Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852.48 Кб
Скачать

8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.

Құқықтық қатынас- тек қана құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны,яғни құқыққа баайланысты құқық негізіндегі қатынастар болып табылады. Н.М.Коркунов айтқандай, ғылыми зерттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды,тек олар түгелімен қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет. Бұл үшін бір-бірімен тығыз байланысты 3 негіз болуы қажет:

- Құқық нормасы болуы керек.

- Субъективті құқықтар мен міндеттер болуы қажет.

- Заңға негізделген айғақ болуы керек.

Құқықтық қатынастардың белгілері мен мәні, сондай-ақ олардың нақтыландырылған сипаттамалары осындай даулы мәселелерге жататын аужайлар (аспектілер) болып табылады.

Құқықтық қатынастарды тар және кең мағынада қарастыруға болады, яғни оларды заң нормаларымен арақатынастық байланыстары бойынша екі түрге бөліп атауға болады. Құқықтық қатынастарды кең мағынада түсінуді заң пайда болғанға дейін объективті түрде туындайтын әлеуметтік өзара ықпалдасулардың ерекше түрі деп ұғыну қажет. Бұл ықпалдасуларға қатысушылардың бір - біріне өзара қатысы болып келетін құқықтары мен міндеттері болады.

Олар сол құқықтар мен міндеттерін мемлекет тиым салмаған ерекше тәртіп бойынша өз мүдделеріне сай келетін қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүзеге асырады.

Құқықтық қатынасты тар мағынада түсіну оны заң нормаларымен реттелген әлеуметтік қатынастардың бірі деп ұғыну және бұл қатынасқа түсушілердің өзара кірігіп-бірігіп араласып кеткен құқықтарымен міндеттері болады.

Бұл құқықтары мен міндеттерін олар өз мұқтаждықтарын өтеу үшін мемлекеттің кепілдендіруімен (органдар арқылы) ерекше тәртіп бойынша жүзеге асырып отырады. Басқаша айтқанда бұл түрдегі құқықтық қатынас деп заң нормаларының қызмет істеуі, әрекет етуі түсініледі. Белгілі іс-әрекеттерді атқаруға құқығы бар адамдар құқықтық өкілеттілігі барлар, яғни құқыққа өкілеттілер әрекет ету, іс атқару жүктелгендер - міндеттелгендер, яғни міндеттілер деп аталады.

Заңға дейін (заң пайда болғанға дейін) туындайтын құқықтық қатынастар заң нормаларының қайнар көздері болып қызмет атқарады, яғни қоғамдық ерік – ықтиярды қалыптастырады демек, ол мемлекеттік ерікті де құрайды.

Заң нормалары негізінде туындайтын құқықтық қатынастар заңға негізделген айғақты (нақты құрамды) өздеріне етіп алған болып табылады. Олар (құқықтық қатынастар) заң нормаларындағы, өздерінің жалпы сипаты бар (өзіне тән еркшелігі жоқ) мемлекеттік ерік жігері мен ықтиярды жүзеге асырады, мемлекет тарапынанкепілдендіріледі және қорғалады.

Құқықтық қатынастың белгілері:

  • Бұл- әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас.

  • Бұл- құқық нормаларының негізінде қалыптасады.

  • Бұл- тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс.

  • Бұл- ерікті байланыс,себебі, оның пайда болуы үшін қатысушыларының еркі қажет.

  • Бұл- мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

Заңға негізделген айғақтар – құқықтық қатынастардың пайда болуымен,өзгеруімен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тіршілік жағдайлары. Олардың түрлері: оқиғалар және әрекеттер.

Оқиғалар- адамдардың ерік-ықтиярынсыз пайда болады. Мысалы,адам өлімі мұрагерлік құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкіндік береді.

Әрекеттер- адамдардың ерік-ықтиярымен пайда болатын заңға негізделген айғақтар. Олар құқыққа сай(заңды) және құқыққа қарсы әрекеттер(заңсыз) болып бөлінеді.

  • Заңды әрекет – бұл заңның талаптарына сәйкес келетін, субъектілердің құқықтары мен міндеттерімен қабысатын мінез-құлық. Заңды әрекет 3 топқа бөлінуі мүмкін: жекелеген әрекет; заңды қылық; заңда көрсетілген нәтиже тудыратын, әлеуметтік мәні бар заңды әрекет.

  • Заңсыз әрекет – бұл қылық заң талаптарын бұзады, субъективтік құқықтарға нұқсан келтіреді, адамдарға жүктелген міндеттерге сәйкес келмейді.