Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852.48 Кб
Скачать

58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.

Қаржы құқығы – бұқаралық қаражатты қалыптастырумен және оны жұмсаумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Бұл қызмет бұқаралық функцияларды жүзеге асыру үшін қажет. Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады. Ақша қорларын жинау тәсілдері: 1.Иелерінен ақшаны міндетті түрде, қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).2.Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем). 3.Ерікті-қайтарымсыз төлемдер, және т.б.

Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.

Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді. Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейді.

Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі – бюджеттердің және ҚР ұлттық қорының жиынтығы. Бюджет қаражаты – мемлекеттің ақша және өзге де активтердің (затқа айналдырылған, мемлекетке тиесілі) жұмсалуы, бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер. Бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар. Бюджеттік процестер – ҚР–ның бюджеттік заңнамасымен регламенттелген (айқындалған) мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу, мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекеттік, бюджеттік мониторинг жүргізу, және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі.

Бюджеттік қатынастар принциптері :

  1. Бірыңғайлылық – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану.

  2. Толымдылық принципі – бюджетте және ҚР ұлттық қорында ҚР заңнамасында көрсетілген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу.

  3. Реалистік қағида – бекітілген бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, болжамдарының бекітілген параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі.

  4. Транспаренттілік қағидасы (ашықтық) – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын БАҚ үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, ҚР-ның бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік, құқықтық актілерді, бекітілген бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, ҚР-ның ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау.

  5. Дәйектілік қағидасы (обоснованность) – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдердің сақталуы.

  6. Нәтижелілік қағидасы – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару.

  7. Бюджеттердің дербестік қағидасы – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу.

  8. Сабақтастық қағидасы – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына негізделген бюджеттерді жоспарлау.

Бюджет түрлері. ҚР-да мынадай деңгейдегі бюджеттер бар: 1.Республикалық бюджет, 2.Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала – Астана бюджеті. 3.Аудандық бюджет.

Бюджеттік кодексте айқындалған, түсімдер есебінен қалыптастырылатын және мемлекеттік органдардың міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Төтенше мемлекеттік бюджет – соғыс және төтенше жағдайда енгізіледі.

Бюджеттің құрылымы: 1.бюджет түсімдері – кірістер, бюджет кредиттерін өтеу салалары, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар, салықтық түсімдер, мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер.2.бюджет шығыстары – шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу.3.бюджет тапшылығы (профицит).4.дефицит.

Ұлттық қор. ҚР-ның ұлттық қоры әлеуметтік-экономикалық салаларды қандай да бір тәуекелден, дағдарыстан, төтенше жағдайлардан сақтап қалу мақсатында құрылады. Оның негізгі функциясы: жинақтау, тұрақтандыру. Ұлттық қорды қалыптастыру көздері. ҚР-ның ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер. Мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтары (корпоративтік табыс салығы, үстеме табыс салығы, т.б.). Республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру, өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер. 59. Мемлекеттің қаржылық қызметі

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді.Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады. Сол немесе өзге функциялардың мазмұны, рөліне және іс - қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару / атқарушы - өкімші қызмет / түрінде жүзеге асыралады.Мемлекеттің биліктің жоғары органы-Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы-маслихаттар.Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы - өкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді. Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға” Мемлекеттің іс - қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттерін Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу: - қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”

- мемлекет кірістерінің көздеріне”

- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына

- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады”:

1. Орталықтандырылған мемлекетті қорларға ”мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары / әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады /.Ерікті негіздерді жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекттік қарыздар, ақшалай – заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар – депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттің ақша қаражаттары бөлген кезде мына әдістерді ажыратады” қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру / несиелендіру / - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма – қол ақшасыз және қолма – қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорондармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады. Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді.

Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктергк және банктік топтарға бөлуге болады.Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар. Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады. Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме.Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттары мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді. Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше. Еншілес банк – жарғылық қордың 50 / - нан астамы бас банкіге тиесіле, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме. Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады.Бұрынғы мамандандырылған банктері / Тұран – банк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанк, Әлембанк, Халық банкі / республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған кқммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды / мысалға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б. / Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады. Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылым болады. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келеді. Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы.Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б. мамандандырылған. Қазақстандағы соғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді, Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ. 1988 – жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттардың /жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді қосқанда / филиал саны 39,7 мыңға теңесті.Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады. АҚШ – тағы банк жүйесі біршама өзгеше құрылған.Штаттардың заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылады.Сондықтан, кейбір штаттар қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар ашуға рұқсат береді, өзгелері – штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілеоі бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады.Бірде – бір банк өз штатынын тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды.Осыған сәкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы. Банк бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм дәсүрінең және ірі банктердің монополиялық қоқынышынан келіп туындайды.Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты / өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс аудару және т.б. / банк филиалдарының торабы тез арада өсуде” 1970 – жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін. Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке” бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Теріс жағы ретінде мұнда бас кңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады. Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады” банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен.Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырылған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді. Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді.Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс. Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы. Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі – бюджеттердің және ҚР ұлттық қорының жиынтығы. Бюджет қаражаты – мемлекеттің ақша және өзге де активтердің (затқа айналдырылған, мемлекетке тиесілі) жұмсалуы, бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер. Бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар. Бюджеттік процестер – ҚР –ның бюджеттік заңнамасымен регламенттелген (айқындалған) мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу, мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекеттік, бюджеттік мониторинг жүргізу, және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі. 1.  Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер  арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиеттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.      Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арасындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. Мемлекеттік бюджеттің  келесідей ерекше белгілері бар: - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру  мақсатында  қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады; - құнды жасау және оны тұтыну процесін  жүзеге асыратын  материалдық өндіріс қаржысынан  және құнды тұтынуға қызмет ететін  өндірістік емес сфера қаржысынан  мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; - қоғамдық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді. Бюджет сонымен қатар  мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні  бүгінгі уақытта  мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол  мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді. Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына  негізделіп қалыптасады. Бюджеттің бірлігі қағидасы   бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ  бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын   сипаттайды. Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді. Нақтылық немесе реалистік қағидасы  жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы  мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді. Осыған орай, мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі рөлі айқындалады. Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері.    Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының  арасында бөлістіреді. 3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады. Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.

Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады. 1996 жылдан бастап мемлкеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады. Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді: 1.    Салықтық түсімдер ( 75% жуық) 2.    Салықтық емес  түсімдер ( 11 % жуық) 3.    Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%) 4.    ырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%) Екінші бөлім  «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді: 1.    Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық)

2.    Қорғаныс саласы (5%)

3.    Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %)

4.    Білім ( 18%)

5.     Денсаулық сақтау( 14%)

6.    Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%)

7.    Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына  ( 3%)

8.    Отын –энергетика кешені ( 1 %)

9.    Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы  ( 3%)

10.    Тау –кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары)

11.    Көлік және байланыс ( 0,1%)

12.    Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%)

13.    Үкіметтің резервті қоры (15 %) Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы  әлеуметтік –мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлекеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. Үшінші бөлім «Несиелеу шегерілген несиені жабу»  бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаражаттары кіреді. Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының  арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі  қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағаннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ: •    Ішкі қаржыландыру  – мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы •    Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы

Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне  байланысты. Бюджеттің жіктелуі - бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді:

Ø    Санат (категория)

Ø    сынып

Ø    сыныпша

Ø    ерекшелік

Шығындар санатына (категориясына)  келесілер жатады:

ü    ағымдық шығындар

ü    капиталдық шығындар

ü    несие беру

ü    қаржыландыру

Сынып, сыныпша және  ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды Мысалы, жымысшылардың еңбек ақы қоры  – бұл жұмысшылардың еңбек ақысын білдіреді. Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді. Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға: §    мемлекеттік тұтыну шығындары  (экономикалық  және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары) §    төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі

§    транспорттық төлемдер

§    мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражатттары

Капиталдық шығындарға мемлекеттік  запастар мен резервтік қаражаттарды құрумен, негізгі қорлармен, материалдық емес активтерге бюджеттік қаражаттардың бөлінуімен байланысты шығындар жатады.  Оларға жаңа құрылысқа, мемлекеттік меншіктегі субъектлерді дамытуға бөлінетін қаржылар, инвестициялық субсидиялар, ұзақ мерзімді несиелер, инвесторларға мемлекеттік кепілдік шығындары жатады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы капиталдық шығындар жеке блок ретіндеанықталып, олардың жиынтығы даму бюджетін құрайды. Экономикалық мәні және мазмұны бойынша мемлекеттік шығындар біркелкі емес. Экономикалық мазмұны бойынша олар үш негізгі топтарға бөлінеді: 1)    материалдық өндіріспен тікелей байлансты және өндірістік аяға жататын шығындар 2)     өндірістік емес аяның шығындары 3)    мемлекеттік резервтерді құру шығындары Шығындардың бірінші тобы  мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты Шығындардың екінші тобы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Қаржылар мекемені ұстап тұруға, жалпылай жарықтандыруға, денсаулық сақтау саласына, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, әлеуметтік қамтамасыдандыруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттің  қорғаныс саласымен, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсайтын шығындары осы топқа кіреді. Мемлекеттік шығындардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға байлансты. Олар  күтпеген төтенше жағдайларда  материалдық және материалдық емес аяның  қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты (стихиялық жағдайлар, шығындарды орнына келтіру, үздіксіз қамтамасыз ету).

Пәндік нысаны (мақсаттылығы) бойынша  мемлекеттік шығындар келесі түрлерге бөлінеді.

•    Экономикаға шығындар

•    әлеуметтік-мәдени шараларға шығындар

•    Ғылымға шығындар

•    Қорғанысқа саласына шығындар

•    Басқару шығындары

Аймақтық нысаны бойынша  мемлекеттік шығындар  экономикалық аймақтар бойынша шығындарға бөлінеді.

Салалық нысаны бойынша шығындар  материалдық өндіріс аясындағы шығындарға (өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда салаларындағы шығындар) және  материалдық өндіріс аясындағы шығындарға ( білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қорғаныс және басқару саласындағы шығындарға) бөлінеді. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар:

1.    Шаруашылық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол  жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі. 2.    Бюджеттік қаржыландыру.  Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер  бюджеттік деп аталады. Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар: •    Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады •    Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша  бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. •     Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.

    Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік;бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі. Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар  арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында  бос қалдыруы мүмкін.  Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар  мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады. Тапшылық –  шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың  мүмкін деңгейі   мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс. Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың  жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады: - ел экономикасындағы жалпы өндірістің құлдырауы - қоғамдық өндіріс шығындарыны артуы - тауар массасын жаппайтын айналымға  ақшаның  көптеп шығарылуы - экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік ығындардың басым болуы - әскери -өнеркәсіптік кешенді ұстап тұруға, басқаруға жұмсалатын қаржылар көлемінің көп болуы - «жасырын» экономиканың айнылымының ірі көлемді болуы - ұлттық шаруашыытағы өндірістік емес шығындардың артуы. Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар: - Мемлекеттік займдар - салық салудың артуы - ақша эмиссиясы. Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға  негізделеді: 1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалдық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы  және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекетте жүзеге асыру қажет. Осының нәтижесінде жиынтық сұраныс кеміп, өндіріс көлемі одан әрі кемиді. Ал бюджеттік артықшылық жағдайында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады:  салық мөлшерлерін төмендетеді немесе мемлекеттік шығындарды арттырады, немесе аталған шараларды бірге қолданады. Аталған шаралардың кез-келгенінде де инфляция деңгейі артады. 2.    Циклдық негізде теңгерілетін бюджет.  Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал  экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары  құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады. 3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін   жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде  тапшылық өзі-өзі қаржыландырады. Циклдық негізде  және функциялық  қаржы тұжырымдамасында бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттарына тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру Бюджеттік құрылымға бюджет жүйесінің құрылуы мен ұйымдастырылу қағидалары жатады. Ол заң актлерімен бекітіліп, мемлекеттік құрылыммен анықталады. Бюджетттік құрылымға келесі түсініктер кіреді:

•    Бюджет жүйесі

•    Бюджет құқығы

•    Бюджет үрдісі

•    Бюджеттік реттеу

Бюджеттік құрылым бюджеттің жеке түрлері арасында кірістер мен шығыстардың бөлістірілуін қарастырады. Мемлекеттің тұрақтылығын қалыптастыруда жергілікті  бюджет жүйесінің маңызы зор.  Оның негізін жергілікті салықтар мен займдар құрайды. Жергілікті бюджет шығындарының басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаттары арқылы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық шығындары, жол жөндеуге кеткен, қала ішін көріктендіру шығындары кіреді. Жергілікті бюджеттің шығындары ағымдық және капиталдық шығындарға бөлінеді. Ағымдық шығындар көп жағдайда жергілікті салықтар мен орталық бюджетт субсидиялары арқылы жабылатын болса, капиталдық шығыгндар- займдар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті салықтардың өзі үш топқа, мүліке салынатын салықтар, көлікке салынатын салықтар және жалпы салықтар тобынан тұрады. Сонымен қатар, жегілікті жанама салықтарды да айта кеткен жөн (жанар-жағар майға, спирттік ішімдіктерге, кең қолданыстағы тауарларға салықтар). Жергілікті бюджеттің кірісіндегі басты үлесті салықтық емес түсімдер құрайды. Оған жергілікті билік органдарының меншігіндегі жерлерді жалға беруден немесе жерді сатудан, коммуналдық кәсіпорындардан түсетін түсімдер немесе айып пұлдар жатады. Бюджеттік құқық мемлекеттің бюджет жүйесін, бюджетті құру бойынша мемлекеттік және жергілікті билік органдарының міндеттерін сонымен қатар бюджеттің бекітілуі мен атқарылу тәртібін   айқындайтын заңды нормалардың жиынтығын береді. Бюджеттің құқықтық негізі елдің конституцциясымен анықталған.Көптеген меамлекеттер бюджеттік құқық қатынасында жергілікті билік органдарының құқығын сақтауға бағытталады. Бюджеттік құқық экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген барлық бюджеттердің жиынтығын береді.

ҚР бюджеттік жүйесінің құрамына:

- республикалық бюджет

-    жергілікті бюджет: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер

Республикалық бюджеттің орындалуына бақылауды Есеп комитеті жүргізеді ал, жергілікті бюджетті сәйкес жергілікті деңгейдегі тексеріс комиссиясы, сонымен қатар ҚР қаржы министрлігі мен оның өкілетті органдары жүргізеді 61.Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.

1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидалары Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз. Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі. Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады. Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне –оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады.. Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады: - ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы; - мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру. Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады: 1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру 2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру 3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру 4. Өндірістің ішкі резервтерінің – еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау. 5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою. Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады: - реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы; - алдын ала ескертушілік сипаты; - әрекеттілік, нақтылық, жариялылық; - бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты; - бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі. 2. Қаржылық бақылаудың жіктелуі Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді: -жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік); -қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б. ) Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау. Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау. Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты. Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі. Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: v Алдын –ала бақылау v Кейінгі бақылау Алдын –ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Кейінгі қаржылық бақылау есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін және қаржылық стратегияның тиімді жүзеге асырылуын бағалау үшін қолданылады Қаржылық бақылау жүргізілу әдістері бойынша келесілерге бөлінеді: ü Тексеру ü Зерттеу ü Экономикалық талдау ü Тексеріс ü қадағалау Тексеру қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру. Зерттеу – кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі. Қадағалау қаржылық қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т.б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады. Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды. Экономикалық талдау бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау. Тексеріс (ревизия) қаржылық бақылаудың кең тараған түріне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу. Субъектінің шаруашылық қызметін қамтуына байланысты тексерістің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: § Толық § Іріктемелі § Тақырыптық § Нақтылы Толық тексеріс бақылау объектісінің шаруашылық қызметінің бүкіл қызметін тексеруді айтады. Іріктемелі тексеріске субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бір бөлігі ғана тексерілуі жатады. Тақырыптық тексеріс бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде, қаржы –шаруашылық қызметтің жеке мәселелеріне сәйкес жүргізіледі. Нақтылы тексеріс тек құжаттарды ғана емес сонымен қатар кәсіпорынның қаражаттарын, материалдық, еңбектік құндылықтарына да бақылау жүргізеді. Қаржылық және шаруашылық операцияларды қамту деңгейіне байланысты тексерістің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: Ø Жалпылай Ø Іріктеулі Ø Кешенді Жалпы тексеріс қарастырылып отырған кезеңде белгілі бір объектінің барлық операцияларын тексеруді айтады. Іріктеулі тексеріс белгілі бір уақыт аралығында бастапқы құжаттардың белгілі бір таңдаулы бөлігін тексеруді айтады. Мысалы, бір кварталдағы бір айды тексеру. Кешенді тексеріс қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі бір қызметін жаппай әдіспен, ал кейбір бөлігін іріктеулі әдіспен тексеруді айтады. Тексерістің бұл түрі ірі шаруашылық операциялардың қызметін тексеруде және ірі құжат айналымы бар шаруашылықтар қызметінде қолданылады. Аудиторлық бақылау Аудиторлық бақылау– тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасаған келісім –шарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай –күйін тексеру. Аудиттің экономикалық табиғаты бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты. Осыған сәйкес тәуелсіз фирмалар тексерісі арқылы объективті ақпараттар алу бүгінгі таңда кәсіпорын үшін маңызды болып табылады.Аудиторлық тексеріске деген қажеттілік акционерлік капитал, банк аясы, сенім қорлары сонымен қатар өтімділік, несиелік, валюталық және тағы басқа тәуекел түрлері жиі орын алатын шаруашылық субъектлердің аясында жиі туындайды. Аудиттік тексеріс келесідей кезеңмен жүзеге асырылады: 1) жоспарлау (екі тараптың іс-қимылын ішкі жүйеге келтірумен); 2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау; 3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны дайындау; 4) бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері; 5) аудит рәсімін жүргізу; 6) аудиторлық қорытындыны ұйымдастыру. Аудиторлық қызметтің нәтижелері – аудитормен куәландырылған, құқықтық маңызы бар арнайы құжатттың сапасына байланысты болады. Бұл құжат –тексеріс актісі, анықтамасы деп аталып, шаруашылық субъектінің құжаттарының, бухгалтерлік есебінің заң мен талапқа сәйкестігі туралы тұжырымдар жинағы бейнеленеді. Аудиторларға тексеруге берілетін құжаттар мен мәліметтердің нақтылығына шаруашылық субъектісі жауап береді.

Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субъектілерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті – елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілік - әкімшілік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы – уақыт талап еткен қажеттілік болды.

Өндірістік күштердің өркениетті дамуы тәжрибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін көрсетеді. Бұған тек қана қабылдаған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы мен оларға бекітілген жекеменшікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет. Бақылау басқару тетігі болғандықтан басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық заңдылықтарымен анықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.

«Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған. Француз тілінен аударғанда «бақылау» сөзі бірнәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.

Ревизиялық – бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау дер түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект, объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.

Бұл бақылау – басқарылушы объектілердің жұмысын тексеруші және бақылап отыратын, әрі басқарушы тетік екенін білдіреді.

Бақылау элементтері оның жетістікке жету мақсатында біртүтас бақылау жүйесін құрайды.

а) бақылау субъектісі (кім бақылайды);

б) бақылау объектісі (кімді бақылайды);

в) бақылау заты (нені бақылайды);

г) бақылау принципі;

д) бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды);

е) бақылау техникасы мен технологиясы;

ж) бақылау үдерісі;

з) бақылау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу;

и) бақылау қорытындысы мен оған жұмсалған шығын:

к) бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъект;

л) бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шешім;

Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағысымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі.

Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі нормативтік – құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады.

Қаржылық бақылау – заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Қаржылық бақылаудың ең негізі мақсаттарының бірі – кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылы ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылы саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.

Бақылаудың қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөлінуі үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу ескертеді.

Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:

а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;

б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;

в) үкіметтік, ведомстволық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттеу.

ретінде кондырмалық санаты болып саналады.

Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық – экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады.

Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:

  • мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру;

  • заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;

  • экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;

  • бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау;

  • кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;

  • қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің қызметтің пайдалылығын арттыруды анықтау;

  • ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтауды тексеру;

  • қаржылық тәртіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын алу шаралары және оны жоюды анықтау.

Қаржылық бақылаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

  1. Бақылау қызметтерінің субъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік;

  2. Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, технологиялық, экономикалық, басқарушылық технологиялық, экологиялық, заңдылық және т.б.;

  3. Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;

  4. Бақылау нысаны; аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу шолуы талдау, қаржылық – бухгалтерлік сараптама:

  5. Өткізу мерзімі: алдын ала, жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуелдік;

  6. Қамтау толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камерельдық, операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктелуі, бір және көп мәнді;

  7. Бақылаудың түрлері: орындалудың бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;

  8. Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғвйласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;

  9. Бақылаудың кезеңдігі: бір жолды, қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылумен, яғни субьектіні, обьектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компоненттерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы мойындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар саналады:

1.Бақылауды жүзеге асыратын мамандар –бақылау субьектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.

2. Бақылау обьектісі. Ол курделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау обьектісінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.

3.Бақылаудың әдістемесі яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және оны қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни бақылаудың тепе-теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.

Қаржылық бақылаудың негізгі түрлерін айқынырақ қараймыз:

1.Ревизия-мемлекеттік, ведомстволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдылығын, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.

Субьектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстармен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.

Ревизияның ауқымы өкілетті органның нақты мақсатымен және оны өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.

Ревизия –ведомстволық,жоспардан тыс, жоспарлары, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.

2. Аудит классикалық түсінікте-сол кәсіпорында жұмыс істемейтін дипломды тәуелсіз аудитормен (бухгалтермен) жүзеге асатын қаржылық бақылаудың сыртқы тәуелсіз түрі. Оның мақсаты білікті маманның белгілі бір критериге сәйкестілік деңгейін белгілейтін және экономикалық іс пен оқиға туралы обьективті, толық, анықты, алдын ала ойластырылмаған пікір мен қорытындыларды тапсырыскерге немес сол қорытындыларды алуға мүдделі пайдаланушыға беру.

Аудиттің түрлері, нұсқалары, теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық және ұйымдық негіздері мен тұрпаттары қаржылық бақылаудың нысаны мен қаралатын бағыттарына байланысты білімнің тереңделуіне орай нақтыланып, толықтырылады.

3. Дерек көздері жөніндегі аудит пен ревизияны өткізудің негізі болып құжатты және нақты бақылауды айырады.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырыуымен, яғни субъектіні, обектіні нақты белгілеуімен, бақылаудың компоненттерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістерімен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы орындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар табылады:

  • Бақылауды жүзеге асыратын мамандар – бақылау субъектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.

  • Бақылау объектісі. Ол күрделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау объектісінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.

Бақылаудың әдістемесі, яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және оны қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни, бақылаудың тепе-теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық бақылауы мен тереңдетілген аудитінің ақпараттық базасының құрылымы, олардың қызметінің мазмұнымен шарттасады.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, тексеріліп отырған объект мына белгілер бойынша жіктеледі:

  • функционалдық тағайындалым бойынша - жоспарлы, нормативті, есептілік алу, есептен, тыс, талдауы;

  • жинау көдері және өңлеу жеңгейі – бастапқы, аралық, нәтижелік, визуалды (көзбен шола) бақылаулар;

  • қажетті мәлімет көлемі бойынша – кешенді, тақырытық және жекелей;

  • бейнелеу әдісі бойынша – мәтіндік, сандық алфавиттік, алфавитті – сандық, шартты, және графикалық;

  • ұсыну насаны бойынша – ауызша, жазбаша, машиналық, машиналық емес, телефонды, магниттік таспалар және дискілер, аудио және видио кассеталар және т.с.с.;