Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор менеджмент получше.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.39 Кб
Скачать

13. Тақырып: Функция ұғымының маңызы және жіктелінуі

1. Басқару функциясы туралы түсінік

2. Басқару функцияларының түрлері

  1. Функция – жөнелтуді,әрекетті білдіретін латын сөзі.

Басқаруәрекетінде орын алатын функциялар өзіндік өзгешелік, ерекше мазмұн және жүзеге асырылудың дербес сипатына ие болады. Басқаруда жекелеген функцияларды бөліп көрсету - өндіріс пен оны ұйымдастырудың күрделілігі туғызатын обекьтивті процес. Басқару функцияларының пайда болуы басқару саласындағы нысаналы ықпалдарды саралаудың, еңбек бөлінісі мен оны мамандандырудың нәтижесі.

Басқару функцияларының жүйелі жиынтығы басқару процесін құрайды. Бұл – мақсатқа жету барысында қажетті шешімдерді әзірлеп қабылдауды және қабылданған шешімдердің орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды бірізділікпен жүзеге асыруды білдіреді.

Басқару функцияларын бөліп көрсетуде бірқатар көзқарастар мен тәсілдер орын алған. Ғылыми басқару саласының көрнекті өкілі Ф.Тейлор басқару функциялары қатарына: мақсатты анықтау, құралдарды таңдау және әзірлеу, нәтижені бақылау әрекеттерін енгізген болса, әкімшілік басқару мектебінің өкілі А.Файоль басқаруды болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау деп тұжырымдаған болатын Сонымен қатар, А.Файоль кәсіпорында орын алатын операциялар жиынтығытурасынан төмендегідей функцияларды анықтаған:

- техникалық функция (өндіріс)

- сауда – саттық функциясы (сатып алу және өткізу)

- есеп жүргізу функциясы (есептеу)

- қаржылық функциясы (қаржыландыру

- қауіпсіздікті қамтамассыз ету функциясы (қызметкерлер мен материалдық игіліктердің сақталынуы)

- әкімшілік функция (басшылық, ұйлестіру және бақылау)

Басшылардың тікелей басқарушылық әрекетін белгілейтін операционалдық басқару теориясы бойынша функциялар: жоспарлау, ұйымдастыру, кадырлармен жұмыс жасау, басшылық және лидерлік, бақылау болып жіктелінеді

Дамыған нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында кәсіпкерлік басқару маңызды орын алады. Осы белгі бойынша іскерлік басқарудың функциялары болып дамыту,маркетинг, өндіру және шаруашылықты басқару табылады.

Осыдан көріп отырғандай, басқару функцияларын жіктеу бірқатарбелгілерге байланысты болып отыр. Басқару функцияларын ғылыми түрде топтау басқару ппроцесін белгілі бір тиімді тиімді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді және басқару еңбегңнің озық тәжірбиесін таратуды жеңілдетеді.

2. Басқару функцияның өзі бірнеше түрге, топқа бөлінеді.

Басқару функциялары

Жоспарлау Ұйымдастыру Үйлестіру Ынталандыру Бақылау, тексеру

1. Жоспарлау функциясы – алға қойған мақсатқа жету үшін ұйымға қойылатын міндеттер мен оларды орындау жолдарын анықтау. Жоспарды жасау үшін ғылыми негізде ұйымдастырған жөн. Көп қолданылатын экономикалық және ғылыми әдістерді пайдаланған жөн. Адаммен жобалау, моделін жасау - программалау

2. Ұйымдастыру функциясы - ұйымдастырудың бөлшектерін бір жөнге салу, ретке келтіру.

Мына жұмыстар жатады:

а) жұмыстарды әр түрлі процестерге бөлшектеу

б) жұмыстар мен қызметтердің іс - әрекеттерін ұйымдастыру

в) басқару процестерін жобалап, оның орындалуына жағдай жасау

3. Ұйлестіру басшылық функциясы – ұйлестіру дегеніміз – атқаратын істерінің бір – бірімен өтетін уақытын және ретін келістіру. Әр бөлімшелердің жұмыстары қабылдаған шешімдерді қарсы болмауы керек.

Басшылық функциясы өндірісті немесе ұйымды басқарып отырған қызметінің осы басқару обьектісінің жұмысын қадағалап, керекті шешім шығарып, олардың орындалуын қамтамассыз ету қажет.

4. Ынталандыру функциясы – Жұмысшыларды өнімді ынталы еңбекке жұмылдыру қызметі.

5. Бақылау функциясы – алға қойған мақсатқа жету үшін әрқашан қадағалап, тексеріп, керек жерге өзгеріс енгізу қызметі. Бақылау функциясы алға қойған мақсатқа жету үшін мынандай шарттар орындауы керек:

а) Бухгалтерлік есепжүйесі болу керек

б) Өндіріс көлемі жөнінде немесе істейтін жұмыс мөлшерін есепке алатын экономикалық көрсеткіші болу керек.

в) Қоғамның немесе кәсіпорынның болашақтағы проблемаларын біліп, оны шешу жолдарын анықтаған жөн.

Басқару функциялары барлығы да бір – бірімен тығыз байланысты әрқайсысы бір – бірінің қызметін бірі толтырып, бастаған мақсатқа жетуді қамтамассыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]