
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
1). Құқықтық қатынастың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. ҚР-ның азаматтары, басқа елдердің азаматтары,сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер), жеке тұлғадар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілет – құқыққа,бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып,ол өлгенде барып жойылады.
Әрекеттілік – адамның өз әрекеті мен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті.Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.
Заңды тұлғалар: мемлекет,мемлекеттік аппарат – мекемелер,лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер,одақтар мен ұйымдар,ұжымдар заңды түрде құрылып бекітілсе,тіркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабілеттілігі бар адам деп саналады.
2). Құқықтық қатынастың объектісі (заты)- қоғамдағы көп түрлі,көп салалы саяси,экономикалық, әлеуметтік,мәдениеттік,қылмыстық,азаматтық,әкімшілік, еңбектік және т.б. қарым-қатынастар.Материалдық дүние-заттар, рухани шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер,құқық субъектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері- құқық қатынастарының объектілері.
12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орынддалуы. Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мақсаттар: бірінші- қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші- көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші- міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші- егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.
Заңдық міндеттер – субъективтік құқықтар бар жерде заңды міндеттер де болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, себебі,қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері де бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап,бағып,тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
Құқықты бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жағы- нормативтік кесімге келетін қарсы іс-әрекет және оның зияны; теріс қылық пен зиянның арасындағы байланыс. Субъективтік жағы- теріс қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі болуы.
Құқық бұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді.
Теріс қылық құқықтың саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық және тәртіптілік теріс қылықтар.
Қылмыс – өте зиянды, қауіпті құқықбұзушылық. Сондықтан оған қарсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады. Құқық бұзып,кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шарасын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі. Заң бойынша жауаптылықтың 2 түрі болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзету. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда қолданылады. Құқық бұзуды түзету – жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.
Заң алдындағы жауаптылық тек құқықбұзушылық болған жағдайда ғана туындайды. Жауапқа тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға құқылы. Жауапқа тартылушы адам өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге құқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың процессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.