Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор менеджмент получше.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.12.2019
Размер:
103.39 Кб
Скачать

3. Тақырып: Басқару ғылымының қалыптасуы мен әдісі.

  1. Басқару теориясына шолу, негізгі басқару мектептері.

  2. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі.

  3. Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

  4. Империкалық мектеп.

Осы күнге дейін мыңдаған жылдар бойы еңбекті тиімді ұйымдастыру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіліп келеді. Ертедегі египеттіктер мен гректердің бізге қалдырған жазба ескеткішінде басқару жөнінде көптеген мазмұндамалар көрсетілген. Мысалы: Платон жұмысты бөлшектеу еңбекті кәсіби байланысты мамандану жөнінде пікір айтса . Ал Сократ басқаруды өте бір ерекше кәсіпкерлік ретінде көрсетеді. Сократтың ойынша басқарудың ең негізгі басты ережесі: Негізгі керекті орынға қажетті адамды тауып, оған тапсырылған міндеттерді орындауды талап ету. Басқару ілімде өндіріс күшінің дамуында ғылым мен техниканың өркендеуі арқылы басқару теориясында бірнеше мектептер дамыды. Басқару сапасының дамуында қоғамдық өзгерістердің ашқан жаңалықтары мектептердің пайда болуына әкеп соқты.

  1. Ғылыми басқару мектебі.

  2. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі.

  3. Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

  4. Империкалық білім мектебі.

  5. Әлеуметтік жүйелер мектебі.

  6. Басқарудағы жаңа мектептер, жаңа бағыт.

  1. Ғылымм басқару мектебінің негізін қалаушысы американдық инженер Фридрих Тейлор. Ол 1911 жылы өзінің әйгілі еңбегін жазған «принципы научного менеджмента». Ф. Тейлор бұл бағыттың негізінде еңбек процесінің жеке әлемдерге бөліп, олардың орындарының озат әдісін анықтап, жұмысшыларды осыған оқып үйреткен. Оның жұмыстарының мақсаты:

а). Оқып үйрету.

б). Ынталандыру.

в). Достық қарым-қатынасы.

  1. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі – басқаруды жетілдіруді дамуының негізі ретінде ұйымды тұтасымен алады. Тұтас жүйе ретінде қарайды.

Басқаруды жетілдіру, дамыту негізі ретінде ұйымды тұтасымен алады. Бұл бағыттардың негізін қалаушы француз зерттеушісі Анри Файол. Ол 30 жыл бойы үлкен компанияның бас директоры болып қызмет атқарған. Ол компанияға келгенде, ол өндіріс орны ең нашар халде болады. Ал ол кеткен кезде бұл компания дүниежүзілік ең ірі компанияның бірі болды. Бұл кісі қазіргі менеджменттің әкесі деп аталады.

Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебінің негізгі мақсаты:

Басқару ортақ жалпылама принципін ойлап табу. Осы принципті күнделікті жұмысқа қолдану арқылы үлкен табысқа жетуге болады.

Анри Файол тұжырымдамалары бойынша, басқару дгеніміз- қолдағы бар мүмкіндіктерді, ресурстарды, қорларды барынша пайдалану, кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына алып бару.

Анри Файол әкімшілік, басқарудың бірнеше принциптерін ұсынады.

  1. Билік пен жауапкершілік әрқашанда бірге.

  2. Маманданумен қатар еңбекті бөлшектеу екрек.

  3. Жарлық бірлігінің болуы.

  4. Тәртіп барлығына бірдей болуы керек.

  5. Басқарру бірлігі.

  6. Жеке бастың мүддесін жалпы мүддеге бағындыру.

  7. Сіңірген еңбегі үшін сый беру.

  8. Жұмысты орталықтандыру.

  9. Төмен шендегілердің жоғары шендегілерге бағынуы.

  10. Тәртіп принциптері.

  11. Әділеттік принциптері.

  12. Жұмыскерлердің тұрақтылығы.

  13. Ынталылық, ықыластық принциптері.

  14. Жұмыста коллективтік, ұйымдық рухтың болуы.

Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебінің әрі қарай дамуына 2 бағытта дамыды.

  1. Өндірісті жетілдірудің бағыты.

  2. Басқарудың жалпы прблемаларын зерттеу.

Бұл бағытта Г.Эмерсонның сіңірген еңбегі зор еді. Ол инженер – механик болып жұмыс істеген. Ол Германияда білім алып, АҚШ-та жұмыс істеген.

Г. Эмерсон 1911 жылы «Еңбек өнімділігін өсірудің 12 принципі» деген ғылыми еңбегін жазған.

Г. Эмерсонның принциптері:

1. Алғаш мақсатты айқын қою.

2. Болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу.

3. Білікті кеңес беру, Кеңес беруде кәсіпорынға ғалымдарды, специолистерді шақыру керек. Оған қаржыны аямау керек.

4. Нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну

5. Қызметкерлерге әділетпен қарау

6. Дер кезінде толық әрі сенімді есеп беру

7. Ұйым қызметін мұқият және жедел басқару

8. Көрсеткіштері мен жұмыс кестелері

9. Жағдайды нормалау, тұрақтандыру

10. Операциялар көрсеткішін жасау

11. Үлгі нұсқауды жазбаша дайындау

12. Еңбек өнімділігін арттыру үшін сый – ақы беру