Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852.48 Кб
Скачать

6.Мемлекеттің белгілері.

Мемлекеттің қоғамнан және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын білуге көмектесетін өзіне тән мынадай белгілері болады: 1. Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халғы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді.Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып, сол мемлекеттің азаматына айналады. Қандай мемлекет болмасын,өз аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғап, тұтастығын сақтау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және шешеді.

2. Екіншіден, мемлекеттің қоғамды,оның қызметін өз жөнінде басқаруға құрылған органдары,ерекше аппараты бар,саяси билігі болады. Мемлекетке әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет. 3. Үшіншіден, тек мемлекет қана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік үкімет-жоғарғы, тәуелсіз және бөлінбейді. Оның жоғарылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы партияларға не болмаса басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған.

ҚР-ның 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық қана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды.Халық референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар. Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әр түрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын мүмкіндігіне ие болғандығы жатады.

4. Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана,бәрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық халықты біріктіреді және оның атынан шығады.Оның шешімінің, барлық азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.

5. Бесіншіден, тек мемлекет қана, әлеуметтік қажеттілікке,Отан қорғауға, мемлекеттік аппаратты ұстауға,өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан салық жинайды.

  1. Алтыншыдан, заң жүйесі жақсы дамуы тиіс. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. 7. Жетіншіден, мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды. Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың ішіндегі ең негізгілеріне көңіл аударсақ:

1.Теологиялық (діни) теория бойынша мемлекетті, үкіметті Құдай жаратты деп уағыздайды. Бұл теория, өзінің өте ертеде туғандығына байланысты, сол кездегі пайда болған алғашқы теологиялық мемлекеттердің құрылым нысандарын көрсетеді, яғни шіркеулердің атқарған рөлдері, дін басқару орталықтарына байланысты бөлінеді. Бұл теорияның сол уақыттағы маңызына тоқталсам, үкімет басқарушылығын құдайдың күшіне жатқызу, сол кездегі пайда болған алғашқы қала-мемлекеттерге күш және беделімен қатар, міндеттілік жүктеді. Бұл теория шексіз құқығы бар, бір адамның монархиялық күшін уағыздау үшін пайдаланылған.

2. Патриархалдық теориямемлекеттің пайда болуын, құрылымын, отбасының тым өсуіне байланысты және әкенің отбасына басшылығын, монархтың басшылығымен ұқсастырады. Теологиялық теория, патриархалдық теориялар, патшаның, монархтың шексіз басшылықтарын уағыздау үшін пайдаланылған. Бұл теория Греция жерінде алғашқы рет Аристотельдің еңбектерінде танылған болатын. Кейінгі кездерде де ағылшын ғалымы Фильмердің «Патриарх» деген еңбегінен көруге болады.

3.Шарттық теорияXVII ғасырда Голландияда туған, ол теорияның жақтаушылары болған сол кездегі белгілі ғалымдар Голландиядағы Гуга Гроций, Спиноза, Англиядағы Локк және Гоббс, Францияда- Руссо болған. Шартты теория бойынша мемлекет сезімшілдіктің шығармашылық жемісі деген тұжырымға келеді.

Ресейде бұл теорияны қолдаушылардың бірі Ф.Р.Радищевтің айтуы бойынша, мемлекеттің билігі халықта, сол арқылы жеке адамның билігі- монархқа берілетіні және халықтың бақылауында болуы қажеттігін айтқан. Адамдар, оның ойынша, мемлекеттің қарауында болғанымен, өздерінің шын тәуелсіздігін жоймайды. Сондықтан да, халық көтерілуге, төңкеріс арқылы үкіметтің басынан монархты алып тастауға да құқылы екендігі уағыздалған.

4. Материалистік (таптық) теория, мемлекеттің пайда болуын, ең алдымен, қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес түсіндіреді: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің және жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның экономикалық мүдделері, бір-біріне қарама-қайшылығы бар таптарға бөлінуі. Осы процестердің объективтік нәтижесі ретінде мемлекет пайда болады және арнайы басқару, басу жолдарымен таптардың қарсылықтарын тежейді.

Материалистік теорияның негізі, мемлекеттің пайда болуы, қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырылғандығында. Осыдан мынадай қорытындыны келуге болады: мемлекет тарихи ауыспалы, уақытша құбылыс, ол таптардың пайда болуына байланысты құрылып, таптардың жоғалуына байланысты ол да еріксіз жоғалуы қажет.

Басқа тұжырымдамалардың өкілдері материалистік теорияны біржақты, дұрыс теория емес деген пікірде, себебі ол теория қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болуын қамтамасыз ететін психологиялық, биологиялық, адамгершілік, этникалық және сол сияқты басқа факторларды ескермейді.

5. Мемлекеттің пайда болуы туралы табиғи-құқықтық теория – мемлекеттің пайда болуын адамның табиғи көңіл-күйімен байланыстырады. Адам өмірінің жағдайы мен адамдар арасындағы қарым-қатынас сипаты өзгертілмей, табиғи күйінде көрсетілген. Гоббс табиғи күйді жеке адамның бостандық патшалығында, «соғысқа қарсылық барлығына» апарады деген; Руссоның айтуы бойынша, бұл бейбіт күйдегі идеалистік алғашқы қауымдық патшалығының бостандығы; Локктың айтуы бойынша, адамның табиғи күйі оның тежеусіз бостандығында- деп есептеген.

6.Келісім теориясы- өзінің классикалық дәлелдеуін Руссоның ғылыми еңбектерінде тапты. Ол тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, мынадай қорытындыға келген: «Басқарушылар мемлекетті өздерінің меншігі ретінде санап, азаматтарды өздерінің құлдары есебінде қараған. Олар деспоттарға, қанаушыларға айналған. Деспотизм, Руссоның түсінуінше, ең жоғарғы және шеттен шыққан қоғамдық ерекше көріністер: байлар мен кедейлердің теңсіздігі жеке меншіктің нәтижесі, күштілер мен әлсіздердің теңсіздігі, өкімет басқарудың нәтижесі. Мұндай теңсіздік жаңадан пайда болатын теңдікті теріске шығарудың себебі болады: деспоттың алдында бәрі бірдей,өйткені әрқайсысы 0-ге тең. Бірақ бұл бұрынғы қауымдық қоғамдағы адамдардың табиғи теңдігі емес,табиғи теңдікті бұзып,өзгертіп көрсету.

7. Органикалық теория. Ертедегі грек оқымыстылары мемлекет туралы ой- толғауларында,оның жұмысының ерекшелігін адам организміне ұқсатқан. Мысалға: Платон мемлекеттің құрамын және қызметін адам жанының қабілеттілік жақтарымен салыстырған. Аристотельдің айтуына қарағанда, мемлекет көп жағдайда тынымсыз жұмыс істеп тұратын адам организмін еске салады, соның негізінде,адамның жеке дара өмір сүруін жоққа шығарады. Өзінің көзқарасын мынадай образдық салыстырулар арқылы түсіндіреді: адам баласының денесінен қолы мен аяғын алып тастағанда ол өзінше күн көре алмайды. Сол сияқты адам да мемлекетсіз өмір сүре алмайды.

Органикалық теорияның XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері-Герберт, Спенсер. Олардың ойлары бойынша, мемлекет жеке адамдардан тұратын қоғамдық организм,тірі организм сияқты клеткалардан пайда болады. Бұл теорияның маңызды жағы- мемлекеттің пайда болуында,өзінің бөліктерімен- адамдармен бір мезгілде өтетіндігінде және адам баласының қоғамы тұрғанда олар да өмір сүреді.

8.Күштеу(зорлау) теориясы. Бұл теорияның шығуы құл иеленуші кезеңнен басталады.Оны жақтаушылардың ойынша, мемлекет-күштеп,жаулап алудың нәтижесі.Бұл теорияның дамуы,жетілуі XIX-XX ғасырларға жатады. Мемлекет қанау органы ретінде тек сол жеңілгендер мен жеңушілер арасындағы заңды айырмашылық жойылмаған елдерде өмір сүреді. Күштеу теориясына тән бөлікті толықтау сипаттайтын Е.Дюрингтің, Л.Гумпловичтің, К.Каутскийдің ғылыми еңбектерін айтуға болады.

9.Психологиялық теория. Осы теорияны жақтаушылар қоғам мен мемлекетті адамдардың психологиялық қарым-қатынасымен, оның әр түрлі қосылымдарының жиынтығы ретінде белгілейді.Бұл теорияның негізіне, адамдардың біріккен қоғамда өмір сүруге керекті психологиялық қажеттіліктің бар екенін дәлелдеу және ұжымдық қарым-қатынастың қажеттігін көрсетеді.Қоғамның және белгілі ұйымның табиғи қажеттілігін айта келіп,психологиялық теорияның жақтаушылары мынадай қорытынды жасайды: «қоғам және мемлекет адамның психологиялық дамуындағы заңдылықтардың нәтижесі».