
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Сот төрелігі конституциялық қағидаларға – сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы қағидалары жатады.
Бұған қоса, оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен: 1) Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, 2) Судья сот төрелігін жұзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады, 3) Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады, 4) Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді, 5) Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар, 6) Сот төрелігін жүзеге асыруда судья мынадай ережелерді басшылыққа алады: бір құқықбұзушылық ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес; қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдануға жол берілмейді. 7) Сот төрелігінің қауіпсіздік презумпциясы қағидаларын ерекше атап өту керек. Оның мәні адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
ҚР-ның Әділет министрлігінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі 1999 жылы 2 тамызда қабылдаған осы министрлік туралы Ережеде бекітілген. Бір жағынан Әділет министрлігі Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган, ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдерге, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілеріне және Әділет министрінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады. Екінші жағынан, өз құрылымын вертикалды ұйымдастыратын атқарушы биліктің құрылымдық бөлімшесі бола тұра, Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарына басшылық етеді, республиканың барлық аумағында біртұтас құқықтық саясатты жүзеге асырады, заңдарды реформалау жағдайында үйлестіру қызметін атқарады.
Әділет министрлігіне дамудың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын жасауға және жүзеге асыруға қатысумен қатар, мынадай негізгі міндеттер жүктеледі: 1) заң жобалау жұмысын, заңдарды сараптауды, жетілдіруді, жүйелеуді жүргізу; 2) нормативтік актілерге құқықтық сараптама; 3) құқықтық көмек ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету; 4) құқықтық насихатты және құқықтық жаппай оқуды ұйымдық-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Жүйесі. Әділет министрлігінің орталық аппараты департаменттерден, басқармалардан және негізгі міндеттерді қамтамасыз ететін өзге де құрылымдардан тұрады.
Әділеттің құқық қорғау қызметі жүйесінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» заңымен реттелетін нотариат қызметінің алатын орны ерекше. Осы заңға сәйкес нотариат дегеніміз-ол жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесін нотариалдық әрекеттер арқылы қорғаудың бекітілген жүйесі. Осы құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ осы заңда қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады. Мәселен, нотариус мынадай нотариалдық қызметтерді іске асырады: мәмілелерді куәлендіреді; заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын куәлендіреді; мұрагерлік мүліктерді қорғауға шаралар қолданады; құжатттар көшірмелерінің дұрыстығын куәлендіреді; құжаттарға қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәлендіреді; аударманың дұрыстығын куәлендіреді; дәлелдерді қамтамасыз етеді және т.б.