Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор менеджмент получше.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.12.2019
Размер:
103.39 Кб
Скачать

7. Тақырып: Ұйымдастыру процесі және өкілеттіктер.

  1. Басқарудағы ұйымның маңызы.

  2. Ұйымддардың неізгі анықтамалары.

  1. Жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымдарды құруды басқарудың маңызды функцияларының бірі- ұйымдастыру болып табылады. Аталған функциялардың мақсаты- басқарушы мен басқарылушы жүйелері, сондай- ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру.

Жалпы ұйымдастыру функцияларында біршама дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді бөліп қарастыруға болады.

    1. Басқару жүйесін ұйымдастыру.

    2. Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру.

    3. Басқару субъектісі ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру.

  1. Басшының ең басты міндеті өзіне бағынышты қызметкерлердің күш - жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталады.

Өкілеттіктер- ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш- жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге, бағыттауда берілетін мүмкіндік және құқық.

Делегирлеу - мақсаттың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.

Жауапкершілік - алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі мінднттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.

Өкілеттіліктер мен жауапкершіліктер.

Өкілеттілік беру дегеніміз - басқару қызметін бөлісу процесін дамыту. Ол басқару жүйесінің икемділігін күшейтеді және штат құрылымын өзгертпей-ақ шаруашылық жүйесінде жаңа проблемаларды шешуге, жедел реттеп отыруға мүмкіндік береді. Жауапкершілігі аз, өкілеттілігі көп болса ойластырылған шешімдер көп болады. Өкілеттілік аз болғанда, жауапкершілік тің зор болуына да жол беруге болмайды, қажетті шешімдер қабылдау мүмкіндігі жойылады.

Өкілеттіктер мен билік.

Көп жағдайда өкілеттіктер мен билік ұштастырылады. Дегенмен, өкілеттілік дегеніміз - ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берілетін шектеулі құқық. Ал билік қалыптастыратын жағдайда нақтылы ықпал әсер ету мүмкіндігі болып табылады және өкілеттілікке ие болмай-ақ билік жүргізуге болады.

Ақпаратты өкілеттер.

Өкілеттер:- кеңес беруші, қызмет көрсетуші және ақпарат болып табылады.

Кеңес беруші ақпарат- басшылық арнаулы білімді қажет ететін ерекше проблема туындағандай тиісті мамандарды өзіне уақытша немесе тұрақты негізінде жұмысқа шақыра отырып, кеңес беруші ақпарат құрады. Ол міндетіне басшылары өз мамандығы бойынша қызметкерлерді баулу және жетілдіру, жаңа техника және технология, құқық т.б салалары жоғары дәрежеде екңес беру, үйрету.

Қызмет көрсетуші ақпарат - қоғаммен байланысты, қаржыландыру, маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологияны қорғау мәліметтерін орындайды.

Ақпарат жеке - жоғарғы басшыларының еңбегінің тиімді ұйымдарға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекші қызметкерден құралады.

СӨЖО.

1). Өкілеттіктер және компитенция.

2). Ұйымдық құрылымды құру.

8.Тақырып: Менеджментті ақпаратпен қамтамассыз ету

  1. Басқарудағы ақпарат ұғымы және олардың маңызы.

  2. басқарудағы ақпараттар жүйесін жетілдірудің іс- әрекет жоспары.

  3. Күрделі ақпараттық жүйе.

  4. Ақпараттың жинақталуы, өңделуі және жіктелуі.

  1. Ақпарат дегеніміз - белгілі міндеттерді шешу үшін пайдалы деп бағаланбаған, қабылданған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандай-да бір оқиға туралы т.б жағдайлар туралы хабарлар болып табылады.

Қазіргі кезеңде ақпаратты зерттеу негізгі 3 тұрғыда жүреді.

  1. синтактика - ол деректерді қайта өңдеу мен жеткізу құралдардың өткізу қабілеті мен табиғи кедергідерді жою тұрғысынан зерттейді.

  2. семантика - хабардың маңызы мен оның көріну формасын зерттейді.

  3. прогматика - хабардың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен байланысты.

Өндірісті басқару ақпараты 2 топқа бөлінеді:

    1. Мазмұндылық ( сематикалық) белгілері бойынша.

    2. Ұйымдық ( прагматикалық ) белгілері бойынша.

Мазмұнының белгілері бойынша ақпарат келесіге бөлінеді:

  1. Бейнеленетін объектілер бойынша ( халық, еңбек ресурстары, табиғи ресурстар, өндірілген құрал- жабдықтар, өнім шығару және қызмет көрсету, ақша қаражаттары т.б ).

  2. Ұдайы өндіріс сатылары мен процестері бойынша ( өндіріс, айналым, бөлу, тұтыну туралы ақпарат).

  3. Халық шаруашылығының салалары бойынша ( өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, құрылыс т.б).

Мазмұндылық белгілері ақпаратта бейнеленетін технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және басқа қатынастарының түрі бойынша оны бөлетін маңызды белгіге жатады.