Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852.48 Кб
Скачать

55.Қр ішкі істер органдары.

Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар Жарлығымен және оларға қайшы келмейтін өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Соларға сәйкес ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, адамның және азаматтың құқығын, қоға мүддесіне және мемлекетке қылмыстық және өзге де заңға қарсы қастандықтың алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі атқарушы және өкімдік функцияларды жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады: қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмыстық және өзге де құқық бұзудың алдын алу, айғақтау, жолын кесу; қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру; әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу; кәмелетке толмағандардың панасыздығын және құқық бұзуын айғақтау және болдырмау; жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау жасау; төлқұжат және визалық жұмыстарды іске асыру, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау; заң белгілеген басқа да міндеттер.

Қазіргі кезде ішкі істер органдарының жүйесінде: криминалдық полиция, әкімшілік полиция және өзге де қызмет полициялары, сондай-ақ әскери-тергеу органдары және Ішкі істер министрлігінің әскери құрама мәртебесі бар әскери полициясы бар.

Қойылған міндеттерге сәйкес ішкі істер органдарының кең өкілеттіктері бар. Олар мыналарды іске асыра алады: азаматтардан қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді; құқық бұзуға жол бермейді, оның ішінде заңда белгіленген жағдайларда оны күш қолдану және қару жұмсау арқылы тыяды; қылмыстың жасалғанына сезік туғанда және әкімшілік құқық бұзылған кезде құжаттарды тексереді; құқық бұзушыны күзетпен ұстайды; жедел-іздестіру шараларын жүргізеді; өз құзыреттеріне жататын істер бойынша анықтау жүргізеді; әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік жазалау шараларын қолданады, адамгершілік қасиет пен қоғамдық имандылықты қорлайтындай, удай мас адамдарды арнайы медициналық сауықтыру орындарына жеткізеді және күзетпен ұстайды; белгіленген тәртіп бойынша адамдардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қабылдағандығын куәлендіреді; жоғалған азаматтарды іздестіру шараларын жүзеге асырады.

Қатардағы және кіші басшылық құрамына 32 жастан аспайтын, орта және аға басшылық құрамына 40 жастан аспайтын азасаттар қабылданады.

56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.

Қаржы полициясы агенттігі ҚР-ның құқық қорғау органдарының жүйесіне кіреді.

Қаржы полициясы агенттігінің негізгі функциялары: криминогенді жедел жағдайларды талдау және болжамдау; қаржының және өзге де экономикалық қылмыстар жасауға себеп болатын жағдайларды зерттеу және оларды болдырмаудың тиімді шараларын жасау; неғұрлым күрделі қаржылық және басқа да экономикалық қылмыстарды тексеру; жедел-іздестіру бөлімшелерінің жедел қызметін жоспарлау және үйлестріу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржылық және экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі барлық мәселелер бойынша халықаралық міндеттемелерін орындау.

Қаржы полициясы органдарының қызметін ұйымдастыруға сондай-ақ мынадай арнайы қағидалар тән: біртұтастық және орталықтандыру, тәуелсіздік және дара басшылық, құпия сақтаушылық, қызметтің жариялылық және жариылылық емес әдістерін үйлестіру.

Қаржы полициясы органдарының жүйесін Қаржы полициясы агенттігі, оған бағындырылған аумақтық органдар, оқу орындары және функционалдық қызметті қамтамасыз етуе қажетті басқа да бөлімшелер құрайды. Қаржы полициясына жалпы басшылықты, қылмыстық-процессуалдық және жедел-іздестіруді қоспағанда, қаржы полициясы агенттігінің төрағасы жүргізеді. Төрағаны Үкімет қызметке тағайындайды және босатады. Агенттік төрағасы өзінің орынбасарын және облыстар бойынша басқармалардың бастықтарын қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады. Қаржы полициясының қызметі Үкімет бекіткен ережеге сәйкес ұйымдастырылады.