Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор менеджмент получше.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.39 Кб
Скачать
  1. Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

Негізгі бағыты психология жағдайында болады.

Психология дегеніміз - адамдардың мінез - құлқын, тәртібін зерттеу, оның өндіріске деген көзқарасын зерттеу.

Бұл мектептің негізін салушы Эдуард Мейо. Ол шағын өндірістегі жұмысшылардың еңбек жағдайын зерттей келіп, мынандай қорытынды шығарды. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі тек қана жұмысшының жалақы мөлшеріне байланысты емес. Ол жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік жағдайына байланысты Э. Мейо « Неформальды топ» деген ұғымды басқару теориясына енгізеді. Жұмысшылар кейінгі кезде басшылардың ақшасының ықпалынан «Неформальды топтың » әсеріне қатты бағынады. Осы нәтижеге сүйеніп, бұл бағыттың өкілеттіктері мынандай қорытынды жасайды.

Егер басшылар өз қарамағының жұмысшылардың жағдайын ескеріп, оларға әрдайым қамқорлық жасаса, онда жұмысшылардың еңбекке деген ықыласын артып, еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік болады.

  1. Империкалық білім мектебі.

Империка - латын сөзінен аударғанда «күнделікті тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Көбіне империкалық бақылау арқылы қорытынды шығарып ары қарай кеңес, ақыл, нұсқау беру жолдары империкалық мектептің негізі. Бұл бағыттың өкілдері: К.Девис, Нью Мэн т.б.

Бұл бағыт өкілдері негізгі мақсаты: жергілікті материалдарды жинап, оны зерттеп, ықшамдап, одан белгілі – бір қорытынды шығарып, басшы алдындағы іс- әрекеттеріне жаңа нұсқаулар жасап беру.

Басшылардың еңбегі өзгерерде оның өзгермейтін 2 қасиеті анықталады.

  1. Басқарушы басшы қолдағы бар ресурстар негізділген толық, біртұттас жүйе құра білу керек.

  2. Оның әр шешімі, іс- әрекеті, кәсіпорынның болашақ дамуына бағытталуы қажет. Бұл бағыттың ерекшелігі басшының іс- әрекетін жан-жақты қамтитын комплексті болуына көіл аударады. Басқарудың ерекше бір өнер түрі ретінде қарап оны насихаттап және күнделікті өмірде қолданып, тек қана таңдаулы мамандардың қолынан келеді деп есептеу. Тағы бір ерекшелігі қазіргі заман басшысы тек бір жақты маман болуы керек.

Жұмысшының құқығын қорғау- неформальды топ.

4. Тақырып: Басқарудағы жүйелік тәсілдердің негіздері.

  1. Жүйелік туралы ұғым, жүйелерді басқару шарттары.

  2. Экономикалық жүйелер және олардың ерекшеліктері.

  3. Басқарылу және басқарылатын кіші жүйенің жұмыс істеу қағмдалары.

  1. Қазіргі уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен практиканың барлық сипаттамаларына кеңінен пайдаланады. Мұның себебі, қазіргі кезеңде өндіріс көлемінің өсуі талдау жасауға біршама оңай зерттеуден неғұрлым күрделі объектілерге көшу жүріп жатқан кезеңде басқарудың «үлкен жүйелері» деп аталады. Күрделі жүйелер пайда болып, жұмыс істеуде.

Жүелердегі басқару шарттары.

  1. Ең алдымен басқару жүйе мен басқарылушы жүйелер арасындағы байланыстың болуы.

  2. Жүйе бір сапалық жүйеден екіншісіне көшуге қабілеті болып, бұл орайда жүйе күйінде қала беруі тиіс.

  3. Жүйе басқарушылық ықпалын күшейту, яғни басқару объектісі мен субъектісіне тікелей ықпал жасау.

  4. Жүйеде басқару хабарламасын беру, жинақтау және өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен жүйе аталып келтірілген шарттарды қанағаттандыратын жағдайда ғана оны басқаруға болады. Бұл шарттар барлық басқару жүйелеріне ортақ болады.

Экономикалық жүйелер және олардың ерекшеліктері.

Жоғарыдағы жүйелерді басқарудың барлық басқару жүйелеріне ортақ шарттар көрсетіледі. Бірақ экономикалық жүйелерге оларды басқа жүйелерден айрықша ететін және басқарған кезде ескеру қажет болатын өз ерекшеліктері бар.

1). Экономикалық жүйелердің әлеуметтік сипаты бар, адамдарға материалдық және мәдени игіліктерді өндіруші мен тұтынушыға айқындаушы роль ретінде қаралады.

2). Осы жүйелердің өзара әрекет ететін белгілі-бір ортаның болуы. Жалпы өндіріс осындай жүйе болып табылады.

3). Экономикалық күрделі жүйелер. Бүкіл халық шаруашылығы өзара байланысты жұмыс істейтін салалардың, аймақтардың, кәсіпорынның және т.б күрделі жүйесін құрайды.

3. Басқарылушы кіші жүйелердің жұмыс істеу қағидалары.

1. Техникалық жүйе өндірістік кәсіпорынның өндірістік қуатын көрсетеді, соның көмегімен адамдар өндіріс процесінде белгілі бір мөлшерде және сапалы өнім өндіре алады.

Ғылыми – техникалық процес техникалық жүйеге мейлінше көп ықпал жасайды.

2. Технологиялық жүйе өндіріс операциялары мен процестерінің ережесі .Технологиылық жүйені адамдар ғылым мен техника жетістіктерін, алдыңғы ұрпақтардың тәжірбиесін ескере отырып жасайды және ол ғылыми прогрестің өзгеруімен өзгеріп отырады.

3. Өндірісті ұйымдастыру жүйесі өндірісті ұтымды ұйымдастыруға, өндірісте өндіргіш күштерді ұтымды пайдалануға, өндіріс процесін, прогрестік тәсілдермен әдістерінің көмегімен шығынның аз болуын өндіріс процесіне ұтымды біріктіруге мүмкіндік береді.

4. Бірлескен еңбек жүйесі жекелеген еңбек түрінің саны және сапа жағынан белгілі бір пропорциясы, олардың өндіріс процесіндегі өзара байланысы. (адамдар тобы)

5. Экономикалық жүйе өндірістің барлық жақтарындағы экономикалық байланыстардың бірлігіболып табылады. Экономикалық жүйе барлық өндіріс жүйелерінің мүмкіндіктерін және оның тиімділігін арттыру үшін жан – жақты пайдалану міндетін шешеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]