
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілерімен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Тынығу уақыты – бұл жұмыс уақыты арасында жұмыскерге тынығуғу және тамақ ішуге берілетін уақыт. Оның түрлері: демалуға, тамақ ішуге берілген үзіліс, апта арасындағы демалыс, мейрам күндері берілетін демалыс, жыл сайынғы демалыс.
Мейрам күндері – бұл барлық мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істемейтін күн.
Демалыс пен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күн демалыс күні болып саналады.
Еңбек заңдары мынадай демалыстың түрін белгілейді. Олар жыл сайынғы, қосымша, арнайы мақсаттарға арналған демалыс, жалақы сақталмайтын қысқа мерзімге берілетін демалыс. Жұмыс істеген бірінші жылы үшін еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі.
Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтініші бойынша баласы 1,5 жасқа толғанға дейін оған күтім жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс орны мен қызметі сақталады.
Жеке еңбек шартын бұзу кезінде оның қандай негізде бұзылғанына қарамастан өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын немесе пайдаланбаған не толық пайдаланбаған қызметкерлерге өтемақы төлеу және білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жұмысын қорғау, бітірушілер емтихандары кезінде ақылы немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс беру мүмкіндіктері заңда қарастырылған.
Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді. 1917 жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім жасалды. Қазақстанда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған. Жұмыс аптасы – күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс және демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режимі. Көптеген дамыған елдерде жұмыс аптасының нормативтік ұзақтығы заңмен ғана емес, ұжымдық шарттармен де реттеледі, кейде ұжымдық шарт бойынша белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан аз болып келеді (мысалы, Германияда). Заңмен реттеу жұмыс аптасының тұрақты ұзақтығын белгілемей, тек кәдуілгі мөлшерлемелер бойынша төленетін жұмыс сағатының ең жоғарғы мөлшерін ғана шектейтіндіктен, жұмыс аптасының заңмен белгіленген және нақты ұзақтығы арасында айырмашылық бар. Қазақстан заңдарында екі демалыс күні (әдетте, сенбі мен жексенбі) бар 5 күндік жұмыс аптасы, яки жұмыс жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат)‚ қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін)‚ толық емес Жұмыс уақытының‚ Жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс‚ түнгі уақыттағы жұмыс тәртіптемелері белгіленген. Мысалы‚ 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде әр апталық жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы кәсіпорын (фирма) әкімшілігі кәсіподақпен келісе отырып, жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтап, бекіткен ішкі еңбек тәртібімен немесе ауысымдылық кестесімен айқындалады. Өндірістің сипаты мен еңбек жағдайларына қарай 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз кәсіпорындарда (фирмаларда) бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс жылы – қызметкердің белгілі бір кәсіпорындағы жұмыс істеген жылы. Ол қызметкердің осы кәсіпорынға жұмысқа тұрған күнінен бастап есептеледі. Жұмыс жылы қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде ескеріледі. Жұмыс уақытының пайдаланылу көрсеткішінің өндірістік маңызы зор. Оның құрылымын зерделеу орындаушының немесе жабдықтың ауысым бойына (немесе уақыттың басқа кезеңі бойына) жұмсайтын уақыт шығынын және олардың жұмысбастылық деңгейін‚ Жұмыс уақытының резервтерін‚ оны тығыздау мүмкіндіктерін‚ белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалатын еңбектің ғылыми негізделген шығынын анықтау үшін қажет. Өндірісте жұмыс уақытының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін жұмыс уақытының балансы деп атайды. Ол, әдетте, кесте түрінде бір жылға арналып жасалады.[1] Жұмыс уақыты — бұл қызметкердің жұмыс берушінің актілеріне және ішкі еңбек шартының талаптарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауға кететін уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі еңбек төртібінің ережелері түріндегі актілер және басқалары жатады.
Бүгінде мемлекеттің жұмыс уақытын реттеудегі рөлі түбірінен өзгерді. Еңбек жағдайлары (соның ішінде жұмыс уақытының ұзактығы да) көбінесе жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша анықталады.
Мемлекет заң жолымен жұмыс уақытының ұзақтығын ғана белгілейді (жетісіне 40 сағат). Екі жақтың өзара келісімі бойынша жеке еңбек шарттарында жұмыс уақытының ұзактығы қысқартылуы мүмкін.
Жұмыс уақытының мынадай түрлері көзделген: ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты.
Қалыпты жұмыс уақыты
Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық.
Қысқартылған жұмыс уақыты
Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.
Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы бар.
Толық емес жұмыс уақыты
Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс беруші арасында оны жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім арқылы белгіленеді. Толық емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем қысқартылған жұмыс уақытынан ажырата білу керек. Олардың айырмашылығы еңбекке ақы төлеу тәртібінде. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді.
Түнгі уақытта жұмыс істеу
Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, технологиялық процестері үздіксіз өндірістерде, байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте және басқаларда.
Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.
18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.
Екіқабат әйелдерді түнгі жұмысқа қатыстыруға, олардың жазбаша келісімі бойынша ғана жол беріледі. Жекелеген жағдайларда мүгедек адамдардың түнгі жұмысқа пайдаланылуы мүмкін, бірақ олардың келісіммен және ұсынылған жұмысты атқаруға медицина қызметкерлерінің рұқсаты болған жағдайда ғана.
Жұмыс уақытының белгіленген ұзактығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша төленеді.
Қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан қолы бос және өз қалауынша пайдалана алатын уақыты тынығу уақыты болып табылады. Еңбек туралы заңда тынығу уақытының мынадай түрлері белгіленген:
күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
апталық демалыс күндері;
мереке (жұмыс істемейтін) күндері және еңбек демалысы.
Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер
Қызметкерлерге күнделікті жұмыс (ауысым) барысында тынығуға және тамақтануға жиынтығында ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі.
Үзілістің ең қысқа мерзімі көрсетілген. Тынығу мен тамақтану үшін берілетін үзілістің ең көп ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Тынығу мен тамақтануға берілетін үзіліс жұмыс уақытына кіргізілмейді. Қызметкер үзіліс уақытында жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне болады. Тынығу мен тамақтану үшін үзіліс уақытын беру және оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерімен, жеке және ұжымдық шарттармен белгіленеді. Үзіліс, әдетте, жұмыс басталғаннан төрт сағат өткенде беріледі.
Еңбек туралы заңда арнаулы үзілістер деген де қарастырылған. Мұндай үзілістер суық уақытта ашық аспан астында, жабық жылытылмайтын жайларда, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге беріледі. Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынып, тынығуы үшін беріледі және жұмыс уақытына есептеледі. Сондай-ақ, мұндай арнаулы үзілістерді бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге — жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын, 30 минуттан кем емес уақытқа беру де қарастырылған.
Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді. Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.
Заңға[2] сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.
Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Денсаулық дегеніміз – адамның психикалық, дене және әлеуметтік әл-ауқаты. Ол адамның және жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту – еңбек етушілердің денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы
Еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарға қоғамның экономикалық белсенді халқының барлық мүшелері дерлік тартылады, және оның едәуір бөлігі үшін еңбекті қорғаудың тікелей маңызы бар, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау институтының жағдайы олардың мінез-құлқын айқындайды, ал ол жалпы алғандағы қоғамның келбетіне, оның белсенділігіне үлкен әсер етеді.
Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді, -мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар бөлінеді. Еңбекті қорғау медицинамен аса тығыз байланысты. Ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйі қызметкердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Медицинада қызметкерлердің денсаулық жағдайына қандай да бір өндірістік факторлардың жасайтын ықпалына, кәсіби аурулардың немесе жарақаттардың белгілі бір өндірістегі еңбек үдерісімен байланыстылығына көңіл бөлінеді.