
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңы арқылы реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.
Жалпы ереже бойынша, еркектер — 63 жасқа, әйелдер — 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға қақысы бар. Кейбір адамдардың ел алдында сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығуға қақысы бар, мысалы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 баласы бар және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің 53 жасында зейнеткерлікке шығуға еркі бар. 2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 9200 тенгені құрады, орташа зейнетақы — 12427 теңге.
Халықты зейнетаңымен қамтамасыз етудің ортақ және жеке жүйелері
Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптаскан:
бірінші дәрежесі — мемлекеттік негіздегі зейнетақы;
екіншісі — міндетті зейнетақы жарналары есебінен болатын ортақ жүйе мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан тұратын зейнетақы;
үшіншісі — ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу.
2005 жылы Қазақстанның барлық азаматтарына үш мың теңге мөлшерінде мемлекеттік негіздегі зейнетақы енгізілді. Бұдан әрі негізгі зейнетақы төлеу мөлшері республикалық бюджет туралы заңда қарастырылатын болады. Келешекте негізгі зейнетақы дәрежесін күнелту минимумы дәрежесіне жақындату жоспарлануда. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жуйесі — көсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ерікті ақша аудару есебінен зейнетақы төлеу дегенді білдіреді. Жеке жинақталган жүйе — нақты зейнетақы қорындағы өзінің жеке есебіне табыстарын аудару арқылы әрбір азаматтың зейнетақы сомаларын қалыптастыруы. Зейнетақы қорлары Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді. Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондалар бар. Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптері болып:
зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;
зейнетақы каржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушызейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;
азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;
зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек кою;
зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;
енбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;
жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуынын халықка тиімділігі;
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;
әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу кұқығы;
азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі болып табылады.
Мемлекет мемлекеттік жинақтаушы қорда зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақылық жинак каржыларының колсұғылмай сақталуын түрлі шаралар жүйесі аркылы камтамасыз етеді, атап айтканда, жинақтаушы зейнетақы корларының зейнетақы жарна- ларын түсіру және зейнетақылық төлемдер төлеу жөніндегі қызметін лицензиялау жолымен жүзеге асырады; жинақтаушы зейнетақы корларының жылдық каржылық есептерін міндетті түрде аудиторлық тексеруден өткізу аркылы жасайды, жинақталған зейнетақылық каржыларды алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара сақтандыру жолымен де және тағы басқалай төсілдермен жасайды. Салымшылардың зейнеткерлік шарттар жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдап алуға, зейнетақылық қаржы жинактарының жағдайы туралы акпараттар алуға құқығы бар.Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз — қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы. Зейнетақы дегеніміз — азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем. 70. Сақтандыру құқығының түсінігі. Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады. Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады. Сақтандыру объектісін бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы мүмкін (ортақ сақтандыру). Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уағдалы шарттар баяндалуға тиіс. Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше “қайта сақтанушы” (сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және “қайта сақтандырушы” (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру жүйесі сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады. сақтандыру сақтық қорлары жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады. Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің “Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы” 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 — 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды. КСРО Халкомкеңесінің 1930 жылғы 6 қазандағы қаулысымен өмірді жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері жойылды. Соғыс жылдары сақтандыру қоры есебінен майдан мұқтажына республика бойынша 677,9 млн. мөлшерінде қаражат тартылды. Соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттік сақтандырудың барлық түрлерінің тұрақты өсуімен сипатталады. Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру органдары КСР Министрлер Кеңесінің “Қазақ КСР-індегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы” 1982 жылғы қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады. Сақтандыру органдарын 1987 жылға дейін Қазақ КСР-і Мемсақтандыру Бас басқармасы, ал 1987 — 91 жылы Қазақ КСР-і Мемсақтандыру басқармасы басқарды. Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендік алуына, сондай-ақ экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бұл басқарма республиканың Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 7 мамырдағы ғ289 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында 297 бас инспекция және 116 телімдік инспекция жұмыс істеді. КСРО Мемсақтандыру ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстанда сақтандыру қызметін реформалау ісі қолға алынды. Сөйтіп, 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2000 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3,8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2004) сақтандыру төлемдері 4,2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы. Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 3,4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында, Қазақстан Рсспубликасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарьшда жәтіе т.б. а ашылады. Сактандыру сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады. Сақтандыру кызметі — Қазақстан Республикасы заң, талаптарына сәйксс мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі. Сақтандыру жағдайы — сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы — табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне имденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды (ҚР АК 817 бабы, 3 т.). Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады. Актуарий — сақтандыру (кайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрактылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға; Сатып алу сомасы — жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы. Сақтандыру ережелері — белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты. Қайта сақтандырушы (цедент) - езі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы. Қайта сақтандыру — сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтаңдыру тәкеуелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар. Сақтандыру сыйақысы - сақталдырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады. Сақтандыру сомасы — сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің, шектеулі келемін ұсынатын ақша сомасы. Сақтандыру төлемі — жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сактандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді. Сақтандыру шарты - Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге түлғаға (пайда алушы) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы занның барлық 2000ж. IX желтоқсаидағы ҚР Заңындаіы ред. К.Р АК 8036., 1 гарм. талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі. Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілстті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріңдегі жағдайлар алынуы тиіс. Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек: 1) сақтандыру объектілерінің тізімін; 2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін; 3) сақтандыру тәуекелдерді; 4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар; 5) сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын; 6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін; 7) тараптардың құқықтары мен міңдеттерін; 8) сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді; 9) сақтандыру жағдайынын орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін; 10) сактандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін; 11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерзімін; 12) сақтандыру шартты жағдайларының тоқтатылуын; 13) дауларды шешудің тәртібін; 14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу; 15) ерекше жағдайлар.
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың әдет ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабы-ның 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады. Сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық. Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827-6. сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлык ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу қарастырылса, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шартының салдары болып келетіні түсінікті. Сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен нсмесе жеке заң актілерімен берілуі мүмкін. Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сактандыру төлемін жасау бойынша міндетінің орындалуын талап ете алады. Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орналасуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады. 71.Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқық қымыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. 1.Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады. 2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. 3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді күшпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды. Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.