
- •2 Тақырып: Менедженттің метедологиялық негіздері.
- •3. Тақырып: Басқару ғылымының қалыптасуы мен әдісі.
- •Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.
- •Империкалық білім мектебі.
- •4. Тақырып: Басқарудағы жүйелік тәсілдердің негіздері.
- •5. Тапқырып: Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі.
- •7. Тақырып: Ұйымдар немесе оларды тиімді басқару.
- •7. Тақырып: Ұйымдастыру процесі және өкілеттіктер.
- •8.Тақырып: Менеджментті ақпаратпен қамтамассыз ету
- •II. Ұйымдастыру тұрғысынан салып қарағанда, ақпарат:
- •Құжатталған ақпарат.
- •Құжатталынбаған ақпарат.
- •9.Тақырып: Менеджменттегі коммуникация.
- •10. Тақырып: Менеджменттегі басқару шешімдер теориясы.
- •1. Бағдарланған.
- •3. Басқарушылық шешімдерді жіктеудің белгілеріне мыналарды жатқызу керек.
- •4. Шешім қабылдау- азды - көпті ұзақ процес. Бұл процес бірнеше сатылардан тұрады.
- •11. Тақырып: Экономикалық басқару әдістері
- •12. Тақырып. Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдісі
- •13. Тақырып: Функция ұғымының маңызы және жіктелінуі
- •14. Тақырып: Менеджметтегі жоспарлау
- •15. Тақырып: Менеджменттегі мотевация
- •1. Әлеуметтік қажеттіліктер, оған не жатады
- •2. Құрметке ие болу қажеттіліктері
- •1. * Гигиеналық факторлар*
- •16. Тақырып: Менеджмет жүйесіндегі бақылау
- •17. Тақырып: Адам қызметін басқару және топты басқару.
- •18. Тақырып: Басшылық , билік ықпал ету.
- •2. Дуглас Мак Грегордың х және у теориялары. Либералды басшылық
- •20. Тақырып: Қайшылықтар
- •2. Интеграциялық механизмдер қолдану әдісі
- •3. Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру әдісі
- •4. Марапттау жүйелерінің қолданылуы әдісі
5. Тапқырып: Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту шаралары.
Тұтыну рыногын тәртіпке келтіру.
Нарықтық қатынастарға негізгі бағыттары.
Өтпелі кезеңде экономикалық тұрақтандыру, басқару өнерін көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республикалық экономикалық тұрақтандыру мақсатымен өкімет 1990ж 6-желтоқсанда қазақ жоғарғы кеңесінің жарлығы бекітілген арнайы бағдарламалар жасаған.
Осы бағдарламаларға сәйкес тұрақтандыру шарттарының бірі – мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту. Бұл үшін Республикалық, жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қысқарту ревизиясы жасалады.
Бюджет шығысын келесі баптар бойынша қарастырады:
Өндірістік құрылысқа күрделі қаражатты азайту. Мемлекеттік жоспарлау практика ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы объектінің даму қағидасы сақталған. Бұл қағида экстенсивті экономикаға және оның әкімшілдік - әміршілдік шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер шығаруды күшейтуге көп көңіл бөлінді.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттарын жоғалтқан қосымша шығындар мерзімінде игерілмеген бөлінбеген қаражаттар.
Бұрын қабылданған барлық инвестициялық бағдарламалардың күшін жою.
Тиімсіз шығындарға жасалатын мемлекеттік ұйымның тексерісі.
Бюджет кірісін жоғарлатуда үлкен роль атқаратындар:
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер.
Жергілікті өндіріс өнімдерінің кең айналымынан алынатын салықтарды енгізу.
Еркін бағалар бойынша импорттық тұтыну бағаларын, тауарларын сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.
Одан басқа тұрақтандыру шаруашылық жиынтығын, үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған саясатын жүргізу әрекеті кіреді. Дайындығы төмен объектілердің құрылысы уақытша тоқталады, отын және шикізат кен орындарын ұзақ мерзімді жалға беру, тұрғындарына сатуға және мұраға қалдыру құқығымен тұрғын үйлерді сатуды күрт жандандыру кәсіпорын акцияларын өткізу жатады.
Тұтыну рыногын тәртіпке келтіру экономикалық басқару жүйесіндегі негізгі объектілердің бірі нарықтық неізгі элементтерін басқару, яғни тұтыну нарығының қалыпты қызмет етуі. Өкімет тұтыну нарығын толтыру шаралар кешенін ұсынады және жүзеге асырады.
Заттың логикасы бойынша бұл мәселені шешудің басты қайнар көзі- барлық тауарлық ресурстардың ішінде басты орынды алу меншікті орынды алу. Осыған байланысты көптеген мәселелерді шешуге болады.
бірінші кезекте, тапшылық және техникалық күрделі бұйымдарды шығаратын мамандандырылған кәсіпорындарды құру негізінде тұтыну тауарлар өндірісінің қуатын тездетіп өсіру.
республикалық айырбасты дамыту.
Үкіметтің халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың республикалық қорын құру.
Сәйкес тауарлар тобы бойынша республикалық және жергілікті тауарлар резервін құру.
Қазақстан экономикасын басқарудың қалыптасып келе жатқан жүйесіне бірқатар өндірісті тұрақтандыру шаралары кіреді. Олар:
республика кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан байланысты және республикааралық келсім шарттарды сақтау
мемлекеттік тапсырыс жасау жолымен шаруашылық байланыстарды тікелей мемлекеттік реттеуді қамтамассыз ету
өз кінәсіз қиын жағдайдағы кәсіпорындарға уақытша қаржылық көмек көрсету үшін арнайы тұрақтандыру қорларынқұру. Тұрақтандыру қорлары бюджеттік қаражаттардан, сонымен қатар облигация сатудан қалыптасады.
Нарықтық қатынастарға өтудің негізгі бағыттары. Республиканың тиімді шаруашылық жүйесін құруға қажетті негізгі шарт болып жаңа меншік қатнастары табылады.
Бұл қатынастар келесі мәселелерді қамтиды:
- экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендіру.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірубірінші кезекте меншікті орталықсыздандыруды ұйғарады. Өтпелі кезеңде экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендірудің негізгі нысандары (форма)
кәсіпорындарды, ұйымдарды және халық шаруашылық обьектілерін акционерлендіру
мемлекеттік меншікті жалға және коллективтік меншікке беру
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар базасында жергілікті және халқаралық кәсіпорындар құру
мемлекеттік меншікті заңды және жеке тұлғаларға сату
Өтпелі кезеңнің ірі бағыттарының бірі болып экономикада кәсіпкерліктің және бәсекелестіктің дамуы болып табылады.
Нарықтық экономикаға өту өзінің обьективті шарты ретінде өндіріс сферасындағы монополизімді жеңу, бөлу және тауар айналымындағы республика аймақтарының тұйықтылығы қарастырылады.
Қазақстан Республика үкіметінің монополияға қарсы саясаты келесі негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі.
нарық инфрақұрлымының қалыптасуын тездету
шағын және орта кәсіпорындардың дамуы