
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
Құқықтық қатынастың құрамы 4 элементтен тұрады:
1). Құқықтық қатынастың субъектісі- жеке адам және заңды тұлғалар. ҚР-ның азаматтары, басқа елдердің азаматтары,сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер), жеке тұлғадар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілет – құқыққа,бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып,ол өлгенде барып жойылады.
Әрекеттілік – адамның өз әрекеті мен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті.Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.
Заңды тұлғалар: мемлекет,мемлекеттік аппарат – мекемелер,лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер,одақтар мен ұйымдар,ұжымдар заңды түрде құрылып бекітілсе,тіркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабілеттілігі бар адам деп саналады.
2). Құқықтық қатынастың объектісі (заты)- қоғамдағы көп түрлі,көп салалы саяси,экономикалық, әлеуметтік,мәдениеттік,қылмыстық,азаматтық,әкімшілік, еңбектік және т.б. қарым-қатынастар.Материалдық дүние-заттар, рухани шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер,құқық субъектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері- құқық қатынастарының объектілері.
3). Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орынддалуы. Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мақсаттар: бірінші- қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші- көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші- міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші- егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.
4). Заңды міндеттер – субъективтік құқықтар бар жерде заңды міндеттер де болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, себебі,қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері де бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап,бағып,тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
Құқық бұзушылық- құқыққа қарсы,қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:
Нормативтік актілерді дұрыс орындамау;
Қоғамға,тұлғаға қауіпті,кінәлі іс-әрекет;
Қоғамдық тәртіпке,мақсатқа зиян келтіру;
Құқықты бұзушылықтың құрамы 4 бөлімнен тұрады:
Құқықты бұзудың объектісі – құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық қатынастардың түрлері. Бұл құқықбұзушылықтың неге бағытталғандығын көрсетеді.
Құқық бұзудың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықтық әрекетқабілеті бар жеке немесе заңды тұлғалар, әлеуметтік ұйымдар.
Объективтік жағы – бұл тұлғаның жасаған құқықбұзушылығы және оның зияны, салдары.
Субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне(қасақана және абайсыздықтан) және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілерінің жиынтығы. Бұл жерде басты категория кінә болып табылады.