Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор менеджмент получше.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.39 Кб
Скачать

7. Тақырып: Ұйымдар немесе оларды тиімді басқару.

  1. Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.

  2. Мақсаттық басқару.

  3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері.

  1. Ұйым дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.

Әрбір топтың ұйым боллып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады.

    1. Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.

    2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

    3. Топтың мақсатына жету үшін топ мүшесінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.

Ұйымдардың негізгі түрлері.

Мақсатты орындауда, нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құралады.

1). Ресми ұйымдар.

2). Бейресми ұйымдар.

3). Күрделі ұйымдар болып жіктеледі.

Ресми ұйымдар деп- мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркінен құрылған адамдар.

Бейресми ұйымдар деп- қызмет барысындағы әлеуметтік қатыныстарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құралады.

Күрделі ұйымдар деп- құрылым мен мақсаттың жан- жанты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мүліктер басымдарына қарай тиімді үйлестірімдерді талап етеді.

Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бір қатар сипаттамаға ие болады.

Оларға мыналар жатады.

1). Ресурстардың орын алуы.

2). Сыртқы ортадан тәуелділігі.

3). Көлденең және тік еңбек бөлінісі.

4). Басқару қажеттілігінің енгізілуі.

1). Ресуртар жалпы алғанда кез- келген қызметі нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдағы ресурстар келесідей болып бөлінеді.

- адамдық;

- қаржылық;

- материалдық;

- технолгиялық;

- ақпараттық;

2). Сыртқы ортадан тәуелділігі деп- ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайында оның қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси нарықтық, халықаралық, технологиялық, әлеуметтік факторларға байланысты болады.

3). Көлденең еңбек бөлінісі деп- басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді орындау мақсатында компаненттерге жіктеледі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік қызметінің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі деп- басқару ісін күрделі, жүйлік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыру қажет, осыдан барып қызметінің анықталуы, өкілеттің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады. Ұйым ішіндегі басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді.

Жоғарғы буын- ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт- бағдарламасын қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыны ( президент, вицепрезидент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

Орта буын- жоғарғы буын анықтамасында ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметін орындаудан өндірістік бөлім басшылары.

Төменгі буын- тікелей орындар және төменгі қызметті орындайтын басшы буындар.

4). Басқару қажеттілігің нарықтық экономикалық жағдайда басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік меншік формаларының сан- алуандығы, шаруашылық орын алғанда басқарудың қажеттілігімен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

2. Мақсаттық басқару- кәсіпорын мүлкінен тиімді пайдалана отырып, алға қойған нәтижелерге қол жеткізу.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттіліктеріне негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және төмендегідей сипатқа ие болады:

  1. Мақсат- нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі болуы керек.

  2. Мақсат- белгілі мерзімнен шектелуі тиіс. Осыған орай мақсаттар: ұзақ, орта және қысқа мерзімде болады.

  3. Ұйым мақсатына- сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндігіне қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылданады.

Қ.Р ұйымдарының құрылуы мен қызмет жасау тәртібі арнаулы заң құжаттарымен белгіленген. Атап айтқанда 1995ж қаңтар айында қабылданған « азаматтық кодекстер » ұйымдарының түрлері мен негізгі белгілері заңды тұлға ұйымында белгіленген.

Ұйымның заңды тұлға болып есептелуі меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мүмкіншіліктің болуы мүлік пен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажет шарт болып табылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру болып табылатын ұйым, коммерциялық ұйым деп аталады, мұндай заңды тұлғалар мемлекет, кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндіру кооперативтер нысанында құралады.

Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алған пайдасын қатысушыларға үйлестірмейтін ұйым коммерциялық ұйым, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін.

Ұйымдарды тиімді басқару сипаттамалары.

  1. Экономикалық.

  2. Әлеуметтік психологиялық.

  3. Құқықтық.

  4. Ұйымдастыру, техникалық.

  1. Экономикалық тұрғы - өз құрамында өндірілген процесті басқаруды көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарды үйлестіруді қамтиды.

  2. Ұйым алдында қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтың қызметін белгілейді.

  3. Басқарудағы мемлекет, саяси экономикалық институттар құрылымын, ол жүргізетін бағытын, анықтаған заңдарын көрсетеді.

  4. Өз құрамында орын алған жағдайда дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізу.

  1. Басқарудың тиімділігі мен менеджменттің іс- әрекеттерін экономикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.

Менеджер ұғымы ағылшын тілінен аударғанда « бір нәрсені реттеу, теңестіру, басшылық ету » дегенді білдіреді. Менеджменттің міндетін ұйымдағы бір ауыздылықты және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кездегі менеджменттерге төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Өзіне деген сенімділік.

  2. Жеке басының бағалық қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру.

  3. Қызметкерлерді баулу және байланысты орнату қабілеттілігі.

  4. Басқару әдіс- тәсілдерін білу.

  5. Тиімді шешім қабылдауға дағдылану.

Менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.

Басқару әрекетін жүргізу басшылардың білім деңгейі, басшылардың тәжірибелік байланысы.

Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық.

Басқарушы үлгілер.

Басқарушы үлгі деніміз - қажетті іс - қимылды жүргізуде басшылардың бойындағы арнаулы білімі, мінез - құлқы белгілерінің болуы.

Мақсатқа жету ережелері, адаммен қарым - қатынас жасау әдісі, билікпен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінеді.

Басқару теориясы мен тәжірибесінде 4 үлгі орын алады.

  1. Басқарушы- жетекші ( лидер) шешім қабылдауда және оны жүзеге асыруда, қызметтер мен тығыз қарым - қатынас жасауы, әркімнің мүмкіндігінен толық ұғымын және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.

  2. Басқарушы - әкім, ұйымның табысқа жетуін қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдардағы міндеттер мен жауапкершілігі тығыз ара - қатынасын орнатады.

  3. Басқарушы – жоспарлаушы, ол нақтылы жағдайды зерттей отырып, ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауды бағыттайды.

  4. Басқарушы- кәсіпкер, ол ұйымның болашағын жаңа бағытқа белгілейді. Басқарушы кәсіпкер өнім өндіруді қолдау мен қызықтыруда, бәсекелестік пен қызметтерді тиімді жетілдіруде, стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]