- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
Конститудиялық-құқықтық нормалар мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Олар, басқа да заңдық нормалар сияқты екі түрлі: реттеуші және құқық қорғаушылық қызметтерін атқарады. Осыған сәйкес реттеуші және құқық қорғаушылық нормаларына бөлінеді.
Реттеуші нормалар Реттеуші нормалар—құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді. Мұндай нормалар Конституцияның II тарауында адам және азаматтарға құқықтар мен еркіндіктер беру, міндеттер белгілеу арқылы көрінеді.
Құқық қорғаушылық нормалары
Құқық қорғаушылық нормалары — мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған. Парламент депутаттары Республика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын орындамағаны үшін Үкімет мүшесін кызметтен босату туралы өтініш жасай (ұсыныс беру) алады. Сонымен қатар конституциялық-құқықтық нормалар өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлінеді. Өкілеттік беруші, тыйым салушы,міндеттеуші нормалар Өкілеттік беруші нормалар мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, азаматтарға қандай да бір іс-әрекет жасауға құқық береді. Тыйым салушы нормалар кандай да бір әрекетті жасауға тыйым салады. Міндеттеуші нормалар азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарға белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді. Конституция Қазақстан Республикасынын азаматтарына мемлекеттік органдарға сайлауға, сайлануға құқық береді. Конституция Республика Президентіне депутат болуға тыйым салады. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Біздің елімізде цензураға тыйым салынған. Қазақстан Республикасын қорғау оның барлық азаматтарының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады. Парламент депутаты оның жұмысына қатысуға міндетті. Сонымен, конституциялық құқық, құқық жүйесінің жетекші саласы болып табылады. Конституциялық құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар қоғам мен мемлекеттің негізгі құрылымын, адам және азамат құқықтары мен міндеттері жүйесін, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Конституция — ең жоғары заң, мемлекеттің ең басты нормативті құқықтық актісі, конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі. Конституциялық-құқықтық нормалардың жоғары заңдық күші бар. Конституцияға кайшы келетін құқықтық актілердің зандық күші болмайды және оның күші сөзсіз жойылады.
24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, би¬ліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" Адам құқығы — азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғымдар бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.Адам кұқығы – табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.Азамат құқығы — табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.Тұлғаның құқығы – жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебесінің шеңберіне байланысты.Адам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне, мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды халықаралық құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені бұл үкіметке ықпал жасау үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған адамдарға тиімді көмектесуге мүмкіндік береді.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не т.б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiң адам құқықтары саласындағы қызметiн тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттiң адам құқықтарын бекiту, қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, оларды iске асыруға жәрдемдесу жөнiндегi iс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергi жағында мемлекет қызметiнiң барлық аталған түрлерi бiр-бiрлерiне өте жақын, бағдарлары бойынша бiр-бірiне ұқсас, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткенi, сайып келгенде, олар белгiлi бiр бiрлiк пен тұтастықты құрайдыТұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында халықаралық және ұлттық институттардың түрлерін, мәнін және мазмұнын түсініп білу үшін, оның адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және түрлеріне шолу жасай отырып, аталған институттардың қазіргі кездегі жай-күйіне тоқталу қажет. Жаңа дамып келе жатқан мемлекет үшін бұл институттарды дәйекті зерттеу және қазіргі кезеңде құқықтар мен бостандықтардың қорғалуын жүзеге асыру мәселесі тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсат мүдделері негізінде жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туындауда. 25.Қазақстан республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері. Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі. Үкіметтің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкіметті құру Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi. Өкiлеттiктері Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:
ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты. 26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері: мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады; мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады); мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады. Мемлекет түрлері МемлекеT құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады. Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. Жатады. Мемлекет басқаруы бойынша: Монархия (гр. біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады. Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді. Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі. Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді. Көпұлттық мемлекет – территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет. Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет. Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасынын құқықтық формасы. Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі. Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
27.Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы. Атқарушы билік органдары бөлінеді:жоғары,орталық, жергілікті Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер. Агенттік —Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады. Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді. 28. Атқарушы биліктің орталық органдары. Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Агенттік —Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады. Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады. Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады. 29. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқық-тауар, ақша мүліктік және мүлікпен байланысты жеке қатынастарды реттейтін құқық саласы. Азаматтық құқықты реттейтін қатынастар тобы: Тауар-ақша қатынастары(заттар, мүліктік игіліктер, ақша, шетел валютасы) Мүліктік қатынастар (мүліктік игіліктері мен құқықтары:тұрғын үйге, көлікке) Мүліктік емес жеке қатынастар (адамның өмірі және денсаулығы, қадір-қасиеті т,б) Азаматтық құқықтың реттеу пәні ба - мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар. Азаматтық құқықтың қағидаларына: тараптардың теңдігі; шарт еркіндігі және таңдау құқығы; еркіндік тәуелсіздік меншікке қолсұқпаушылық; біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы; азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы; бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету; азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады. 30.Азаматтық құқықтың қайнар көздері ж/е жүйесі Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы (1995ж 30 тамыз), Азаматтық кодекс (1994ж 27 желтоқсан) жатады. Азаматық кодекске 2010 жылы 15 шілдеде өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Азаматтық құқық құқық саласы ретінде 2 бөліммен тұрады: жалпы ж\е ерекше .Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінде азаматтық құқықтың қатысушылары туралы, азаматтық құқықтың қағидалары , мәміле ,шарт ,талап ,арыз берудің тәртібі сияқты негізгі мәселелер қарастырылған, Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінде мәміленің жекелеген түрлері, міндеттемені орындау негіздері егжей-тегжейлі қарастырылған.
31.Азаматтық құқық қатынастарының түсінігі ж/е түрлері Азаматтық құқық-тауар ақша мүліктік ж\е мүлікпен байланысты емесжеке қатынастарды реттейтін құқық саласы. Азаматтық құқық реттейтін қатынастар тобы: 1.тауар-ақша 2.мүліктік қатынастар,мүліктік игіліктер мен құқықтар 3.мүліктік емес жеке қатынастар (адамның өмірі және денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы) 32Азаматтық құқықтың қағидалары, мазмұны 1.қатысушылардың теңдігі 2.шарт жасау еркіндігі 3.меншікке қол сұқпаушылық 4.жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу: хат, күнделік 5.нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтіру ж\е олардың сотта қорғалуын қамтамасыз ету 6.азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру 33. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: 1).жеке тұлға: ҚР азаматы ,шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар.Aзаматтық құқық қатынасының қатысушысы болуы үшін 18жасқа толуы ж\е ақыл-есінің дұрыс болуы қажет. 14-18 жас аралығында өз мүліктік құқықтарын ата-анасының ,қамқоршысының н\се қорғаншысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады, ал 14 жасқа дейінгі азаматтар жасалған сәтте орындалатын ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады. 2).Заңды тұлға-меншігінде оқшау мүлкі бар өз атынан азаматтық құқықтық қатынастарға түсетін сотта талапкер не жауапкер бола алатын ұйым .Заңды тұлғаның 2 түрі бар: коммерциялық, коммерциялық емес. Коммерциялық заңды тұлға- мақсатты пайда табуды коздейтін, түскен пайданы қатысушылардың арасында бөлетін ұйым. Мысалы, акционерлік қоғам ,серіктестіктер. Коммерциялық емес заңды тұлға-пайда табуды көздемейтін, түскен пайданы қатысушылардың арасында бөлмейтін ұйым. Мақсаты- қатысушылардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысалы, саяси партиялар, қорлар, діни бірлестіктер. 3)Мемлекет 4)әкімшілік аумақтық бірліктер, аудан, облыс, село. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері: 1.мүліктік игіліктер - ақша ,шетел валютасы ,жұмыс орындау, қызмет көрсету, интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, құнды қағаздар ,жылжитын мүліктер( ақша, қағаз )жылжымайтын мүліктер( жер учаскелері ,үй ,ғимарат ,жермен тығыз байланысты мүліктер) Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. 2.мүліктік емес игіліктер- адамның өмірі ,денсаулығы, қадір -қасиеті ,ар ожданы ,игі атағы, кәсіпкерлік беделі, авторлық құқығы. 34.Заңды тұлға түсінігі, белгілері. Заңды тұлға-меншігінде оқшау мүлкі бар өз атынан азаматтық құқықтық қатынастарға түсетін сотта талапкер не жауапкер бола алатын ұйым .Заңды тұлғаның 2 түрі бар: коммерциялық, коммерциялық емес. Коммерциялық заңды тұлға- мақсатты пайда табуды коздейтін, түскен пайданы қатысушылардың арасында бөлетін ұйым. Мысалы, акционерлік қоғам ,серіктестіктер. Коммерциялық емес заңды тұлға-пайда табуды көздемейтін, түскен пайданы қатысушылардың арасында бөлмейтін ұйым. Мақсаты- қатысушылардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысалы, саяси партиялар, қорлар, діни бірлестіктер. 35.Құқық қабілеттілік, Әрекет қабілеттілік
Құқық қабілеттілік-бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі .Ол адам туылғанда пайда болып ж\е адам өлгенде барып тоқтатылады. Құқықтық қабілеттілік негізінде азаматтар: –өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады –мүліkті мұрагерлікке беріп ж\е өсиет ете алады-заңды тұлға құра алады -заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап, міндеттемелерге қатыса алады -тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады - әдебиет пен өнер ғылыми еңбектердің авторы –басқа да мүліктік ж\е мүліктік емес құқықтарға ие бола алады. Әрекет қабілеттілік-азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға ж\е оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап. оларды орындауға қабілеттілігі, кәмелетке толғанда яғни ,18 жастан пайда болады .Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді: -14 жасқа толмағандар:14 жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары қамқоршылары жасайды Олар тек күнделікті тұрмыстағы ұсақ келісімдер жасай алады -14-18 аралығындағылар : 14-18 жастағылар келісімдерді ата-аналарының қамқоршыларының ризалығымен жасайды 36. Мәміле Мәміле-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге ж\е тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Мәміле түрлері: 1.біржақты мәмілелер- мәміле жасаушыда ғана міндеттер болады , мысалы өсиет ,сыйға тарту. 2.екіжақты мәміле -сатып алу, сату, айырбастау, жалға беру. 3.көпжақты- ұжымдық еңбек шарты Мәміле ауызша немесе жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Жасалған кезде атқарылатын, егер тараптар жазбаша жасаймыз деп өзара деп келіспесе, жетон билет н\е әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Үндемей қалу мәмілені жасауға ерік білдіру болып танылады .Жазбаша нысан жай ж\е нотариалдық болып бөлінеді. Мынадай мәмілелер: - кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын –мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға –заңдарда н\е тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша нысанда жасауы тиіс. Мәміленің жарамсыздығы-мәміленің нысаны ,мазмұны ,оған қатысушылардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптары бұзылған жағдайда, мүдделі адамдардың тиісті мемлекеттік органдардың н\е прокурордың талабы бойынша мәміленің жарамсыз деп танылуы ,яғни ешқандай құқықтық салдардың болмайтындығы .Мәміленің жарамсыз деп танудың негіздері: 1.қажетті лицензия алмай жасалған мәміле. Рұқсат белгілі бір мерзімге беріледі. 2.теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін н\е іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле. 3.14 жасқа толмаған адам жасаса 4.14 жасқа толған 18-ге дейін баланың ата-анасының, қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесінің ата-анасының талабы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін 5.ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасаса 6.сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін 7.алдау, зорлық ,қорқыту ықпалымен жасалса 8 .елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса құнын ақшалай өтеуге міндетті. 37.Әкімшілік құқық -мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы жарлықшы қызметін реттейтін құқық саласының бірі. Бұл құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Әкімшілік нормалардың көмегімен үкіметтің ж\е басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі. Әкімшілік-құқықтық нормалар-заң шығарушы атқарушы органдар орнататын рұқсат етілген іс-қимылды ж\е атқару билігіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер. Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша материалдық ,процессуалдық ал субъектілердің іс-қимылына ,әсер ету тәсіліне қарай міндеттеу ,тыйым салу ж\е өкілеттілік беру түрлеріне бөлінеді. 38.Әкімшілік құқық бұзушылық-жеке адамның Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы кінәлі, қасақана н\е абайсызда жасалған іс-әрекеті, не әрекетсіздігі н\е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті н\е әрекетсіздігі. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады: ақыл-есі дұрыс 16 жасқа толған жеке адам, заңды тұлға. Құқықтық жауапкершілік- Мемлекеттің құқық бұзушыға қарсы қолданатын мәжбүрлеу шарасы .Ол үшін құқық бұзушылықтың толық құрамы болуы қажет.
39.Жаза Тәртіпсіздікке барғандарға әкімшілік жаза қолданылады ж\е ол жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары болып табылады .Әкімшілік жазаның түрлері: –ескерту жасау -әкімшілік айыппұл салу .Айыппұл жеке адамға айлық есептік көрсеткіштің 1\10 бөлігі, лауазымды адамға 5 айлық көрсеткіш, заңды тұлғаға 20 айлық көрсеткіш шамасында болады.
-арнайы құқықтан айыру -лицензиядан арнаулы рұқсаттан ,біліктілік куәлігінен айыру -жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу
–өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау –әкімшілік қамауға алу 15 тәулік, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін 30 тәулік –заңсыз иеленген мүлікті алып қою тәркілеу –шетелдік н\е азаматтығы жоқ адамды ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру 40.Әкімшілік құқықтың реттеу пәні мен әдістері Әкімшілік құқықтың реттеу пәні: - мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастар –мемлелекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысын айқындаумен байланысты қатынастар –әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты қатынастар Әкімшілік құқықтың әдістері: 1.рұқсат ету 2.тыйым салу 3.міндеттеуші 41.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері 1.ҚР Конституциясы 1995ж 30тамыз 2.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі ,2001ж 30 қаңтар 3.құқықтық нормативтік келісімдер
43.Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызмет-мемлекет қызметінің бір саласы ж\е мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады .Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын ҚР-ның 1999ж 23 шілдедегі Заңы реттейді. ҚР-да мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі қағидалардан негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтық құқықтарының бостандықтарының ж\е заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге ж\е өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы .Заңның 3-бабында айтылған т.б. Қағидалары.Мемлекеттік қызметке кіретін адам ҚР азаматы жасы 18-ден кем болмауы қажетті ,білімі кәсіби даярлық деңгейі болуы керек.
44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
Отабасылық құқық дегеніміз-неке және отбасы қатынастарынан туындайтын мәселелерді реттейтін құқық сласы болып табылады.
Отасылық құқық қағидалары:
Некелік одақтың еріктілігі
Ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі
Отбасы мәселелерін өзара келісіммен шешу
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне басымдық беру
Салауатты өмірр салтын ұстану
Отбасы дегеніміз-ерлі-зайыптылықтан, туытықтан, бала асырап алудан туындайтын және отбасын дамытып, нығайтуға қатысатын адамдардың тобы.
Неке дегеніміз-ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында, тараптардың еркі мен келісімі арқылы жасалған, еркек пен әйелдің тең құқықты одағы.
