Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор менеджмент получше.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.39 Кб
Скачать

14. Тақырып: Менеджметтегі жоспарлау

1. Жоспарлаупроцесінің маңызы мен сипаты

2. Стартегиялық жоспарлау

3. Тактикалақ жоспарлау және оның сипатты белгілері

4. Индикативті жопарлаудың маңызы

1.Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады., сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:

- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды

- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді

- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруды тиімді әдіс жолдарын таңдап алу болып табылады.Нарық жағдайындағы жоспар өндіріспен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланысты болады.

Басқаша айтқанда, жоспарлау мынандай сұрақтарға жауап береді:

- біздің қазіргі,бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай

- болашақта біз қандай болуымыз керек

- осы жолда қандай кедергілер орын алған

- мақсатқа жетуде қандай әрекеттер жасағанымыз орынды

Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатан төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:

- нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер

- қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру

- басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымдықалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу

-еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұжымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру

- сенімді бақылау жүйесін қамтамассыз ету арқылыміндеттерді орындауға қол жеткізу

Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді.

2. Қазіргі кезде басқару теориясы мен тәжірбиесінде стратегиялық жоспарлау маңызды орын алады.

Стартегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетуге басшылықтың қабылдаған кешенді жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде:

- шектеулі ресурстарды бөлу

- сыртқы ортаға бейімделу

- ұйымдық стратегияны ұғыну элементтері орындалады.

Ресурстарды бөлу қызмет барлық қоғамдық ресурстардың шектеулігімен байланысты, яғни ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу, басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық саяси, әлеуметтік - мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп , солар тарапынан төнетін қауіп – қатерді анықтайды. төнетін қауіпсіздікті анықтайды.

Ұйымдық стратегияны ұғыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірбие, жоспарлар мен деректерге сүене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады.

Ұйымдардағы стратегияны анықтап өтейік.

Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі стратегия

1) Өндіріс

1. Өндірістің талап ететін деңгейі қандай

2. Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала есептелгені орынды

3. Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады

4. Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келе ме

5. Жабдықтау, құрастырубөлшектерін кімнің жасағаны дұрыс

2) Қаржы

1. Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай

2. Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады

3. Қаржы жағдайын талдауды, дамыту жолдары қандай

4. Қаржы көздері, ресурстар ауқымы қандай

3) Маркетинг

1. Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет

2. Өнімді өткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек

3. Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс

4. Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады

5. Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде

4) Қызметкерлер

1. Персоналды оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай

2. Басшы қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар қандай

3. Іс-әрекет бағалау, ынталандыру мұқият орындалады ма

4. Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады

5. Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады

5) Мәдениет

1. Әдеп-ғұрып пен дәстүрді қолдануға қандай шаралар қажет

2. Фирма репутациясын сақтап қалу жолдары қандай

3. Ұйымдағы қарым-қатнасты қалайша жетілдіруге болады

4. Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай

2. Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негізделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырылады.

Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат және ереже арқылы жүзеге асырылады.

3. Тактикалық жоспарлау және оның сипатты белгілері.

Өгдіріспен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлау қолданылады. Ұйым дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқы мерзімге есептелінген, тактикалық жоспарға сүйенеді.

Тактиканың сипатты белгілері:

1. Стратегияның дамуында әзірленеді

2. Орта буындағы басшылықтың қабылдануы

3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі

4 Нәтижені бағалау, тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.

Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындаудағы әр қилы басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған: - өндіріс жоспар

- шикізат жоспары

- еңбек күші жоспары

- маркетинг кешенінің жоспары

- тауар айналымының жоспары

- қысқа мерзімді қаржы жоспары орын алады.

Индикативті жоспар – кең мағынасында мемлекеттік әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық пен ғылыми дәлелделінген мақсаттарды анықтау, осыларға байланысты өлшемдер жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]