
- •2 Тақырып: Менедженттің метедологиялық негіздері.
- •3. Тақырып: Басқару ғылымының қалыптасуы мен әдісі.
- •Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.
- •Империкалық білім мектебі.
- •4. Тақырып: Басқарудағы жүйелік тәсілдердің негіздері.
- •5. Тапқырып: Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі.
- •7. Тақырып: Ұйымдар немесе оларды тиімді басқару.
- •7. Тақырып: Ұйымдастыру процесі және өкілеттіктер.
- •8.Тақырып: Менеджментті ақпаратпен қамтамассыз ету
- •II. Ұйымдастыру тұрғысынан салып қарағанда, ақпарат:
- •Құжатталған ақпарат.
- •Құжатталынбаған ақпарат.
- •9.Тақырып: Менеджменттегі коммуникация.
- •10. Тақырып: Менеджменттегі басқару шешімдер теориясы.
- •1. Бағдарланған.
- •3. Басқарушылық шешімдерді жіктеудің белгілеріне мыналарды жатқызу керек.
- •4. Шешім қабылдау- азды - көпті ұзақ процес. Бұл процес бірнеше сатылардан тұрады.
- •11. Тақырып: Экономикалық басқару әдістері
- •12. Тақырып. Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдісі
- •13. Тақырып: Функция ұғымының маңызы және жіктелінуі
- •14. Тақырып: Менеджметтегі жоспарлау
- •15. Тақырып: Менеджменттегі мотевация
- •1. Әлеуметтік қажеттіліктер, оған не жатады
- •2. Құрметке ие болу қажеттіліктері
- •1. * Гигиеналық факторлар*
- •16. Тақырып: Менеджмет жүйесіндегі бақылау
- •17. Тақырып: Адам қызметін басқару және топты басқару.
- •18. Тақырып: Басшылық , билік ықпал ету.
- •2. Дуглас Мак Грегордың х және у теориялары. Либералды басшылық
- •20. Тақырып: Қайшылықтар
- •2. Интеграциялық механизмдер қолдану әдісі
- •3. Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру әдісі
- •4. Марапттау жүйелерінің қолданылуы әдісі
18. Тақырып: Басшылық , билік ықпал ету.
Ұйымдағы басшылық және лидерлік.
Бағыныштылар билігі.
Билік пен ықпалдылық формалары - ықпал етуді тәжірибеде қолданған.
1.Ұйымдағы басшылық. Басшылық басқарудың маңызды компонеті болғанына қарамастан лидерлер (жетекші қызметкер) үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидерлік тиімділігі олардың басқаларға ықпал әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешімді лидерлік ресми ұйымға да кедергі келтіруі мүмкін.
Ұйым басшысы. – лидер, сонымен бірге,ол өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты – ұйымға берілген жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, олар ықпал, әсер ете білуі.
Лидерлік – (жетекші қызметкерлік) – бұл ұйымның мақсаттарына жету жолына бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті
Әсер (Ықпал) және билік ұғымдары
Ықпал- жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарым-қатынасына, сезіміне т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал етудің құралдары ретінде: өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы сатысы қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал ету мүмкін. Басшы өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытыды.
Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен байланыстырады.
Ал біздің анықтауымыз бойынша Билік - басқалар мінез - құлқына әсер ету мүмкіндігі. Басқаруда билік болмаса, ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртібі нашарлайды.
2. Басшылар өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі бағыныштылар жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте өсу, өкілеттіктерді кеңейту, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағыда басқа мәселелерге келгенде басшыға тәуелді болып келеді. Бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшыларға билік жүргізуі мүмкін.
Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта келіп Девид Меканик былай дейді - *Бір адам басқа бір адамға қаншалықты тәуелді болса, соншалықты сол адам билігіне бағынуға мәжбүр болды*.
Ұйым ішінде бір адам басқаларға билік жүргізу үшін ақпараттардың сақталуына бақылау жасайды немесе құрал-жабдықтарды пайдалануға тек өзінің рұқсатын талап етеді.
3. Басшылық жасау үшін ықпал ету қажет , ал ықпал ету үшін биліктің, негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін орындаушыға аса қажетті бір нәрсені өз қолына алу арқылы өзіне бағынуға мәжбүр етеді.
Маслаудың айтуынша, негізгі қажеттіліктер мыналар;
физиологиялық.
қорғаныс.
әлеуметтік
сыйластық
құрметке ие болу.
Ықпалдың барлық формалары басқа адамның талаптарына орындауға талпындырады. Соның салдарынан басшы және орындаушы болашатағы ұқсас мәселелерін қалыптастырады. Басшы бағыныштыға ықпал етеді.
Биліктің әр түрлі формалары болады. Билік пен лидерлік (басшылық ) саласындағы зерттеушілер Френс және Рейвен билік негіздерінің қолайлы жіктеулерін жасап шығарды
Соған сәикес биліктің бес негізгі формаса бар:
1. Мәжбүр етуге негізделген билік – орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастау мүмкін деп ойлайды.
2. Марапаттауға негізделген билік – орындаушы ықпал етушіден өз еңбегінің жемісі үшін одан жақсылық күтеді.
3. Сараптау билігі – орындаушы ықпал етушішің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін білімі бар деп сенеді
4. Эталондық билік (үлгі билігі) – Орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді.
5. Заңды билік – орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады.
Сондықтан заңды билік көбінесе дәстүрлі билік деп атайды
19. Тақырып: Басшылық стилі
1. Басқарудағы лидерліктің тиімді тәсілдері және басшылық стилі
2. Дуглас Мак Грегордың Х және У теориялары. Либералды басшылық
1. Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде ол өзінің міндетіне лайық әрекет етеді. Бұл жағдайда әрбір басшы оның басшылық стилін айқындайтын басқару процесіндегі өзіне тән әдіс - әрекетімен, өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Басшылық стилі басшылар мен бағыныштылардың араласуымен, олардың өзара қарым-қатнасымен, бүкіл еңбек ұжымның ықпалымен қалыптасады.
Басшының өндірісті басқарудағы еңбегін оның шешімді қабылдауға жіберген уақытымен емес, ақырғы нәтижесін есептеп, обьективті бағалау қажеттілігі туады.
Лидерлік - бұл жеке адамдар немесе бір топ адамдарға әсер ету, қабілеті және олардың белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс процесі болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерліктің анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың 3 тәсілін атап көрсеткен:
1. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл.
2. Жағдайлық тәсіл
3. Тәртіптілік тәсіл
Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталады.
Бұл ерекшеліктер төмендегідей:
1. Интелект білім деңгейі
2. Әсерлі сыртқы бейне
3. Адалдық
4. Дұрыс бағыттағы ақыл
5. Экономикалық және әлеуметтік білім
6. Өзіне деген сенімділік
Бірақ әр жағдайда әр түрлі қабілеттілік пен қасиет қажет.
Тәртіптілік тәсіл – басқарушы стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптілік стилін қалады. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым-қатынасымен анықталады.
Жағдайлық тәсіл – бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша лидерліктің оптимальдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында.
Басқару стилі – бұл басқарушының бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетіуі үшін әсер етуімен оларды оятуы.
Басқарушы адамгершілік қарым-қатынас жасауға немесе міндетті арындауына қамқорлығы. Осының бәрі басқару стилін көрсетіп, аталған лидерді сипаттаиды.