Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852.48 Кб
Скачать
  1. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).

Мемлекет нысаны көбіне 3 түрге бөлінеді:

  • Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет бассшысы жатады(монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп 2 түрге бөлінеді.

1.Монархия (грек тілінен – жалғыз билеуші) – басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады (монархтың, корольдің, патшаның, шахтың, императордың, т.с.с.) және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.Монархиялық биліктің өзі 3 түрге бөлінеді: конституциялық, абсолюттік және теократтық(билік басында монарх, яғни дін басшысы болады). Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы – Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған.

2. Республика(латын сөзінен- мемлекеттік,қоғамдық іс) – басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.

Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі бір мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Қазіргі кезде республиканың 2 түрі кездеседі: президенттік-(АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан, т.б.) және парламенттік республикалар (Италия). Мемлекеттік құрылымының нысаны - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің бір- бірімен қатынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып 3-ке бөлінеді:

1.Унитарлы немесе біртұтас мемлекет- қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас жоғарғы органдары және біртұтас заңдар жүйесі бар (құрамында ешқандай мемлекеттің болмауы, өз арасында штаттарға бөлінбей, бір ғана ортақ билікке бағынуы), мысалға,ҚР, Польшаны, Венгрияны, Болгарияны, Италияны айтуға болады.

Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге- Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге- Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.

2.Күрделі немесе федеративті мемлекет- күрделі одақтық мемлекет бөліктері мемлекеттік құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федералдық органдармен қатар, федералдық заңдардың негізінде субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар, яғни құрамында бірнеше мемлекет бар, өз арасында штаттар мен автономияларға бөлінетін мемлекеттік құрылым.

3.Конфедерация – саяси,экономикалық және әскери мақсаттарға жету мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар, не үшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады. Қазіргі кезде қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды- ТМД деп атайды. Мысалға қазіргі әрекеттегі ТМД мемлекеттерін айтуға болады, ол құрылымның конфедерацияға қарағанда түсініксіз жақтары көп.

- Мемлекет нысанының соңғы элементі- саяси режим. Саяси өкіметті іске асыруға арналған құралдардың, жолдардың және әдістердің жиынтығы. Берілген кейіптегі мемлекеттің негізіндегі болатын әр түрлі өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрініп, мемлекетті құрылым нысанына және мемлекеттік басқару нысанына тікелей ықпал жасайды. Мемлекеттің саяси режимін, оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы мен кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы режимдер болып бөлінеді.