).

Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұраныс білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары әл-ауқатын жақсартуға тырысады.

Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тұдырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады, инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы барынша арттыру болып табылады.

Мемлекеттік секторға, ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол, мысалыға, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер. Мемлекет елдің тиімді экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты құрып, жүзеге асырады.

Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектердің жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капитал және ұлттық валюталармен өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.

Макроэкономикада экономиканы бір тұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.

2 Макроэкономикадағы микроэкономикалық теорияның рөлі

Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру б.т. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өдшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макро талдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын,қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с.,ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады.Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:

1-кезеңге фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауынз зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2 – кезеңде фирмалар мен шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі.Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3 – кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэконималық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортысындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

3 Экономикалық теориялар мен модельдер. Экономикалық теориялар жиі модельдер түрінде тұжырымдалады, олар экономикалық айнымалылар арасындағы ара қатынастарды анықтайды. Әр модель белгілі мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономиклық заңдылықты зерделеу, жоспарлау және болжау. Модельдер сөзбен, график арқылы немесе математикалық түрде құрылады.

Экзогенді және эндогенді айнымалылар ажыратылады. Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады, ал эндогенді айнымалылар модельдің ара қатынасынан шығарылады.

Сонымен бірге экономикалық айнымалыларды келесі түрінен ажыратады: қор айнымалысы белгілі уақыт мезетінде анықталатын шама болса, ағын айнымалысы уақыт бірлігіне шаққандағы шаманы көрсетеді. Мысалы, капитал көлемі, мемлекеттік қарыз, байлық қор айнымалысына, ал жалпы ішкі өнім, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ағын айнымалысына жатқызылады.

Экономикада уақыт аралығында бағалар өзгеріп тұрады. Бірақ бұл лезде орын алмайды. Себебі бағалар мен жалақы қатаң болады. Макроэкономикада қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт кезеңі ажыратылады. Экономистердің айтуынша, бағалар ұзақ мерзімді кезеңде икемді және қысқа мерзімді кезеңде икемсіздеу болады.

Қарапайым сызықтық модельдерді келесі түрде жазуға болады:

y = kx + b (1.1)

мұндағы - x,y - айнымалылар, ал қалған шамалар – модельдің тіркелген параметрлері.

1.1.Сурет. Түзу сызық

k шамасы – (1.1) теңдеуімен берілетін сызықтың бұрыштық коэффициенті, b – бұл сызықтың тік осінен кесетін кесіндінің шамасы.

k бұрыштық коэффициентін экономистер сызықтың көлбеуі деп атайды. Ол х айнымалысын 1 бірлікке арттырғандағы тәуелді айнымалы у қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді. Егер k>0 болса, сызықтың көлбеуі оң болады (оңға-жоғары), ал егер k<0 – сызықтың көлбеуі теріс (оңға-төмен).

(1.1) теңдеуінің параметрлерінің өзгеруі сызықты жылжытады, оның көлбеуін өзгертеді. k коэффициентінің абсолютті шамасы артқанда сызық тіктеу, ал азайғанда – жатықтау болады. Егер b мәнін өсірсек, сызық өзінен параллель түрінде жоғары жылжиды, егер де кемітсек – төмен жылжиды.

Әрине, практикалық мақсаттарда қолданылатын модельдер (1.1)-ге қарағанда аса күрделі болуы мүмкін. Олардың құрамында бір емес, алайда бірнеше теңдеулер, олардың ішінде сызықтық емесі де болуы мүмкін. Экономикада табиғи ғылымдармен салыстырғанда эксперименттер жүргізу мүмкіндіктері өте шектеулі. Сондықтан экономикада модельдердің құрылуы статистикалық мәліметтерге сүйенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]