Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852.48 Кб
Скачать

14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.

Заңды Жауапкершілік – заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға немесе оларды орындаудан қалыс қалуға заңмен мәжбүрлеу шарасы.Заңды жауапкершілік бірнеше түрге бөлінеді: -Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша қызметкер жұмыс істейтін фирма әкімшілігі оған еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза (ескерту‚ сөгіс‚ қызметтен төмендету‚ жұмыстан босату‚ тағы басқалар) қолдануға құқылы; -Әкімшілік жаза – азаматтар мен лауазымды адамдардың қызмет бабында әкімшілік құқық бұзғаны үшін оларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша ескерту жасау‚ айыппұл төлету‚ тәркілеу, кейбір құқықтарынан (басқару‚ аң аулау‚ тағы басқалар) айыру‚ еңбекпен түзеу жұмысына жіберу‚ әкімшілік қамауға алу‚ шетелдік азаматты әкімшілік жолмен елден қуу, тағы басқалар шаралар қолданылады; -Азаматтық құқықтық жаза – эконимикалық шарттарды‚ мәмілелерді‚ тағы басқалар бұзғаны‚ экономика жағынан тиімсіз мүліктік сипаттағы зардаптарға апарып соқтыратын басқа да жолсыздықтар жасағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға ықпал ету нысаны, ол бойынша залалдардың‚ алынбаған табыстың орнын толтыру‚ айыппұл төлету‚ тұрақсыздық айыбын төлету‚ тағы басқалар шаралар қолданылады; -Қылмыстық жаза – қылмыс жасағаны үшін‚ кәмелетке толмағандарды қылмысқа баулығаны үшін‚ басқа жеке тұлғаларға‚ заңды үьогтұлғаларға‚ конституциялық құқықтар мен бостандықтарға‚ мемлекетке қастандық жасағаны және қастандық жасауға ортақтасқаны‚ тағы басқалар үшін азаматтарға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша айыппұл төлету‚ лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру‚ қоғамдық жұмыстарға тарту‚ еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберу‚ бас бостандығын шектеу‚ қамауға алу‚ бас бостандығынан айыру‚ өлім жазасы, тағы басқалар қолданылады. 

15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.

Заңдық жауапкершілік - Құқық, құқықтық қатынастар талаптарын орындауға мемлекеттік мәжбүрлеу, оның әрбір тарапы өзінің іс-әрекеті үшін екінші тарап, мемлекет пен қоғам алдында жауап беруге міндетті. Заңдық жауапкершіліктің түрлері: -Қылмыстық -Әкімшілік -Азаматтық -Тәртіптік Қылмыстық жауапкершілік— құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, Қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам Қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсы қылмысқа жатады. Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. Азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік; өзге түлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Азаматтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның арқауына және реттеу әдісіне байланысты. Азаматтық жауапкершілік - мүліктік жауапкершілік. Ол келісімшарттық және келісімшарттық емес; үлестік; бірлескен; субсидиарлық, аралас, сондай-ақ регрестіктәртіптегі жауапкершілік болып бөлінеді. Ортақ қағидаға орай, өзінің міндетін орындамаған немесе тиісінше орындай алмаған тұлғаның кінәсі болған кезде Азаматтық жауапкершілік пайда болады. Азаматтық жауапкершілік, әдетте, құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеу принципіне негізделген. Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады. Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұй-рық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. 16.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде. Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді: -қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін; -мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін; -адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді. Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады: -міндеттеу әдісі; -тыйым салу әдісі; -ерік беру әдісі; -мойындау әдісі. Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады). Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың түрі:ішкі ,сыртқы Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі:

  • Конституция;

  • конституциялық заңдар;

  • әдеттегі заңдар (жай заңдар);

  • президенттің нормативті жарлықтары;

  • үкімет қаулылары;

  • қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер 17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы — тәуелсіз Қазақстан Республикасының ата заңы.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді

18. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері. Сот билігінің конституциялық негіздері. Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды. Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады. Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда: 1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген. 2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын; 3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді. Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады. 4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі; 5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады. 6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады. Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдіретіне жатқызылады. Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді. 7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді. 19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі. Конституциялық Кеңес мемлекеттік орган ретінде елілгіздің барлық аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Конститудиялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экспрезиденттері ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын Президент тағайындайды және қызметінен де Президент босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Президент, Сенат төрағасы және Мәжіліс төрағасы сайлайды, қызметінен де солар босатады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық Кеңес кұрамына тағайындау үшін мынадай талаптар койылады: -Қазақстан Республикасынын азаматы; -жасы отызға толған; -республика аумағында тұрақты тұратын; -жоғары заң білімі бар; -заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс өтілі бар болуы керек. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері өздері тағайындалғаннан кейін ант береді. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері мемлекеттік қызметтің лауазым иелері болып табылады. Сондықтан да олардың мәртебесін Конституция мен "Конституциялық Кеңес туралы" Конституциялық заңнан басқа "Мемлекеттік қызмет туралы" Зан айқындайды. Конституциялық Кеңеске мүшелік белгілі бір шектеулермен байланысты (олар үкімет мүшелеріне койылатын шектеулерге ұқсас) болады. 20. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы завод-вузды бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар Академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры. Белорус ғылымдар академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960–1969 жылдар аралығында Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеді. 1969- 1973 жылдар. Қарағанды облысы Теміртау қаласында комсомол, партия жұмысында болды. 1973–1977 жылдар – Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы. 1977 — 1979 жылдар –Қарағанды облыстық партия комитетінің Хатшысы, Екінші хатшысы. 1979–1984 жылдар – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Хатшысы. 1984 — 1989 жылдар – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989–1991 жылдар –Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы. Сонымен бір мезгілде Одновременно с февраля по апрель 1990жылдың ақпан-сәуірі аралығында – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті. 1991жылдың 1желтоқсанында республика Президентін сайлау бойынша өткен алғашқы бүкілхалықтық сайлау барысында Н.Ә. Назарбаев 98,7 пайыз сайлаушылардың қолдауына ие болды. 1995 жылдың 29 сәуіріндегі жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеті 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарындағы баламалық негізде өткен сайлауда сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысына ие болып Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсаныда сайлаушылардың 91,15 пайыз дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

21. Қазақстан Республикасының Парламенті. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

22. Сот билігінің ұғымы.

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.