
- •2 Тақырып: Менедженттің метедологиялық негіздері.
- •3. Тақырып: Басқару ғылымының қалыптасуы мен әдісі.
- •Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.
- •Империкалық білім мектебі.
- •4. Тақырып: Басқарудағы жүйелік тәсілдердің негіздері.
- •5. Тапқырып: Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі.
- •7. Тақырып: Ұйымдар немесе оларды тиімді басқару.
- •7. Тақырып: Ұйымдастыру процесі және өкілеттіктер.
- •8.Тақырып: Менеджментті ақпаратпен қамтамассыз ету
- •II. Ұйымдастыру тұрғысынан салып қарағанда, ақпарат:
- •Құжатталған ақпарат.
- •Құжатталынбаған ақпарат.
- •9.Тақырып: Менеджменттегі коммуникация.
- •10. Тақырып: Менеджменттегі басқару шешімдер теориясы.
- •1. Бағдарланған.
- •3. Басқарушылық шешімдерді жіктеудің белгілеріне мыналарды жатқызу керек.
- •4. Шешім қабылдау- азды - көпті ұзақ процес. Бұл процес бірнеше сатылардан тұрады.
- •11. Тақырып: Экономикалық басқару әдістері
- •12. Тақырып. Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдісі
- •13. Тақырып: Функция ұғымының маңызы және жіктелінуі
- •14. Тақырып: Менеджметтегі жоспарлау
- •15. Тақырып: Менеджменттегі мотевация
- •1. Әлеуметтік қажеттіліктер, оған не жатады
- •2. Құрметке ие болу қажеттіліктері
- •1. * Гигиеналық факторлар*
- •16. Тақырып: Менеджмет жүйесіндегі бақылау
- •17. Тақырып: Адам қызметін басқару және топты басқару.
- •18. Тақырып: Басшылық , билік ықпал ету.
- •2. Дуглас Мак Грегордың х және у теориялары. Либералды басшылық
- •20. Тақырып: Қайшылықтар
- •2. Интеграциялық механизмдер қолдану әдісі
- •3. Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру әдісі
- •4. Марапттау жүйелерінің қолданылуы әдісі
II. Ұйымдастыру тұрғысынан салып қарағанда, ақпарат:
жүйеге келтірілген (жүйеленген)
жүйеге келтірілмеген ( жүйеленбеген)
Жүйеге келтірілген ақпарат дегеніміз - көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестері, мерзімдері, ұсынылу қалыптары бойынша адамға күні бүрын берілген мазмұн мен тәртіп бойынша және келісілген мерзім мен айтылған уақыт түсіп отырады.
Жүйленген ақпараттарға жататындар: берілген статистикалық есеп, өндірістегі жұмыстардың барысы, ресурстардың жұмсалуы т.б туралы күнделікті
( оперативті ) ақпарат.
Жүйеге келтірілмеген ақпарат дегеніміз - сипаттары бойынша толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл ауық түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше жағдайларда ақпарат.
Басқару процесіндегі ақпарат 2 түрге бөлінеді.
Құжатталған ақпарат.
Құжатталынбаған ақпарат.
Құжатталған ақпарат келесідей түрде болады:
есептер;
анықтамалар;
мәжіліс протоколдары;
баяндау жазбалары;
хаттар;
қаулылыр;
жоспарлар;
бұйрықтар;
нұсқаулар;
Құжатталынбаған ақпарат - бұл көбінесе телефон арқылы, жеке әңгімелесуде, екңесте және ауызша түрде берілген ақпарат.
Жүйеге келтірілген ақпараттардың барлығы да құжатталынады: ал жүйеге келтірілмеген ақпарат ішінара ғана құжатталады.
Ақпарат жүйелері дегеніміз - деректерді жинау, өңдеу, сақтау және оны жеткізу мақсатында, оларды толық, дәл және дер кезінде болуын есепке ала отырып, басқару органдарының жеткілікті түрде өткізгіштік қабілетін, деректердің өтуі мен пайдалануының барлық буындарында оларды бір жақты түсіну, әр түрлі деректердің маңыздылығын дұрыс анықтауы мен басқару ұйымдық құрылымдарының барлық деңгейіндегі басшылар үшін оларды тиісті, іріктеуді қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерінің жиынтығы.
Ақпараттар жүйесін жетілдірудің іс - әрекет жоспары келесі болып табылады.
1-кезең. Қолда бар жүйені зерттеп білу. Ол кешенді түрде болуға және бұдан кейінгі кезеңдерге ақпарат жүйесінің барлық элементтерін жасау үшін материал беруге тиіс.
2- кезең. Алынған материалды талдау. Ол ақпарат жүйесін жетілдірудің техникалық, экономикалық жағынан негізделуімен қоса негізгі бағыттар туралы ұсыныстарды дайындау.
3- кезең. Ақпарат жүйесінің жобасын дайындау. Бірнеше шағын кезеңдерге және тауарларға бөліну мүмкін. Жобода жаңа жүйенің ақпараттың түрлі моделі,
ақпарат тасқындарын тәртіпке келтірілген ережелер мен нұсқаулар, көрсеткіштер жүйесі мен оларды алу әдістерін суреттеу. Документация жасау форма мен құжат айналымының үлгілері, құжаттау ережелері болуға тиіс.
3. Әрбір өндірісте немесе кәсіпорында қарапайым және күрделі ақпараттық жүйлер болады.
Қарапайым хабарлама жүйлері дегеніміз - ақпарат пайда болған жерден оны адамдарға ешбір өңдеусіз жеткізуді қамтамасыз ететін жүйлер. Бұл- радио, телефон арқылы ауызша берілетін бір жолға хабарлар болуы мүмкін. Қарапайым ақпарат жүйелер: бригада, участоктар дәрежесіндегі басқару үшін сипатты нәрсе.
Күрделі информациялық жүйлер дегеніміз - оларды құрастырушы ақпарат үлгілерінің информациялық өңделуін бастапқы ақпарат негізінде туынды информация алынуын және олардың талдануын, күрделі есептеулер жасалуын керек ететін жүйлер.
Осы заманғы өндіріс пен оны басқару дәрежесі әдетте күрделі ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруды көздейді.
Қазіргі кезде ақпарат жүйесінің дамуы – күрделілігі неғұрлым аз жүйелерден күрделілігі анағұрлым жоғары жүйелерге қарай жүреді.
Күрделілігі неғұрлым аз ақпарат жүйелер дегеніміз - информациялық модельдер көрсетілген технология бойынша информацияны алу, жинақтау, беру, өңдеу және тұжырымдау ісін адам жүзеге асыратын жүйелер. Информацияны өңдеген кезде адамның қарапайым байланыс құралдарын қолдануға ерік береді, бұл жүйелер кәсіпорындарда кеңінен қолданады.
Күрделі орташа инфопмация жүйелер дегеніміз - информациялық өңдеу жөніндегі бір технологиялық операцияның адам жүзеге асыратын, ал екіншілерін механикаландыру мен автоматтарды қамтамасыз ететін техникалық құралдар арқылы жүзеге асатын жүйелер.
Информацияны оның жинақтарын және өңделетін жерлеріне, сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы есеп құжаттарын жөнелту арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттың бір бөлігі, әсіресе техникалық экономикалық есептері бар шығыс құжаттарын, тұжырымдау, қажет болған жағдайда- автоматтандырылған түрде өңделуі мүмкін.
Кәсіпорынның анағұрлым информациялық жүйелері дегеніміз - ақпараттарды өңдеу бүкіл технологиялық процесі түгел автоматтандырылған жүйелер.
Мұндай жүйелердегі ақпараттарды алу, жинақтау, беру, өңдеу ісі шығыс құжаты тұжырымдауды қоса алғандағы прогресті техникалық құралдардың жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге асырылады.