Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
09.12.2019
Размер:
852.48 Кб
Скачать

78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын қылмыстық құқытық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан, іс қимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы мән-жайлар Қазақстан Републикасының Қылмыстық кодексінің (1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі) VІ бөлімінде кеңінен қарастырылған. Аталған заңның 78 бабында сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады, яғни қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. Сонымен қатар айта кететін болсақ жасалған қылмыс санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қылмыстық жаза тағайындауы мүмкін немесе оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлері тағайындалады: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу және бас бостандығынан айыру.Айыппұл түріндегі жаза кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза 40 сағаттан 160 сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады және кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты жасауға ғана тартылады. Қоғамдық жұмыс оқудан немесе негізгі жұмыстан бос уақытта атқарылады. 16 жасқа толмаған адамдардың жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне 2 сағаттан, ал 16-дан 18 жасқа дейінгі адамдар үшін күніне 3 сағаттан аспауы керек. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза сот үкімі шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға ғана және бір жылғы дейінгі мерзімге тағайындалады.Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын айыру жазасы 10 жылдан аспайтын, ал, ауырлататын мән-жайларды кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бо йынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірнеше рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдедетін және ауырлататын мән-жайлар толық ескерілуі тиіс. Мысалы, жеңілдетін мән-жай ретінде жасы кәметке толмаған сотталушының жеке басы, жанұясы, тұрмыс жағдайы, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ, оған жасы үлкен адамдардың ықпалы, іс бойынша жәбірленушімен қарым-қатынасы, жәбірленушіге көмек көрсетуі, қылмыспен келтірген залалдың өтеуі, жәрбірленушінің соттағы позициясы, сотталушының жасының кәмелетке толмағандығы, тағы басқа да мән-жайлар ескеріледі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ҚК-ның 54 бабында көрсетілген және құрамы шектеулі болып табылады. Мысалы, қылмыстың бірнеше рет жасалуы, қайталануы, қылмыспен ауыр зардаптар келтіруі, адамдар тобы боп жасау, қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару, алкогольдік, есірткілік еліту жағдайында қылмыс жасау, тағы басқалар. Әрине, қылмыстық заңда жасы кәмелетке толмаған сотталушының жас ерекшелігін ескере отырып кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкін. Кішігірм ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылықққа тартпай-ақ түзеуге болады деп тапса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұндай жағдайда оған Қылмыстық кодекстың 82 бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.